Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда


бизнесті бастау үшін көп ақшаның болуы міндетті емес



Pdf көрінісі
бет36/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ
9Ә эл.почтаWord
бизнесті
бастау үшін көп ақшаның болуы міндетті емес.
Ол үшін
үш нəрсе жеткілікті – болашағы бар тамаша идея, оны
қалай жүзеге асыруға болатыны жайлы пайым жəне осы
мақсатта көмектесе алатындармен келісе білу. Кəсіпкердің
ерекшелігі де осында
. Егер он адам шалшық суға қарап
– тоғызы шалшықты көрсе, біреуі ғана айдың сəулесін
байқайды.
Сен барлығы қарайтын дүниелерге қарайсың
да, 
басқалармен 
салыстырғанда 
одан 
да 
мол
мүмкіндіктерді көресің.
Өз ісіңіздің чемпионы болыңыз. Кімде кім жылдам
əрі ерекше ойлай білсе, сол жеңіске жетеді.
Мен ұялы байланыс дүкендерінің желісін құру
бойынша идеямды үш жыл бойы, 1998-2001 жыл
аралығында жүзеге асырдым. Тіпті, Стокгольм бизнес-
мектебіндегі дипломдық жобамның тақырыбы «Ұялы
телефон сатылымы бойынша желі құру» деп аталды. Осы
уақыт ішінде біз жылдам ауқымды бизнес ашып, кейін
оны тиімді шарттармен сатып жібердік. Мен ерте ме, кеш
пе ақшасы, квоталары, өндірушілердің кеңселерімен
байланыстары бар мəскеуліктер келіп, бəрін тік


тұрғызатынын түсіндім, бірнеше жылдан кейін солай
болды да. Біз ол нарықтан табыс тауып, ол өрлеп тұрған
кезде пайдамен шығып кеттік. Нарықтан дер кезінде
шығып кету – ол да өнер. 
Сондықтан кəсіпкерлер үшін
бизнесті қалай бастайтыны жəне одан дер кезінде
шығуы бойынша стратегия жасау өте маңызды.
Бизнесті мына қасиетсіз бастауға болмайды. Ол –
өз ісіңе деген құштарлық. Мейлі, кішкентай кəсіп
немесе үлкен холдинг ашуды жоспарласаңыз да,
құштарлықсыз бəрі бекершілік.
Өз нарығыңды қалай жасау керек?
Менен «немен айналысқан дұрыс, əлі ешкім
игермеген қандай істі таңдаған жөн?», – деп жиі сұрайды.
Алдымен бағытты бағамдағанда нарыққа мұқият болуға
кеңес беремін: көбірек тындап, бар ықыласпен қарап,
адамдарға жақын болып, олардың қажеттіліктерін түсіне
білу қажет. Бизнес құруда бастысы, дəл осы нарық
қажеттіліктері, яғни сұраныс ұсыныс туғызады.
Нарықтағы 
қанағаттандырылмаған 
қажеттілікті
табыңыз: қандай да бір жақсы өнім жоқ па немесе ол бар,
алайда қымбат па немесе қолжетімді бағамен де бар,
алайда оны жеткізуге қатысты қиындықтар болса – осы
мəселені дамытумен жəне жақсартумен айналысыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет