қымбат көлік алуың керек, себебі сол арқылы деңгейің
жоғарылайды» деп ойлайды.
Алайда, адамдар өздерін жұрттың ақыл-парасатына,
кəсіби біліктілігіне қарап бағалайтынын түсінгенде ғана
бақытты əрі тəуелсіз өмір сүре алады. Дербес, ешкімге
бағынышты болмай ғұмыр кешу деген – көп нəрсені
аңғартады. Білім алуға, біліктілігіңізді арттыруға ақша
жинай бастайсыз, сол арқылы жоғары жалақы төленетін
кадрға айналасыз. Өзге елдерде оқып, ой-өрісіңді арттыру
қажет. Егер адам жұмыс таңдау мен қозғалысына таңдау
жасай алатын болса, онда міндетті түрде табысқа жетеді.
Адамдарға жеткізгім келетін тағы бір нəрсе:
мемлекетке иек артпаңыздар, өз өмірлеріңізді өздеріңіз
жеке бастарыңызбен жоспарлаңыздар, ертеңгі күндеріңіз
үшін ақша жинаңыздар жəне оны тұрақты табыс əкелетін
іске салыңыздар. Ең бастысы, не алсаңыздар да несиеге
ұрынбаңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: