Серікжан біләШҰЛЫ: Қазақстанда қытайшыл күштер біз ойлағаннан әлдеқайда қуатты Сайт Әкімшілігі



бет8/8
Дата15.05.2020
өлшемі23.69 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8
Серікжан Біләшұлы: – Қытайдағы қазақтардың жағдайы еліміздегі қазақтардың жаппай наразылығы, арыздануы және әлемдік қауымдастықтың, Қазақстан билігінің араласуымен шамалы ғана жақсарды. Әлі де сол аталмыш аты «саяси тәлім-тәрбие орталықтары», заты фашистік концлагерьлерде жүз мыңдаған қазақ  нақақ қамалып отыр деп сенеміз. Қытай билігі үшбу орталықтарды жаптық деп жариялағанымен, ендігі кезекте қазақтарды мәжбүрлі түрде ішкі Қытай өлкелеріне құлдық жұмысқа жегу үшін жөнелтуде. Малшы қазақтардың жайлау, қыстау, көктеу, күзеулік жерлерін, шаппалық және аграрлық жерлерін  «жайылым қорғау» және басқа сылтаумен  тартып алып болды, көшпенді қазақтарды мәжбүрлі түрде отырақтандырды. Қазақтарды мәжбүрлі түрде ішкі Қытайға жіберіп, ал ханзу ұлтына тегін үй, тегін жер беріп, Шығыс Түркістанға көшіріп жатыр.

«Жас Алаш»: – Егер Қытай үкіметі рұқсат етсе, Шығыс Түркістандағы қанша қазақ елге оралады деп ойлайсыз?

Серікжан Біләшұлы: – Қытай билігі рұқсат берген күнде Қытайдағы ең батыл, ең тәуекелшіл 20-30 пайыз қазақ Қазақстанға көшуге дайын деп сенемін. Мұның өзі 1 миллион қазақ деген сөз. Аз сан емес. Соңғы 4-5 жылдағы қызыл фашизмді көрген қазақтар үшін алғанда, Қазақстан деген – оларға демократия мен еркіндіктің баламасы деген сөз. Өкініштісі, жас буын қытайша оқып өсті. Қазіргі 30-40 жас арасындағы буынның өзі қытайласып үлгерді. Бірақ бұл буын – қазақылықтан жерімеген буын. Осы буын қытайланған жас буын мен Қазақстанды байланыстыратын алтын жіп. Осы жіп үзілсе, біткен жеріміз сол.

«Жас Алаш»: – Әңгімеңізге рақмет.

Сұхбаттасқан Тоқтар ЖАҚАШ

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет