«Жас Алаш»: – «Қытайшыл қауым» билік басында да бар деп ойлайсыз ба?
Серікжан Біләшұлы: – Біздің билеуші таптың құрамында Қытайдың қаржылық қолдауына сүйенетін топтардың бар екеніне еш күмәнім жоқ. Қытайға барып-келіп жүріп, біліп-білмей, «бақа-шаян жеп қойғандар» аз емес. Қытайдың бопсалауымен қытай үшін мәжбүрлі жұмыс жасап жүрген саяси тұлғалардың бар екеніне шүбәланбаймын.
«Жас Алаш»: – Сіз Қытайда туып-өстіңіз. Ханзу халқының мінез-құлқын, ниеті мен мақсаттарын бір кісідей жақсы білесіз. Бізге Қытайдан төнетін қауіп бар ма? Егер қауіп болса, одан қалай сақтануымыз керек?