Серікжан біләШҰЛЫ: Қазақстанда қытайшыл күштер біз ойлағаннан әлдеқайда қуатты Сайт Әкімшілігі



бет4/8
Дата15.05.2020
өлшемі23,69 Kb.
#68790
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Қазақстанда қытайшыл күштер

Серікжан Біләшұлы: – Қазақстанда қытайшыл күштер біз ойлағаннан әлдеқайда қуатты. Олар қаржы саласын түгел алып үлгерді. Мұнай, газ, түсті металл, тағы басқа қаншама байлығымыз олардың шеңгелінде. Енді олар жерімізді алмаққа жанталасса, бізде бермекке жанталасып отырған күштер бар. Қазақстандағы қытайтану факультеттері мен Конфуций институттары Қытай тарапының мүддесі үшін тікелей не жанамалай жұмыс жасауда. Батыста Конфуций институттарын жаппай жабуда, біз жаппай ашудамыз. Батыс Huawei-дің әскери тыңшылық құрылым екенін дәлелдеп, жаппай сақтыққа көшсе, біз оған «Қазақстандағы ең сенімді компания» сертификатын бердік. Батыста адамды бақылағыш HikVision компаниясын Шыңжаңдағы адам құқын өрескел таптауға, миллиондап фашистік концлагерьлерге қамауға қатысты деп жаппай шектеп жатқанда, біз оны Алматыдағы көше қозғалысын бақылауға пайдаланудамыз. Қытай ақыны Ли Бәйді қазақ жасап шығу, оның ішінде дулат тайпасынан деп жініккен бір топ бар ғой. Бұлар да біліп-білмей, Қытайдың қақпанын қапты. Тарихта болмаған Кехменер деген «ақынды» қазақ жасап шыққан, оны Қазақстан жерінде туды деп, жалған тарих жасаған Дүкен Мәсімханұлы секілді аталмыш «қытайтанушылардың» мақсаты қазір барған сайын анық бола түсті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет