Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда


Forbes Kazakhstan басылымы



Pdf көрінісі
бет80/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ
9Ә эл.почтаWord
Forbes Kazakhstan басылымы
желтоқсан, 2015 ж.
Жаңғыртылатын энергия көздерін дамыту үшін
инвестицияның да жаңғыртылған көздері қажет. Оны
бүгінде шетелдік инвесторлар ғана бере алады. Өкінішке
орай Қазақстан асығар емес.
– Елестетіп көріңізші, сізге бүкіл əлем қолданып
жүрген ұшатын автомобиль берді де: «бұл жерде жүргенге
қарағанда тиімді əрі ыңғайлы, ұша беріңіз» десе. Ал сіз
оны қалай басқару керектігін тіпті елестете де алмайсыз.
Кəсіби ұшқыш та, қажетті жанармай да, белгіленген
кеңістік те, бекітілген ережесі де, ештеңесі жоқ. Сіз оны
қолданар ма едіңіз? Жоқ. Жаңғыртылатын энергия
көздерінде де сол секілді жағдай.
Президент қаулысымен біз жаңғыртылған энергия
көздерінің үлесін 2020 жылға дейін жалпы энергия
генеарциясының 3 пайызына дейін жеткізу қажетпіз.
Алайда, бұл көрсеткіш қазір бар болғаны 1 пайыз ғана,
Жаңғыртылатын энергия көздерін Қазақстан нарығында
дамыту үшін неге баса мəн берген жөн?
– Мемлекет басшысы əлемдік маңызды трендтерді
жəне онан шығудың жолдарын көріп отыр. Алайда,
мемлекет барлық жобаны бір мезетте қаржыландыра
алмайды. Сондықтан инвестиция тарту үшін оның ішінде
жеке инвесторларды шақыру үшін, қолайлы механиздер
жасап, жағдайды жөнге келтіру керек. Соған сай,
президент тиісті органдарға қажетті тапсырмаларды берді.
Алайда, атқарушы орган алдымен инвесторларды тартуға
қажетті тиісті заңның өзін жөндеп жаза алмай отыр. Ал
сырттан инвестор келмесе, технологиясын əкелмесе онда
нəтиже күтудің де керегі жоқ. Сондықтан алдымен əлемдік
үздік тəжірибелерге негізделген заң керек.


Екіншіден, мемлекет пен жаңғыртылатын энергия
көздері сарапшылық қауымдастығы (ЖЭК) арасында
тəуелсіз коммуникация мен өзара іс-қимылдың арнасын
(Үкімет, Парламент) жасау қажет. Сол арқылы болып
жатқан құбылыстардың шынайы картинасын біліп
отыруға болады.
Үшіншіден, жүктелген тапсырмалардың орындалуын
бақылап отыратын механизм жасап шығу керек. Онда да
нəтижені бағалауға қатаң қарау қажет. Артылған міндетті
атқара алмады ма, орнынан босату керек. Жаңғыртылатын
энергия көздері мəселесімен осымен бар болғаны 4 жыл
ішінде 3 министр айналысты. Бір орында жылжымай
тұрғанымыз осыдан.
Ал əлемде бұл мəселені жүзеге асыруда үлкен
жұмыстар əлдеқашан басталып кетті, көптеген елдер
табысты əрі шұғыл əрекет етіп, оны өздерінің
экономикасына бейімдеп алды. Жаңғыртылатын энергия
көздеріне көшу – ұсыныс емес, шынайы қажеттілік.
Үнемдеу жағынан ғана емес, себебі алғашында жасыл
экономика бастамасын ұсынғандарды, бұл қадамға
жаһандық мəселелер итермелеген. Экономиканың қазіргі
моделі мен жер қойнауындағы байлықтарды тоқтаусыз
қазу, қоршаған орта мен адамзатқа шексіз зиянын əкеліп
жатыр. Ол кемшіліктің орнын келесі толқын ұрпақ та
қалпына келтіре алмайды. Айтпақшы осы мəселе Парижде
өткен конференцияда қызу талқыланды. Оған қатысушы
бүкіл ел нақты шешімдер күтуде.
Бұл ретте Қазақстан өзінің үлкен үлесін қоса алады.
Себебі, табиғи əрі климаттық мүмкіндіктері зор. Бізде
экологиялық таза энергия алу үшін жел мен күннің үлкен
потенциалы бар. Осыны толығымен қолдану керек.
Себебі, жаңғыртылатын энергия көздері – болашағы бар,
экологиялық таза, мұның соңында үлкен болашақ бар.
«ЖЭК: инвестициялар мен технологиялар – екі еселік
əсерге кепіл болу» – Бизнес&Власть баспасы
желтоқсан, 2015 ж.


Кемеңгерлік
Серікбай мына екі кітаптан мысал келтіргенді жақсы
көреді. «Үшінші əлемнен біріншіге» жəне «Өзінің
«феррариін» сатқан тақуа». Алғашқы кітаптың авторы Ли
Куан Ю тəуелсіз Сингапурдың алғашқы премьер-министрі
болған. Ол өзінің жасайтын бүкіл əрекетін əрбір қадамына
дейін 35 жыл бойы жазып отырған. Ал екінші кітаптың
авторы Робин Шарма, миллионер адвокаттың өмірі туралы
жазған. Онда бас кейіпкер қатты науқастанып, ештеңеге
қызығушылығы қалмайды. Сосын қолындағы бар
дүниесін сатып, өмірдің мəнін іздеу үшін Шығысқа
аттанады.
Екі кітап та бір қарағанда, қарапайым, əдеттегі əдеби
шығарма секілді көрінгенімен, онан үйренеріміз көп,
«Əркімнің арманын ойлап, қаншама секундтарыңды
жоғалту арқылы сен өз өміріңдегi қайта келмейтін
уақытты жоғалтып жатсың», – деп жазады тақуа. «Бұл
тура мен туралы ғой», – деп күледі Серікбай.
Сингапурдағы жағдайдың да жақсылап тұрып
қарасақ, біздің өмірімізге қатысы бар. Елді Ли Куан Ю
басқарып тұрған кезде, жалпы ішкі өнім көрсеткіші əр
азаматтың жан басына шаққанда 400$ көлемінде болған.
Ал қазір бұл бірде-бір пайдалы қазба байлықтарының
жоқтығына қарамастан, ең жоғары дамыған, өмір сүруге
қолайлы əрі əлемдегі жемқорлықтан мүлде ада ел.
Сингапурлық ғажайыпты жасаушының рецепті оп-
оңай секілді. Бірақ жұмыс істеп тұр! Мəселен, Сингапур
жемқорлықты жеңе білді. Көптеген өзгеріске заң арқылы
қол жеткізді… Соттарда «айыпталушы өз қаражатына
өмір сүрмеді жəне өзіне тиесілі емес нысанды иеленгісі
келгені, алайда оны алуға табысының жеткіліксіздігі негіз
ретінде» алынады. Соның өзі көрсетіп тұрғандай «күдікті
сосын пара алған» деген көзқараспен қарайды. Кəсіпкер
болса, мəселен мемлекетті біз көбіне трансұлтты
корпорация деп қарайық, онда ол өзінің менеджерлеріне


сол трансұлтты корпорация секілді жалақы төлеуі тиіс. Ал
айлық төмен болса, онда жемқорлықты біз ешқашан жеңе
алмаймыз.
Серікбай 
болса, 
Қазақстанның 
азиялық
жолбарыстардың тəжірбиесін кең көлемде қолданылып
жатыр деп есептейді. «Мəскеу əркез велосипед ойлап
тауып жатады, алайда оны қайта жасамай-ақ алгоритмінің
соңынан ере білу керек. Ал бізде соншама көп жоспарлар
құрып, көп əңгімелер айтылып жатады. Бұйрықтар беріп
жатады. «Отандық өнімдерді алыңыздар» дейді. Жалпы,
біздегі бизнестің 50%-ы мемлекеттік корпорациялар.
«Газпром», Роснефть» жəне т.б. құрайды. Алайда, олар
соған қарамастан барлық құрылғыны Батыс елдерінен
сатып алуда. Дегенмен бүкіл əлемге өнімін саудалап
отырған компания басшысы ретінде айтайын, мемлекеттік
корпорацияларға бізбен жұмыс істеу тиімсіз. Себебі,
шенеуніктерге біздің тауарды алған қызықты емес. Себебі,
4 есе арзан! Алайда оларды қызықтыратын өздерінің
қызығушылықтары бар. Бұл 10 немесе 20% арзандау
болса…»
Қағидалар
Серікбай өз жасына қарамастан өте жас көрінеді:
жағасы ашылған аппақ жейдесімен сингапурлық яппиға,
яғни жас кəсіпкерге көбірек ұқсайды.
Орын ауыстыруын ол рационалды себептермен
байланыстырады: «мен – көшпендімін! Тегімде ұлы
бабамның қаны ойнап тұр. Ғаламтордан оқып көріңіздер!
Дербісəлі Беркімбаев. Ол Прежевальскиге көмектескен
жəне Романовтардың 300 жылдығына шақырту алған
жалғыз қазақ», – дейді.
Алда көп iстер күтіп тұр. Кəсіпкер ауқымы тар
диспетчерлік жүйеден үлкен интеграция жүйесіне
өтпекші. 
Серікбай 
алға 
үлкен 
жоспар 
құрудан
қорықпайды. «8 жылдан кейін EPC – келісіміне қол
жеткіземіз, яғни зауыттар, авто жəне темір жолдар


құрылысы секілді жобалармен айналысатын басты
мердігер атану. Посткеңестік кеңістіктегі жобаларды
басқарушы менеджерлер бүгінде өте қат. Сондықтан
сондай персоналдар жасауға көп күш салудамыз. Себебі,
ол білімді рейдермен ала алмайсыз. Осындай біліктілік
болса, кез келген елде табысты жұмыс істеуге болады»,
Алайда, Серікбайдың басты мақсаты ақша жинау
емес. «Бай болып өмір сүрген адамның өмірі мəнсіз».
Келісемін. Өз балаларын да адам жəй ғана емес, өте қатты
жақсы көруі тиіс. Бұл дегеніміз оларға көлік, пəтер,
компания емес тек білім беру керек деген сөз. Өздерің
барып жұмыс істеңдер деу керек. Ал Серікбайдың
компаниясы ғаламдық апаттар мен аурулармен күресуге
жəрдемдеспекші.
Осы кезде неге екені белгісіз «ферарриін» сатқан
тақуа еске түседі.
«Көшпелі кəсіп» – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет