Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда


«Көшбасшылықтың айнымас 21 заңы» – Джон



Pdf көрінісі
бет83/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ
9Ә эл.почтаWord
6. «Көшбасшылықтың айнымас 21 заңы» – Джон
Максвелл
Автор басқалардың жетістіктері мен сəтсіздіктерін
мысал етіп, заңдардың мəнін ашады. Бəлкім, осы
заңдардың кейбірі өз өміріңіздің түрлі саласына жарап
қалар! Бұл кітаптың өз мансап жолыңызды бастауға жақсы
түрткі боларына сенімдімін.
7. «Бизнес жолы: Джек Уэлч. Əлемнің ең ұлы
менеджмент королінің 10 құпиясы» – Стюарт Крейнер
Бұл əрбір бизнесмен үшін «жол картасы» секілді.
Одан менеджмент стратегияларының сипаттамасын,
басқару құпияларын жəне жетістікке жету үшін қандай
адамдармен араласу керектігін білесіз. Оқуға кеңес
беремін!
8. «Бай əке, жарлы əке» – Роберт Киосаки
Қаржылық сауаттылықтың классикасына айналған,
қолдан түсірмей оқитын кітап. Өз ісіңізді бастамас бұрын
оқып шығуға кеңес беремін.
9. «Табысты болудың ұстанымдары» – Коносуке
Мацусита
Matsushita Electric империясының негізін қалаушы өз
кітабында менеджментте, кез келген жұмыста жəне жалпы
өмірде жетістікке жетуге мүмкіндік беретін 105
ұстанымымен бөліседі.
10. «Феррариін сатқан тақуа» – Робин Шарма
Өз өмірін жақсы жаққа өзгерткісі келетін əрбір адам
оқуы тиіс кітап.


11. «Махаббаттың бес тілі» – Гэри Чепмен
Автор əрбір адамның өзіндік махаббат тілі бар деген
теория ұсынады. Олар бесеу: Мақтау, Көмек, Уақыт,
Сыйлықтар, Жанасу. Əркім махаббатын өзінше білдіреді,
тек сол тілді түсіне білу керек. Бұл қалай қарым-қатынас
құрып, адамдармен жұғыса білу туралы кеңестер.
«Махаббаттың бес тілі» кітабын əрбір отбасы оқып
шыққаны жөн.


АЛҒЫС АЙТАМЫН 
Бұл кітап өмірімнің əрбір кезеңдерінде маған күш берген, мені
қанаттандырып, қолдаған адамдардың арқасында жарыққа шықты.
Алдымен бұл – менің ата-анам. Менің бойыма маңызды отбасылық
құндылықтарды еккені үшін, маған əрдайым сенім білдіріп,
қателіктерімнен сабақ алып өмір сүруге, оқуға мүмкіндік бергені
үшін оларға алғысым шексіз. Сондай-ақ екі қарындасымның
болғанына қуанамын. Солардың арқасында мен бала кезден бөлісуді,
басқа адамдардың мүдделерімен санасуды үйрендім.
Мені мықты, өз бетімен шешім қабылдай алатын, сабырлы адам
етіп тəрбиелеген, өз мақсаттарыма жетуге үйреткен бапкерім Сергей
Николаевич Куденко мен сынып жетекшім Людмила Петровна
Сторожеваяға алғысым шексіз.
Маған Ленинград политехникалық институтын таңдауға
көмектескен ағам Қадырғали Қонысбайұлы Жаманбалинге рахмет
айтамын. Сол кезде жасаған дұрыс стратегиялық таңдауым өміріме
үлкен ықпалын тигізді.
Көп жыл бұрын Петербордың табысты бизнесмендерінің бірі
бола тұрып, маған яғни ісін жаңадан бастаған кəсіпкерге қолдау
көрсеткен Илья Кравцовқа алғыс айтамын. Осы бірлескен бизнестен
мен теңдесіз тəжірибе жинақтадым, өз идеямды жүзеге асырып,
дұрыс жолда екеніме көз жеткіздім.
Сонымен қатар менің білімімді жүйелеп, бойыма оқу мен
жетілуге деген құлшынысты еккен Стокгольм бизнес-мектебіне
алғыс айтамын. Ең бастысы, оқу орныма маған жаны жақын
адамдар ортасына түсіп, бүгінге дейін пайдаланып келе жатқан
мықты байланыстар орнатуыма көмектескені үшін алғыс білдіремін.
Кезінде маған сеніп, өмірде менімен бірге талай жағдайларды
бастан өткізген, ең сенімді серіктес əрі дос ретінде жанымнан
табылатын адам, серіктесім, пікірлесім Юрий Маркеловқа жекелей
алғыс айтамын.
Барлық əріптестеріме үлкен алғысымды білдіргім келеді. Arman
Holdings-те компаниямыздың миссиясын, мақсаттарын, мүдделері
мен мəдениетін сыйлайтын нағыз кəсіби шеберлер жұмыс істейді.
Бірігіп, біз армандарымызды жүзеге асырамыз жəне өзіміз өндіретін
байланыс жүйелері арқылы бұл əлемді қауіпсіз етеміз.
Пайымы, болмысы бөлек жан Самвел Аветисянға алғысым
шексіз. Онымен кез келген тақырыпқа (шарап, сигаралар,


маркетингтік амалдар туралы) əңгімелесу менің дүниетанымымды
кеңейте түседі.
Мен үшін əрдайым табысты бизнесменнің үлгісі болған Олег
Хусаеновқа көп рахмет. Оның жолы бизнесті тепе-теңдікке құрылған
жүйе ретінде құруыма ынталандырды. Сол кісінің арқасында қазір
еш қиналмастан жаңа жобаларға (оның ішінде осы кітап та бар)
ойыса беремін, ал компаниям өз бетімен алға жүре береді.
Сонымен қатар Ernst & Young компаниясына «Жыл кəсіпкері»
халықаралық байқауы үшін рахмет айтамын. Осы сайыста жеңіске
жетіп, мен күш-қуат алдым, өз күшіме деген сенімім молайды. Бұл
мені жаңа биіктерге жетуге, бұдан да ауқымды жобалармен
айналысуға, адамдарға көбірек пайда əкелуге ынталандырады.
Ең алдымен сонау «Ленинградтық кезеңдерден» бері яғни 25
жылдан астам уақыт бойы қасымда бірге келе жатқан Ерлан
Бажековке үлкен алғыс айтамын. Оның өзі жəне «Қаздизайн»
компаниясындағы командасы идеяларым мен ойларымды жүзеге
асыруда, сайт пен қатар əлеуметтік желіде парақшалар ашып,
теңдесіз көмек көрсетті.
Жұлдыз Шəріповаға да алғысым шексіз. Бастапқыда менің
идеямды қолдап, бүкіл шимайланған қолжазбамды оқып,
психология саласындағы тəуелсіз сарапшы ретінде бағалы кеңестер
берді. Ол осы кітапты жазуда ғана емес, «Жетістікке жету
Күнделігін» жасауға да үлкен септігін тигізді.
Сонымен қатар «Friends MG» командасына үлкен кəсіби
біліктілігі мен ерекше құлшынысы үшін алғыс айтамын. Əсіресе
бүкіл материалдарды редакциялаған Жұлдыз Сейсенбековаға үлкен
еңбегі 
үшін 
жəне 
кітаптың 
дизайнын 
безендірудегі
ұйымдастырушылық жұмыстарымен оны медиа-кеңістікке алып
шыққаны үшін Махаббат Есенге, кітаптың мұқабасын жасауда бүкіл
қиялымды жүзеге асыра білген Жанар Əшімге ерекше
ризашылығымды білдіргім келеді.
Сондай-ақ Мəдина Байболоваға оның жобама деген шынайы
қызығушылығы, оның осы кітаптың жарыққа шығуына мүмкіндік
берген қажырлы еңбегі мен шығармашылық қабілеті үшін алғыс
айтамын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет