Серікжан біләШҰЛЫ: Қазақстанда қытайшыл күштер біз ойлағаннан әлдеқайда қуатты Сайт Әкімшілігі



бет6/8
Дата15.05.2020
өлшемі23,69 Kb.
#68790
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Қазақстанда қытайшыл күштер

Серікжан Біләшұлы: – Ханзу халқы еңбекшіл, момын, бейбітшілік сүйгіш халық. Бұнысы жағынан Үндістан халқына ұқсайды. Миллиард Үндіде дін бар, демократия бар, миллиард Қытайда екеуі де жоқ. Өкініштісі, соңғы жетпіс жылда Қытай компартиясы бұл халықты әбден өзгертті. Тәрбиеледі. «Ми жуу»  деген сөз бар Қытайда. Қазіргі Қытай халқы санасы уланған, дінсізденген, рақымсызданған, жаулағыштық пиғылы асқынған, әлсіз, жат, бұратана қауымға өктем, озбыр бір таңғажайып қауым болып қалыптасып келеді, мәлім деңгейде қалыптасып та болды. Бұл сипаттары әлемдік екінші соғыс алдындағы неміс халқын, итальян не жапон халқын елестетеді. Ұлттық санасы коммунизм және фашизм  уларымен әбден уланған, тарихи жадысы жуылған, руханияты күйреген, бас амандығы мен қарын қамы үшін қысқа күнде қырық құбылып, қырық рет ұятын сатуға дайын болып көндірілген бұл қауым-миллиард тірі робот сынды. Бұл тұтас адамзат үшін үлкен қатер.

«Жас Алаш»: – Бізде бірнеше Қытайтану институттары жұмыс істейді. Ол институттар не себепті осы қатерлер жөнінде баспасөзде ашық жазып, үкіметке ұсыныстар өткізбейді?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет