Серікжан біләШҰЛЫ: Қазақстанда қытайшыл күштер біз ойлағаннан әлдеқайда қуатты Сайт Әкімшілігі



бет1/8
Дата15.05.2020
өлшемі23,69 Kb.
#68790
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Қазақстанда қытайшыл күштер


Серікжан БІЛӘШҰЛЫ: Қазақстанда қытайшыл күштер біз ойлағаннан әлдеқайда қуатты

Сайт Әкімшілігі - 16.04.20203386
 «Жас  Алаш»: – Серікжан Біләшұлы дегенде, кім-кімнің болсын көз алдына Қытай саясатына бітіспес дұшпан, қолы жағада кетер жау адамның образы келеді. Ол образды әлеуметтік желілерде «аттанбек», «айқайбек» етіп алған фейктер де баршылық. Алдымен мына нәрсенің басын ашып алайықшы: сіз, жалпы, Қытайға қарсы адамсыз ба, әлде Қытай коммунистерінің экспансиялық саясатына қарсысыз ба? Өзіңізді қандай адаммын деп ойлайсыз?

Серікжан Біләшұлы: – Мен Қытай халқын сыйлаймын, құрметтеймін.  Қытай билігіне де қарсылығым жоқ. Олардың ішкі істеріне араласқым да жоқ. Егер олар бүгін Қытайға қарасты болып қалған, ежелгі ата-бабасының тарихи қонысында отырған момын қазақтарды жаппай тұтқындап абақтыларға тоғытпағанда, мен оларға қарсы болмас едім. Сан мәрте ашық айтқанмын, тағы айтамын, егер Қытай билігі ондағы қазақтардың адамдық құқын таптауын доғарса, мен де тоқтаймын.

   Маған Қазақстан мен Қытай арасының жақсы болғаны, қазақтардың емін-еркін араласып-құраласып өмір сүргені керек. Өз басым саясат дегенді иттің етінен жек көремін. Өкініштісі, Қытайда күйеулері нақақ қамалып, өздері Қазақстанда тірі жесір болып қалған қазақ әйелдерінің көз жасы мені тыныш жатқызбады. Әкесі не анасы Қытайда қамалған, не ата-анасы түгелдей Қытайда заңсыз, нақақ, еш себепсіз қамалған, өздері Қазақстанда тірі жетім болып аңырап қалған сәбилер, жеткіншектер менің үнсіз қалуыма жол бермеді. Біз бұл мәселені көтердік. Шенді-шекпенді лауазымды тұлғалардың осы іске назар аударуын өтіндік. Тірі жетім, тірі жесірлерге көмектесуін сұрадық. Асыраушысыз қалған тірі жетім, тірі жесірлер күн санап көбейді. Керісінше, біздің құзырлы орындар үнсіз қала берді. Біз кімнің алдына бармадық. Бәріне жалындық, жалбарындық. Олар мүлде үнсіз қалды. Ләм-мим деп жақ ашпай қойды. Олар үнсіз қалған сайын Қытайда тұтқындалған қазақтардың саны көбейе түсті. Ақыры өзіміз ашық қарсы шығып, бел шеше кірісуге мәжбүр болдық.

   Ту баста Whatsapp желісінде «Аттан» деген 10 топ жасақтадық. Сол арқылы еліміздегі зиялы қауым өкілдері, тілшілер, саясаткерлер мен туыстары Қытайда қамалғандарды сол топтарда жүздестірдік. Қазақ қоғамы оянсын дедік. Лекциялар оқи бастадық. Жұрт ашыққа шығып, арыз бере бастады. Біз оны құзырлы мекемелерге жеткіздік. Жауап жоқ. Ақыры халықаралық ұйымдар мен халықаралық ірі ақпарат құралдарына ағылшын, француз, неміс, жапон, түрік, қытай, орыс тілдерінде хат жаза бастадық. Жұмыс осылай басталды. Шетелден тілші жауды. Бір күнде Америка, Германия, Франция, Бельгия тілшілерін қатар қабылдаған күндеріміз болды. Сөйтіп,  тұтас әлем Қытайдың Шыңжаң өлкесінде қазақ бар екенін білді. Және ол қазақтардың құқы қатты тапталып жатқанын білді. Мұнан ілгері, олар өздеріне бұрмаланып жеткен мақсатты-мақсатсыз ақпараттарға сай, Шығыс Түркістанда тек ұйғырлар тұрады деп келген.

     Біздің еңбегіміз – Шығыс Түркістандағы «қазақ мәселесін» әлемдік деңгейге жеткіздік. Соның бір нәтижесі – Сайрагүл Сауытбай оқиғасы. Сайрагүлді тұтқындап кеткенде, оның қайнысы ең алдымен мені іздеп келді. Оны бірден видеоға түсірдім. Бір сағатта батыс ақпаратын шу еткіздік. Сайрагүл ісі барысында маған қастандық та жасалды. Екі рет қолдан жасалған жол апатынан аман қалдық. 2019 жылдың наурызында мені Алматыдан тұтқындап, Астанаға алып кетті. Бес ай бес күн Астанада заңсыз үйқамақта болдым. Тұтқындаған сәтте олардың маған артқан кінәсі – Сайрагүлдің ісіне араласуым, оның адвокатын ауыстыруым. Оны сотта ашық жарияладым.



«Жас Алаш»: – Қытайда демократтар бар ма? Олар Қытайдың қазіргі ішкі және сыртқы саясатына қандай баға береді?



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет