Негізге алынатын стандарт – белгілі-бір салаға арналған жалпы және
жетекшілік жағдайларды қамтитын нормативтік құжат. Әдетте, ол стандарт
ретінде немесе әдістемелік құжат ретінде қолданылады. Бұл стандарт негізінде
басқа да стандарттар дайындалуы мүмкін. Негізге алынатын стандарт ретінде:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесінің «ҚР СТ 1.0-
2006. Негізгі ережелер» стандартын келтіруге болады.
Терминологиялық стандарт – терминдердің анықтамасы мен оларды
қолдану мысалдарын қамтитын нормативтік құжат.