117
4 МЕТРОЛОГИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ
Метрология дегеніміз
– өлшемдер, олардың бірлігімен талап етілетін,
дәлдігін қамтамасыз ететін әдістер мен құралдар туралы ғылым.
Адамдар қай уақытта болмасын, әрқашан өлшеу қажеттілігі туындайтын
ортада еңбек етеді. Мысалы, өлшеуге жататын ұғымдар – арақашықтық, уақыт,
салмақ, т.с.с. Адам мұндай мөлшерлік ақпаратсыз дұрыс әрекет ете алмайды
және негізделген шешімдер қабылдай алмайды.
Адам өзінің саналы ғұмырын ылғи есептеу, өлшеу, анықтау, мөлшерлеу
сияқты әрекеттермен өткізеді. Өйткені есепсіз жасалған әрекет көбіне,
ысыранды шешімдерге, бостан-бос төгілген қаржылық шығындарға әкеп
соғады.
Заманауи метрология ғылыми пән ретінде өзіне тән даму кезеңдерінен өтті.
Бастапқысы – отандық және шетел өлшем бірліктерінен эталондардан,
үлгілерден басталады, оны өлшеу ғылымы дейді.
Ғылыми прогрестің, техниканың және технологияның даму қарқыны
«бастапқы метрологияны» – өлшеу ғылымы пәрменін кеңейте түсіп, оны
физика ғылымының бір өзекті тарауына жеткізді.
Сөйтіп, ғылыми метрология аясына математикалық әдістер енгізіліп,
өнеркәсіпте заманауи жабдықтар құрылып, олардың мүмкіндігінде қоршаған
ортамызда болып жатқын құбылыстарды өлшейтін өлшеуіш
құралдары пайда
бола бастады.
Осы үрдісті академик А. П. Александров:
«Біздің заманға ең қажетті ғылым метрология, ол арқылы физикалық әлем
танудың фундамендалдық негізі құрылады, халықтың әл-ауқатының жетілуі де,
оған байланысты» – деп сипаттады.
Заманауи метрологияның:
– өлшеудің жалпы теориялық проблемаларын қарастыратын теориялық
метрология;
– тарихи метрология,
оның даму барысы;
– өзара байланысты жалпы ережелерді, талаптар мен нормаларды, сонымен
қатар мемлекет тарапынан бақылау мен регламенттеуді қажет ететін басқа да
мәселелерді қамтитын заңнамалық метрология;
– өлшеу құралдары мен әдістерді тәжірибелік қолдану мәселелерімен
айналысатын қолданбалы метрология сияқты түрлері бар.
Метрология өндіріс тиімділігін, техникалық деңгейді және өнім сапасын
жетілдіруде үлкен мәнге ие болуда. Ғылым мен техниканың дамуы өлшеу
дәлдігінің тұрақты түрде жоғарылауын талап етуде. Қазірдің өзінде адам
нанотехнологияны жасап шығарды, яғни молекулалар деңгейінде жұмыстар
жүргізілуде, бұл дегеніміз – микропроцессорлы техниканы жасап шығару. Сол
себепті метрологияны дамыту, метрологиялық ұйымдар мен қызметтердің
жұмысын жетілдіру сұрақтарына ғылыми-зерттеу институттарының, ғылыми-
өндірістік бірлестіктердің, өндірістік өнеркәсіптердің жетекшілері өте жоғары
деңгейде мән беру керек. Жаңа өнімді жасап шығарудың, технологиялық
үрдістерді дайындау мен үйренудің, өндірісті ұйымдастырудың бастапқы
118
кезеңдерінде метрологиялық қамтамасыздандырудың мәселелері шешілсе,
шығын азайып, тиімділік жоғарылайды.
Достарыңызбен бөлісу: