Серіков Данияр, Көкшетау қаласы. Сұрақ



бет3/4
Дата22.05.2018
өлшемі0,55 Mb.
#40585
1   2   3   4

Жауап: Бүгінгі күні 1200 орындық мектеп құрылысына жоба дайындалды. Жоба ҚР Білім және ғылым министрлігіне 2018-2020 жылдары бюджетке қосу үшін ұсынылды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы ауысымда 150 келушіге арналған бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығының (емхана) құрылысы бойынша жоба әзірлеу үшін 20 миллион теңге бөлінді, бұл 2019 жылы аяқталады.

Сіздің елді мекенде халықтың саны 10 мыңнан асса да, аумағында өнеркәсіп орындары коммуналдық шаруашылық, мемлекеттік тұрғын үй қоры, оқу және мәдени-ағарту, емдеу мен сауда объектілерінің дамыған желісі бар болуы керек. Тек осы жағдайда қала статусын беруге болады.

Нұр Ғали (Facebook)

Сұрақ:Сәлеметсіз бе, Ақмол кентіндегі әскери бөлім маңайында коммуналдық қызметшілер қатты және басқа қалдықтар полигонын жасады. Бұлар 10 метрлік қашықтықтағы зиратқа ұшуда. Бұған қалайша жол берілген? Шара қолдануыңызды сұраймын.

Жауап: Иә, стихиялық қалдықтар қоймасы барлық елді мекендер үшін өзекті мәселе саналады. Мұндайға тұрғындардың өзі жол беретінін атап айтқым келеді.

Қолданылған шараларға қарамастан, әскери бөлім жанындағы бөгетке Ақмол тұрғындары қалдықтарды тастауды тоқтатар емес.

2017 жылдың 8 желтоқсанында Ақмола облысының қалалары мен елді мекендерін абаттандыру Ережесі бекітілді. Бұл тұрмыстық қалдықтарды шығару мен жинақтау ісін тәртіпке келтіреді.

Жергілікті атқару органдары күнделікті тексерістер жүргізіп, анықталған фактілер бойынша айыппұл салу, басқа да шараларды қолдануда. Бұл жұмыстар жергілікті полиция және экология департаментімен бірлесе атқарылады.

Қалдықтарды жинау мен тасымалдау ісімен «ТАЗА ЖОЛ ГРУП» аудан әкімдігіне аталған жерді тазалау, қалдықтарды зарарсыздандыру, қабылдау-сұрыптау пунктін ұйымдастыру және жер телімін бөлу мәселесіне қатысты ескерту хаты жолданды.

Самал Жарова (Facebook)

Сұрақ:Құрметті әкім, Мәлік Мырзалин біздің Қосшыға келіңіз!!! Біздің барлығымыз Көкшетауға келе алмаймыз!

Жауап:Шақырғандарыңыз үшін рахмет! Менің бір жылдық қызметімде сіздерде 4 рет болдым, 2017 жылдың сәуір, мамыр, қыркүйек және қараша айларында. Есепті кездесу барысы мен оның алдында қойылған сұрақтардың көптігіне байланысты жуырда Қосшыға баруды жоспарлап отырмын, сонда тұрғындармен кездесеміз.

Мила Фаткуллина (Facebook)

Сұрақ:Әкім саз-балшық басталғанда келсін. Жолдардың кедір-бұдырлары көрініп тұрады. Осы сәтте көлігінің жоқтығы, жарықсыз бағаналар қоқынышты. Жылдар бойы балансқа қойылмауы да күлкілі. Үйде шам жағатын болдық.

Жауап: Қосшыда кентішілік жолдар 185 км. құрайды. Оның ішінде асфальт төселгені 20 км, қиыршық тас төселгені 17 км, 148 км.топырақ жамылғылы.

2016 жылы 356,6 миллион теңгенің 3,6 км.жолы жөнделсе, 2017 жылы 153 миллион теңгенің 2,3 км. жолы жөнделді, ал 2018 жылы 27,3 миллион теңгенің жұмыстарын аяқтау көзделуде.

Бұған қосымша 2017 жылы төмендегідей жұмыстар атқарылды:

- «Аумақтарды дамыту» бағдарламасымен 4 миллион теңгеге 1,5 км.кентішілік жолдар ағымдағы жөндеуден өткізілді.

- 5 миллион теңгеге 1,3 км.жолдарды тәртіпке келтіру бойынша кентішілік жолдар ағымдағы жөндеуден өткізілді.

- Сарқырама өзені арқылы өтетін 350 м. жол 20 миллион теңгеге кеңейтілді.

- Кентішілік 14 км.жолды (452,6 миллион теңге) орташа жөндеудің ЖСҚ жасалып, салалық министрлікке бюджеттік тапсырыс берілді.

- 2018 жылы 12,5 км. аулалық-жол желілерінің құрылысы және 24 км. кентішілік жолдарды күрделі жөндеудың ЖСҚ дайындалатын болады.

Көшелерді жарықтандыру аудан әкімдіктерінің балансында, бұл мақсатқа жыл сайын жергілікті бюджеттен қаржы бөлінеді. Қосшыдағы көшелерді жарықтандыру желілерінің аумағы 31 км. құрайды, 2017 жылы 6 км. желіні жаңартуға 7,1 миллион теңге бөлініп, 246 қуат үнемдегіш лампалар ауыстырылды.

Сұрақ:Сәлеметсіз бе, Мәлік Кеңесбайұлы! Бұланды ауданынанмын, менің сізге сұрағым бар. Макинск қаласында көптеген жылдардан бері жүзу бассейнінің құрылысын аяқтауға уәде беріліп келеді. Біз қала жастарының өкілдері ретінде бассейннің аяқталуына көмектесуіңізді сұраймыз.

Жауап: Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жыл сайын жаңа спорттық нысандар ашылады. 2017 жылы Балқашин ауылында спорттық-сауықтыру кешені, Шортанды ауылында жүзу бассейні, Державинск қаласында стадион, Көкшетау, Степногорск, Аршалы және Целиноград аудандарында 40 спорт алаңы пайдалануға берілді.

Биыл біз бұл жұмысты жалғастырамыз. Макинск қаласында жүзу бассейнінің құрылысын аяқтауға 32 миллион теңге бөлінді. Биыл бұл нысан тапсырылатын болады.


Рябчевский, Степногорск қаласы.

Сұрақ:Мәлік Кеңесбайұлы, айтыңызшы, биыл Степногорск қаласынан Ақкөлге дейінгі жолды жөндеуді аяқтау жоспарланып отыр ма?

Жауап: Биылғы жылы «Степногорск-Ақкөл» аймақтық жолында жөндеу жұмыстары жалғасатын болады. Осы мақсаттар үшін облыстық бюджеттен 300 миллион теңге бөлінді.

Ерейментау қаласының коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Николай Алексеевич Кравченко.

Сұрақ:Біздің аймақтағы өмірдің барлық салаларын қамтитын осындай кең көлемді баяндаманы тыңдау мен үшін өте қуанышты болды және біздің халқымыздың игілігі жолында одан әрі даму мен жетістікке жетуді тілеймін. Менің сұрақтарым бар:

- Ерейментау қаласындағы мәдениет үйін қайта жөндеуді жоспарлап отырсыз ба?

- Ерейментау қаласындағы мектеп-лицейді кеңейтіп, қайта жаңарту жоспарланып отыр ма?

Медицина саласында ақшаны төлеу қажеттілігі себебінен кейде оны пайдалана алмайтын адамдарға сапасыз медициналық көмек көрсету жайы көрініс береді. Мынадай ұсыныс-тілегім бар:

Бірте-бірте тегін медициналық көмекке ауысу мүмкіндігі бар ма? Алдымен кейбір дәрі-дәрмектер, қандай

да бір қызмет түрі болса да, көп нәрсе жасалып жатыр, алайда, медицинаның тегін болуын қарастыру керек қой.

Жауап: Ерейментау ауданының бір ерекшелігі - киелі орындар көп, өзіндік ерекшелігі, шығармашылық әуесқой өнер топтары бар. Мен белгілі бір саланы дамыту үшін тиісті жағдайлар жасау қажет екеніне келісемін. Сондықтан, биылғы жылы облыстық мәдениет үйіне 145 миллион теңгенің күрделі жөндеу жұмыстары жүзеге асырылатын болады.

Сондай-ақ, Ерейментау қаласының №2 орта мектеп-лицейінің күрделі жөндеу жұмыстарына (мектепке дейінгі интернат) 102 миллион теңге бөлу жоспарланған.

Жалпы, барлығына тегін медициналық көмек көрсету мүмкін емес. Бүгінгі күні мемлекет тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етеді, оның шеңберінде тегін медициналық көмектің бір бөлігін алуға болады.

Сәлеметсіз бе, Мәлік Кеңесбайұлы! Мен Шортанды ауданынан Сыздықовпын. Біріншіден, біз сіздің есебіңізді өте мұқият тындадық, білеміз көп жұмыс атқарылғанын. Сіздің басшылығыңызбен жасалған жұмыстарды теледидардан, газеттерден көріп, оқып отырамыз, өте көп рахмет. Алдағы жылдарда да зор табыстар тілеймін.

Сұрақ:Құрметті Мәлік Кеңесбайұлы, менде бір сұрақ бар. Шортанды ауданының бірнеше елді мекені Астананың агломерациялық аймағына кірді.

Шортанды ауданында осыған байланысты қандай өзгерістер болатынын білгіміз келеді?

Жауап: Астана агломерациясының аумағына Бозайғыр ауылдық округі кіреді, ол Бозайғыр спутниктік ауыл ретінде анықталады.

Бозайғыр кентінде және Төңкеріс станциясында балабақшалар салу, Төңкеріс және Ключи селоларында парамедициналық және акушерлік пункттердің құрылысын салу жоспарлануда. Биылғы жылы балабақшалардың құрылысы басталғанда 30 миллион теңге, ал, ФАП-қа 74 миллион теңге бөлінді.



(Бейне қоңырау)

Сұрақ:Біз Біржан еліненбіз. Биыл Президентіміздің Жарлығымен біздің ауданға қазақтың біртуар ұлы Біржан сал есімі берілді. Еңбекшілдер ауданын Біржан сал ауданы деп атау біздің 25 жылдықтың игі жетістігі. Біржан сал ауданының және өзімнің атымнан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа үлкен рахмет айтамын. Құрметті Мәлік Кеңесбайұлы, өңірімізде Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында көп іс-шаралар жүзеге асып жатқанын білеміз. Сал-серілердің дәстүрін, оның ішінде Біржан салды насихаттау үшін облыста қандай іс-шаралар өткізу жос-парланып отыр? Рахмет!

Жауап: Осы жылдың сәуір айында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасына 1 жыл толады.

2017 жылы бұл салада көп жұмыстар атқарылды. Оны мен жаңа баяндамада айтып өттім.

Ақмола облысы атақты өнерпаздары мен сал-серілерін мақтан етеді. Облыста бұл бағытта көптеген іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Ауданға Біржан салдың атын берген кезде облыстық филармония сіздерге үлкен концертпен барды. Біржан сал атындағы музыка колледжі акция өткізді.

Осы жылы Бурабайда, Оқжетпестің қасында, «Біржан-Сара» операсы қойылады. Қазақ театры Біржан салға арналған спектакль қояды. Наурыз айында тарихи-өлкетану музейі көрме ұйымдастырады. Сиди-диск шығару да жоспарда бар.

Құрметті Мәлік Кеңесбайұлы,менің атым Арман Жүсіпов.



Сұрақ:Мен сіздермен жергілікті жолдарды жөндеуге байланыс-ты жұмыстарды білгім келеді. Балқашин-Шаңтөбе автожолын жөндеу ағымдағы жылы жалғасады ма?

Жауап: Иә, биыл автожолды ағымдағы жөндеу жұмыстарының 10 шақырым учаскесі қарастырылған.

Құрметті Мәлік Кеңесбайұлы!



Есіл аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы.

Сұрақ:Өткен жылы бұқаралық ақпарат құралдарында Бұзылық және Кеңбидайық су қоймаларын салу жобалары жария етілді. Бүгінгі күні аймақ үшін оларды іске асырудың нәтижесі қандай және қандай шаралар жүзеге асырылды?

Жауап: Астана, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарын баламалы сумен қамтамасыз ету үшін Мемлекет басшысы Бұзылық (1 миллиард текше метрден астам) және Кеңбидайық су қоймалары (150-200 миллион текше метр) құрылысын бастауды тапсырды.

Бұзылық су қоймасының құрылысы Солтүстік Қазақстан облысына Есіл өзенінің төменгі жағдайдағы ағынды суларын басқаруға мүмкіндік береді және Кеңбидайық су қоймасының құрылысы рекреациялық мақсатта ғана қарастырылады, яғни, туризм индус-триясын дамыту үшін.

Сонымен қатар, аталған жобаларды жүзеге асыру 25 мың гектарға жуық суармалы жерді айналымға шығаруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге арналған конкурстық рәсімдерді аяқтайды.



Аршалы ауданындағы Жібек Жолы селосының байырғы тұрғыны Петр Иванович Гуля.

Сұрақ:Бүгінде Жібек Жолы селосы Астананың қала маңындағы аймағында орналасқан. Ауылда қарқынды тұрғын үй құрылысы жүргізілуде, сонымен бірге, ауылда электр беру желісі жоқ. Біздің

ауылда электрмен жабдықтау желісін салу жоспарлануда ма? Рахмет.

Біздің ауылда электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы бойынша жұмыстар жоспарланған ба? Рахмет.

Жауап: 2017 жылы Жібек Жолы кентіндегі электрмен жабдықтау желілерін салу үшін ЖТЖ әзірленді. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне 1,2 миллиард теңге сомасында бюджеттік өтінім жіберілді.

Сұрақ:Мен балалары спорт саласында жүрген ата-аналар қауымының атынан сұрақ қойғым келеді. Қазіргі таңда спорттық бимен айналысамын дейтіндердің қатары күн санап артып келеді. Қазіргі таңда спорттың осы түрімен айналысып жүрген облысымызда көптеген талантты балалар баршылық. Олар халықаралық турнирлерде тек қана облыстың ғана емес, ел абыройын да асқақтатып жүргендігін мақтан тұтамыз. Алайда, бір түйткіл мәселе бар. Спорттың бұл түріне баулитын үйірмелердің барлығы ақылы. Талантты да талабы зор балалардың барлығының ата-аналары ақылы жаттығуларды төлеуге материалдық жағдайлары жоқ. Осы орайда, сізден облыс орталығындағы спорттық мектептердің бірінен аталмыш спорт түрінен бөлім ашып беру мәселесіне көңіл бөліп, қолдау берсеңіз деген өтінішіміз бар.

Жауап: Аталмыш мәселені қарастырып жатырмыз. Қазіргі таңда облыс орталығындағы мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорттық мектебіне жарты айлық жалақы мөлшерлемесінде спорттық биге баулитын жаттықтырушы-мұғалім жұмысқа орналасып, қазіргі кезде мектепте 12 бала жаттығуда. Таяуда тағы бір жаттықтырушы мұғалімді жұмысқа қабылдап, жаттығып жүрген балалардың санын 30-ға жеткізу жоспарда бар.

Қорғалжын ауылының Арықты ауылынанмын.

Сұрақ:Құрметті Мәлік Кеңесбайұлы! Біздің ауылға 1993 жылы медициналық пункт салынған болатын. Содан бері бірде-бір рет аталмыш мекемеге жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Осы мақсатта биылғы жылы қаржы бөлінеді ме екен?

Жауап: Биылғы жылы облыстық бюджеттен Арықты ауылында медициналық пунктті күрделі жөндеуге 27 миллион теңге бөлінді. Конкурстық рәсімдеу наурыз айынан басталады.

Светлана Леонидовна Гладченко, Атбасар қаласынан.

Сұрақ:Қайырлы күн. Құрметті Мәлік Кеңесбайұлы! Біз Атбасар қаласының тұрғындары көктем туса, үйлерімізді тасқын су басып кетпесе деген уайыммен жүреміз. Тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіру мәселесі Үкімет отырысында көтерілгенін жаңалықтардан естіп білдік.

Қала тұрғындары бұл бастаманы жаппай қолдап отыр. Осы орайда аталмыш мәселеге байланысты Сіздің ойыңызды өз аузыңыздан естісек деп едік.

Жауап: Иә, бұл мәселені де қарастырып жатырмыз, алдын ала есептеулер жүргізілді. Сарапшылардың пікіріне сүйенер болсақ, Атбасар қаласында су тасқынынан қорғайтын (жалпы ұзындығы 9,5) дамба тұрғындардың қауіпсіздік мәселесін түбегейлі шешпейді. Осыған орай, Ақмола облысының әкімдігі Атбасар қаласындағы жағалау маңында тұратын 528 отбасын (1800 адамнан астам) жаңа шағын ауданнан көппәтерлі тұрғын үйлер есебінен, Үкіметке баламалы және аз шығынды нұсқаны ұсыныс ретінде енгізді.

Сұрақ:Құрметті Мәлік Кеңесбайұлы! Біз әлгінде Сіз жасаған аналитикалық баяндаманы тыңдадық. Сіз өз сөзіңізде біз қызмет атқаратын мекемелердің басты бағыттарына тоқталып өтіп, 2018 жылдың басты перспективаларын атап өттіңіз. Көп рахмет Сізге. Урюпинск селолық округі ең үлкен округтердің бірі. Қояр сауалым, ағымдағы жылы бу қазандығының құрылысы қолға алынады ма?

Жауап: Үстіміздегі жылы Урюпинка селосында жылу жүйелері бар бу қазандығының құрылысы басталады. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 80 миллион теңге бөлініп отыр.

Бақыт Есләмұлы Қапаров

Сұрақ:Қазақстан мен Қытай билігі арасында 51 қытай кәсіпорнын біздің еліміздің аумағына ауыстыру туралы өзара келісім бар. Ақмола облысына неше кәсіпорынды орналастыру жоспарда бар? Оның шарттары қандай?

Жауап: Ақмола облысының аумағында ешқандай 51 кәсіпорын орналастырылған жоқ және жоспарланбаған.

«Шанс» мүгедектерді оңалту орталығы, Шиманский.

Сұрақ:Біз осы жылдан бастап әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік қызмет көрсетудің жаңа формасына көшеміз. Осыған орай менде мынадай сұрақ туындап отыр: Біздің облыста жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті мүгедектерге беру мүмкіндігі қарастырылған ба?

Жауап: Облыста жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу мәселесіне байланысты ақпараттық түсіндірме жұмыстары ұдайы жүргізіліп тұрады. Ағымдағы жылдың 28 ақпанында 1026 өтініш түскен. Олардың ішінде 949 отбасыға (4403 адам) 31,9 миллион теңгеге атаулы әлеуметтік көмек белгіленді. 810 отбасына 22,2 миллион теңге көлемінде қаражат берілді.

Сұрақ:Құрметті Мәлік Кеңесбайұлы, Сіз облыстағы тұрғын үй құрылысы жөнінде жақсы айттыңыз. Мен Державинск қаласының тұрғынымын, тұрғын үй кезегінде тұрғаныма бірталай жыл болды. Себебі, кезекте тұрғандар өте көп. Сұрайын дегенім, Державинск қаласындағы 60 және 75 пәтерлі тұрғын үйді қайта қалпына келтіруге биылғы жылы қаражат қарастырылған ба? Бұл біздің аудан үшін зор көмек болар еді.

Жауап: Аталмыш тұрғын үйлерді қалпына келтіру мәселесін аудан әкіміне мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы жүзеге асыруды тапсырамын. Мәселен осындай жолмен Көкшетау қаласында 3 үй қалыпқа келді.

Бүгінгі күні жергілікті бюджет есебінен Державинск қаласындағы Молодежный мөлтек ауданында орналасқан 60 пәтерлік тұрғын үйді қайта жабдықтау, аталмыш үйдің аумағын көгалдандыру, инженерлік желілерін салу үшін жобалық-сметалық құжаттары әзірленді. Екі жобаның жалпы сметалық құны 304 миллион теңге.



Сұрақ:Құрметті Мәлік Кеңесбайұлы! Мен ел ақсақалдарының атынан сөз алып отырмын. Біз Сізді былтыр Ұлыстың ұлы күні Наурыз тойында бірінші рет кездесіп қарсы алдық. Аталарымыз айтпақшы, қора төлге толған күн, төріміз жанға толған күні қарсы алып едік. Содан кейін бізді ел ақсақалдары деп қабылдап, Сізбен пікірлесіп қайттық. Сол жолы ұрпақ тәрбиесі, спорт мәселесі, кадр мәселелерін айтып едік. Жаңа Сіздің тамаша есебіңізді тыңдап, көңіліміз марқайып отыр. Жасыратыны жоқ, бізді алаңдататыны, жер мәселесі. Бұл бір. Тіршілік тамырына байланған осындай түйткіл мәселелердің күрмеуін шешетін кез келді. Екінші өзекті мәселелердің бірі газ мәселесі. Бұл да айта айта жауыр болған тақырып. Алайда, келер күннен үміттіміз. Тағы бір екпін түсе айта кететін жайт, Сіздің 4-5 орынбасарларыңыз бар. Бұл кісілер де өз қызметтері, атқарған міндеттері туралы есеп берсе екен деген тілегім бар. Біз қара халық ІІБ, прокуратура қызметінің басшыларын мүлдем танымаймыз олар халықпен кездеспейді. Көше атаулары қазақшаланды. Бұл үлкен игі іс болды.

Жауап: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасымен қарастырылған негізгі ережелерді ақпараттандыру облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында.

Жер қатынастары саласындағы мәселелерді ақпараттық жетелеу мақсатында медиа жоспар, құзыретті мемлекеттік органдар, қоғам қайраткерлері және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері облыстық жұмыс тобының құрамы бекітілді.

Ағымдағы жылы жер заңнамасына енгізілетін негізгі өзгерістерді халыққа түсіндіру бойынша уәкілетті органдармен жұмыс кеңестерін, облыс өңірлерінде баспасөз турларын, дөңгелек үстел жиындарын, ашық есік күндерін, брифингтер өткізу, сонымен қатар, ақпараттық танымдық материалдар әзірлеу жоспарланып отыр.

Облыс әкімдігі мен жер қатынастары бойынша уәкілетті органның ақпараттық порталдарында жер заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша бөлімдер ашылған.

Қазіргі уақытта Астанадағы Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінде ұсынылған жобалар шеңберінде, LNG негізінде Ақмола облысын кешенді газдандыру Қазақстан Республикасының солтүстік аймақтарын газдандыру жобасы шеңберінде «Global Gas Group» ЖШС-мен мемлекеттік жеке серіктестік арқылы жүзеге асырылады.

Бұл жоба облыстың 8 елді мекенін: Көкшетау, Зеренді, Щучинск, Степногорск, Бурабай, Макинск, Ақкөл, Шортанды аудандарын газдандыру қолға алынбақшы. Global Gas Group ЖШС-нің ақпараты бойынша ҚР Энергетика министрлігімен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеберінде келісімшарт жасасқаннан кейін, Көкшетау қаласын газбен жабдықтау жобасы 2020 жылы жүзеге асады деп жоспарлануда.

Сіздің облыс әкімі орынбасарлары есеп берсін деген ұсынысыңыз назарға алынды, бұл өте жақсы идея. Келесі жылы, қорытынды есеп беру кездесуінің алдында менің орынбасарларымның халыққа есеп беру кездесулері ұйымдастырылатын болады.

Сұрақ:Құрметті Мәлік Кеңесбайұлы! Егіндікөл ауданы бойынша Алакөл орта мектебіне күрделі жөндеу жүргізу мәселесі өткір тұр. 70 миллион теңгенің жобалық-сметалық құжаттамасы дайын.Биыл қаржыландыру мәселесі шешіле ме?

Жауап: Биылғы жылы облыстық бюджеттен Алакөл мектеп-бақшасының күрделі жөнделуіне 68,7 миллион теңге бөлінді. Жөндеу жұмыстары жаңа оқу жылына дейін жүргізіледі.

Сұрақ:Құрметті Мәлік Кеңесбайұлы! Мен Зеренді ауданындағы «Жас Отан» жастар қанатының белсендісімін. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев селолық округтердің өз бюджеті туралы заңға қол қойды.

Мұның біздің селолық округтерге не беретіндігі жөнінде айтып берсеңіз.

Жауап: 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап облыстың тұрғындар саны 2000 адамнан асатын 69 селолық округінде өзінің бюджеті енгізілді. Оны енгізу селолық округтердің тұрғындарына бірінші кезектегі проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.

Округ бюджетіне салықтың 6 түрі түседі, шығын 19 бағыт бойынша белгіленген.



Қорғалжын аудандық білім бөлімі.

Сұрақ:Бізде блоктық-модульдік қазандықтар қарастырылған ба?

Жауап: Мектеп ғимараттарынан қазандықтарды шығару облыс бойынша кезең-кезеңмен жүргізіледі. Бүгінге дейін 74 білім беру нысанында мәселе шешілген. Биылғы жылы 10 мектепте блоктық-модульдік қазандық орнату қарастырылған. Оған облыстық бюджеттен 193 миллион теңге бөлінді.

Сұрақ:Қайырлы күн! Менің сұрағым мынадай: 2018 жылы онкологиялық емхананың құрылысы жоспарланған, ал, қазіргі емхана не болады?

Жауап: Расында, биыл Көкшетау қаласында күніне 150 адам көріне алатын онкологиялық емхананың құрылысы басталады. Бұл үшін республикалық бюджеттен 2,2 миллиард теңге (2018 жылға 250 миллион теңге) бөлініп отыр.

Жаңа емхананы осы заманғы жаңа медициналық диагностикалық техникамен қамтамасыз ету көзделген, бұл – медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Жаңа нысан онкодиспансердің аумағында салынады. 110 төсек-орынға арналған қазіргі диспансер өзінің науқастарды емдейтін функциясын сақтап қалады.



Целиноград ауданының тұрғыны.

Сұрақ:Қараөткел ауылдық округінде электрмен жабдықтау мәселесі қай деңгейде шешілуде?

Аймақ бойынша су, жылумен жарыққа тарифтер өсіп отыр, мұның өзі қоғамда әлеуметтік шиеленіс туғызады. Біздің аймақта тарифтер қалай қалыптастырылады және оларды азайтудың мүмкіндігі бар ма?

Жауап: Қараөткел ауылының жаңа құрылыстар аумағында электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы 2016 жылы аяқталды. 2017 жылдан бастап кезең-кезеңмен тұрғын үйлерді электрмен жабдықтауға қосу басталды.

Табиғи монополиялар субъектілерінің коммуналдық қызметтеріне тарифтер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленеді. Тарифтерді қалыптастыру мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитетінің аумақтық департаменті уәкілетті орган болып табылады.

Аймақтарда электр қуатын тарату және соңғы тұтынушыға дейін тарифтерді азайту мақсатында Мемлекет басшысы Үкімет пен облыс әкімдіктеріне аймақтық электржелілері компанияларын ірілендіру жөнінде жұмыс жүргізуді тапсырды. Қазіргі уақытта орталық мемлекеттік органдар қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгертулер енгізуде.

Еңбек ардагері М.Рақымбергенов, Көкшетау қаласы.

Сұрақ:Мәлік Кеңесбайұлы, біз Сіздің баяндамаңызды тыңдап, Ақмола облысының барлық өңірлерін, соның ішінде Көкшетау қаласын одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамыту жөнінде зор жұмыстар жүргізіліп жатқандығына тағы бір айқын көз жеткіздік. Сіз облыс әкімі қызметіне кіріскенде өткен жылдың мамыр айындағы бір сөзіңізде жыл сайын сәуір айының аяғына қарай Қала күні мерекесін өткізетін боламыз деп айтып едіңіз. Менің мынадай ұсынысым бар. Сәуірдің аяғында ауа райы әр кезде бірдей, қала көшелерінде мұндай үлкен мерекені өткізуге мүмкіндік бере бермейді. Сондықтан, осы мереке жылдың жылы айларында өткізілсе. Екіншіден, мамыр айында мерекелер көп және олардың бәрі де маңызды мейрамдар.

Жауап: Мен сіз дұрыс айтып тұрсыз деп ойлаймын. Біздің ауа райы сәуір айында мұндай ауқымды шараларды өткізуге мұрсат бермейді. Сондықтан, Көкшетау қаласының әкімдігімен бірге бұл мәселені таяу арада шешетін боламыз.

Сұрақ:Президенттің салиқалы саясаты нәтижесінде қаламыз тұрақты түрде өсіп келеді. Көкшетау қаласындағы оң өзгерістер көңіл қуантады. Таудағы телемұнара жанында айналаны тамашалау алаңын ашқаныңызға қуаныштымын және қаланың әртүрлі бөліктерінде спорт алаңдары ашылып жатқанына ризамыз. Қазір немереммен бірге қыдырып, демалатын жерлер көбейді. Мынадай сұрақ: Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің жанындағы шағын скверде даңқты жерлесіміз Төлеген Сәбитұлы Досмағамбетовтің бюсті орнатылған. Осы сквер абаттандырылса жақсы болар еді. Бұл қаламыздың көркін аша түсер еді. Үлкен рахмет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет