1.2. Сапа жүйесі (жоспарлау және тұтынушыға бағытталу) Бұл бөлім мекеменің сапа жүйесінің сипаттамасынан тұрады. Мекемеде
сапаны жоспарлауды қамтамасыз ету үшін құжат түрінде рәсімделген сапа
жүйесі болуы қажет.
Мұнда:
– қолданылған әдістер жазбаша түрде алынып, сәйкес күйде ұсталуы, яғни
актуалдануы қажет;
– белгіленген талаптар әдістемелік ережелерде, жұмысшы ережелерде,
сынау бойынша ережелерде сипатталуы қажет;
– құжатталған процедуралар мен ережелердің әсерлі қолданылуы
қамтамасыз етілуі қажет;
– сапаның бүкіл жүйесі тұтынушы сұранысын қамтамасыз етуге көзделуі
қажет.