-
өнеркәсіптік және өндірістік қауіпсіздік;
-
ғимараттарды, құрылыстарды және олардың территорияларына жататын
нысандарды пайдаланудағы қауіпсіздік;
-
өрт қауіпсіздігі;
-
биологиялық қауіпсіздік;
11
-
электромагнитті сыйымдылық;
-
экологиялық қауіпсіздік;
-
ядролық және радиациялық қауіпсіздік;
-
химиялық қауіпсіздік;
-
электрлік қауіпсіздік;
-
ақпараттық қауіпсіздік;
-
токсикологиялық қауіпсіздік;
-
өлшемдердің бірыңғайлығы;
-
азық-түлік тағамдарының қауіпсіздігі;
-
балалар тағамының қауіпсіздігі;
-
механикалық қауіпсіздік бағыттары бойынша жүргізіледі.
Қазақстан Республикасында қабылданған Техникалық регламенттерге:
1. Геофизика, геологиялық зерттеу, мұнай-газ және бұрғылау саласының
жабдықтарының қауіпсіздігіне арналған талаптар;
2. Қазақстан Республикасының территориясында қолдануға шығары-латын
автокөліктік құрылғылардың зиянды заттарына (ластаушы) арналған талаптар
туралы;
3. Автомобиль жолдарын жобалаудағы қауіпсіздік талаптары;
4. Автомобиль жолдарын пайдаланудағы қауіпсіздік талаптары;
5. Автокөліктік құрылғылардың қауіпсіздігіне арналған талаптар;
6. Өндіріс обьектеріндегі дабылдық түстерге, ескертулерге және қауіп-сіздік
белгілеріне арналған талаптар;
7. Өрт болған жағдайда адамдарды көшіруде басқаруға, автоматтан-
дырылған өрт дабыл қаққышының және автоматты өрт сөндіру жүйесінің
ғимараттарының, қоймаларының жабдықтарына арналған талаптар;
8. Баптауға, таңбалауға, этикеттеуге және олардың дұрыс салынуына
арналған талаптар;
9. Ғимараттарға, аумақтарға және оларға енетін территорияларға арналған
талаптар;
10. Құрылыс материалдарының, бұйымдарының және құрылымдарының
қауіпсіздігі;
11. Тұрмыстық химиялық тауарлар мен синтетикалық жуғыш заттардың
қауіпсіздігіне арналған талаптар;
12. Еріткіш заттар мен бояу материалдарының қауіпсіздігіне арналған
талаптар;
13.
Парфюмерлік
-
косметикалық өнімдердің қауіпсіздігіне арналған
талаптар;
14. Дәндердің қауіпсіздігіне арналған талаптар;
15. Ветеринарияда қолданылатын биологиялық препараттардың және
дәрілік құрылғылардың қауіпсіздігіне арналған талаптар;
16. Улы химикаттардың қауіпсіздігіне арналған талаптар;
17. Сәйкестікті бекіту процедуралары;
18. Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігіне арналған талаптар;
19. Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне арналған талаптар;
20. Крахмал және крахмал өнімдерінің, ұнтақтық өнеркәсіп өнімдерінің
12
қауіпсіздігіне арналған талаптар;
21. Жем және жемдік қосылыстардың қауіпсіздігіне арналған талаптар;
22. Тұрғындар қолданатын ауыз судың қауіпсіздігіне арналған талаптар;
23. Шырын және шырындық өнімдердің қауіпсіздігіне арналған талаптар;
24. Көкөністердің, жемістердің, тамырлық өнімдердің және оларды өңдеуге
арналған өнімдердің қауіпсіздігіне арналған талаптар;
25. Мұнай базалары мен жанармай құю бекеттерінің қауіпсіздігіне арналған
талаптар;
26. Емдік-профилактикалық, диеталық және балаларға арналған азық-түлік
тағамдарының қауіпсіздік талаптары;
27. Белгілі бір сыйымдылыққа құйылған ауыз судың қауіпсіздігіне арналған
талаптар;
28. Кондитерлік, нан және нан өнімдерінің қауіпсіздігіне арналған талаптар;
29. Тағамдық қосылыстардың, олардың өндірісі мен айналымының
қауіпсіздігіне арналған талаптар;
30. Жылу электр станцияларының қазандықтарында әртүрлі жанармайды
жаққандағы қоршаған орта эмиссияларының талаптары;
31. Балаларға арналған бұйымдар мен өнімдердің қауіпсіздік талаптары;
32. Жол салуға арналған құрылыс материалдарының қауіпсіздік талаптары;
33. Обьектілерді қорғауға арналған өрт сөндіру техникаларының қауіпсіздік
талаптары;
34. Желдету жүйелерінің қауіпсіздік талаптары;
35. Газ шығындарын есептейтін құрылғылар мен газ құю бекеттерінің
қауіпсіздік талаптары;
36. Металлургиялық өндіріс үрдістерінің қауіпсіздік талаптары;
37. Метрополитендердің қауіпсіздік талаптары;
38. Мұнай операцияларымен байланысты жердегі және теңіздегі өндірістік
обьектілер құрылысының қауіпсіздік талаптары;
39. Кернеуі төмен жабдықтардың қауіпсіздік талаптары;
40. Ыстық су және бу құбырларының қауіпсіздік талаптары;
41. Автоматтандырылмаған салмақ өлшеу құралдарының қауіпсіздік
талаптары;
42. Темір бетондық және бетондық құрылымдардың қауіпсіздік талаптары;
43. Металдық құрылымдардың қауіпсіздік талаптары;
44. Ағаштық құрылымдардың қауіпсіздік талаптары;
45. Басқа да материалдардан жасалған құрылымдардың қауіпсіздік
талаптары;
46. Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздік талаптары;
47. Ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының тракторларының,
машиналарының қауіпсіздік талаптары;
48. Ферроқорытпаларды өндірудегі қоршаған орта эмиссияларының
қауіпсіздік талаптары;
49. Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздік талаптары;
50. Май өнімдерінің қауіпсіздік талаптары;
51. Тағамға арналған биологиялық активті қосылыстардың қауіпсіздік
13
талаптары;
52. Байерлік пісіру әдісі арқылы саздарды өндірудегі қоршаған орта
эмиссияларының қауіпсіздік талаптары;
53. Шахталық көтергіш құрылғылардың қауіпсіздік талаптары;
54. Ашық әдіспен шашыранды, кенді және кенді емес ошақтарды дайындау
үрдістерінің қауіпсіздік талаптары;
55. Көтергіш көліктік құрылғылардың қауіпсіздік талаптары;
56. Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтардың қауіпсіздік талаптары;
57. Мұздатқыш компрессорлы стационарлы құрылғылардың қауіпсіздік
талаптары;
58. Су ысытатын және бу қазандықтарының қауіпсіздік талаптары;
59. Газбен қамту жүйесінің қауіпсіздік талаптары;
60. Өрт қауіпсіздігіне арналған жалпы талаптар;
61. Мазуттың, дизельдік жанармай мен бензиннің қауіпсіздік талаптары
62. Тыңайтқыштардың қауіпсіздік талаптары;
63. Медицинаға тағайындалған бұйымдар мен медициналық техникалардың
қауіпсіздік талаптары;
64.
Автомобильдік
транспорт
құрылғыларына
арналған
арнайы
сұйықтықтар мен майлардың қауіпсіздік талаптары;
65. Ауылшаруашылық шикізаттарын қайта өңдеуге арналған жабдықтардың
қауіпсіздік талаптары. Мал шаруашылығының өнімдері;
66. Ауылшаруашылық шикізаттарын қайта өңдеуге арналған жабдықтардың
қауіпсіздік талаптары. Өсімдік өнімдері;
67. Зерттеуге арналған ядролық құрылғылардың ядролық және радиациялық
қауіпсіздігі;
68. Атомдық станциялардың ядролық және радиациялық қауіпсіздігі;
69. Көмір мен оны өндірудегі өндірістік үрдістердің, қайта өңдеудің,
сақтаудың және тасымалдаудың қауіпсіздік талаптары;
70.
Теміржол транспорттары арқылы жолаушыларды, пошталық
жөнелтулерді, багаждары, жүк багаждарын, жүктерді тасымалдаудағы
қауіпсіздік талаптары;
71. Алкогольдік өнімдерге арналған қауіпсіздік талаптары кіреді.
Cтандарт негізгі нормативтік құжат болып табылады.
Стандарт (СТ) – бұл келісімдер негізінде дайындалған, құзыретті
органдармен бекітілген және белгілі-бір салада реттіліктің оптималды
деңгейіне қол жеткізуге бағытталған нормативтік құжат.
Стандартта әртүрлі қызмет түрлері мен олардың нәтижелеріне қатысты
жалпылай және көп қайтара қолдануға арналған жалпы қағидалар, ережелер
және сипаттамалар бекітіледі. Стандарт жалпы практикалық тәжірибелерге,
техникалық жетістіктерге және ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне негізделген
болуы тиіс.
Стандарттардан басқа, сонымен қатар стандарттау бойынша ұсыныстар,
стандарттаудың ережелері нормативтік құжаттар болып табылады. Қазақстан
Республикасының заңына сәйкес міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің
нормативтік құжаттарына ерекше талап қойылады.
14
Стандарттарды дайындаудың негізгі қағидалары: келісім, еріктілік,
қолжетімділік, экономикалық мақсаттылық.
Стандарттар құжаттар секілді ұсыныстық сипатқа ие, яғни олардың
орындалуы міндетті емес.
Бұдан нарықтық экономиканың қағидаларының бірі көрінеді
–
таңдау
бостандығының қағидасы, яғни тиым салудың санын мейлінше төмендету
ұсталуы тиіс. Өндірушілерге әсер ету жанама әдістермен, әсіресе,
экономикалық өлшемдер негізінде жүзеге асырылады.
Міндетті стандарттау арқылы әкімшілік жетекшіліктің жоқтығы
өнеркәсіптердің өз жұмыстарына жауапкершілігін жоғарылатады, олардан
өнеркәсіп ішіндегі ассоциацияларда, одақтарда және бірлестік ішінде қолдануға
арналған өздерінің жеке стандарттарын дайындауын талап етеді. Өнеркәсіптер
өз бизнестерінің бағыттарын жетекшілікке ала отырып, өздерінің шаруашылық
қызметтерін өз алдына реттеуге мүмкіндік алады, ол үшін саны мақсатты түрде
өсіп тұратын өздерінің жеке стандарттарын, нормативтік құжаттарын құра білуі
қажет.
Ерікті стандарттау барлық мүмкіндікке қол жеткізгендікті білдірмейді,
мүлде олай емес. Көптеген өндірісі дамыған елдерде бұл жүйе бұрыннан бері
жұмыс істеп келеді, онда мемлекеттік әкімшіліктік стандарттау мүлде
болмаған, мысалы, АҚШ-та. Нарықтық қағидаларға негізделген стандарттау
әкімшіліктік стандарттауға қарағанда, өте қатаң болып табылады. Нарықтың
заңдары өндірушілерге стандарт талаптарынан ауытқуға жол бермейді, яғни
тұтынушылар талап ететін өнім құрамының төмендеуіне алып келетін
жағдайларға, ал осындай жағдайлар орын алса, компания қаржылық
қиындықтардан құтыла алмайды.
Стандарттардың түрлері
–
негізгі стандарт, терминологиялық, бақылау
әдістеріне, өнімге, үрдіске, қызметке, әдістемелік жағдайларға, суреттейтін
жағдайларға арналып, бөліне береді.
Достарыңызбен бөлісу: |