Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда


Мен өз ісіме сендім, себебі



Pdf көрінісі
бет47/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ

Мен өз ісіме сендім, себебі
жағдайды талдап, өнімімнің керек екеніне көз
жеткіздім.
Егер сіз нарықты зерттеп, бəсекелестерді көріп, өнімді
танып оны қанша адам сатып ала алатынын есептесеңіз
жəне тауардын сұранысқа ие екеніне көз жеткізсеңіз,
сіздің кəсібіңіз міндетті түрде өрлейді. Егер сіз адамдарға
қолжетімді бағамен сапасы жақсы өнім ұсынсаңыз жəне
əлденені бəсекелестерге қарағанда жақсырақ жасасаңыз
(жылдамырақ, сенімдірек, ыңғайлырақ) – нарықта
үлесіңіздің болары сөзсіз.
Жаңа істі қолға алғанда сатып алушылардың
түрлі санаттарға бөлінетінін түсіну маңызды:
– ең жаңа мен озықты қалайтын новаторлар –
олар аз;
– əрдайым бір нəрсені сатып алуға үйренген
консерваторлар;
– прагматиктер, эстеттер, пікір көшбасшылары.
Олардың əрқайсысына жол табу керек.


Тек өз клиентіңізді табуыңыз керек. Егер сіз
бəсекелестерден 
ерекшеленіп, 
сатып 
алушыларға
артықшылық ұсынсаңыз, міндетті түрде жетістікке
жетесіз. 
Бизнесте өз идеяңа деген сенім іс жүзіндегі
аргументтерге негізделуі тиіс.
Бастысы: 
жетістік 
кепілінің 
50 
пайызы
жоспарлауға байланысты.
Егер өз стратегияңды сауатты
жоспарласаң, барлық қажетті ресурстар мен адамдарды
тартсаң, бизнесіңнің үлгісін анықтасаң, содан кейін ғана іс
бастасаң, бəрі міндетті түрде сəтті болады!
Нартəуекел
ARMAN компаниясын ашқан кезімде пəтерімді сатуға
мəжбүр болғаныммен қаражаттың жетіспеуінен басқа,
өмірімде өзге де маңызды жəйттер болды. Ұлым дүниеге
келді, отбасы үшін жауапкершілік артты. Дəл сол кезде
бəсекелестермен кезекті тартыстан кейін мен жансақтау
бөліміне түсіп, ауруханада тұтас бір ай жаттым. Барлық
жəйттер бір жылдың ішінде болды. Бəріне бірден төтеп
беру, бизнесті дамыту, бала өсіру, денсаулықты түзеу оңай
болмады. Беріле салатын сəт еді. Адамдардың көпшілігі
солай істер еді, алайда мен нені қолға алсам да, соңына
дейін жеткіземін. «Бізді өлтірмегеннің бəрі бізді мықты
ете түседі» демей ме? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет