Сертификаттау



Pdf көрінісі
бет229/310
Дата13.12.2021
өлшемі3,29 Mb.
#125798
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   310
Байланысты:
Bilim-Mendebaev-Stand-metr-sertif (1)

 
Бақылау сұрақтары: 
1.
 
Сапаға қол жеткізу үшін қандай факторлар қажет? 
2.
 
TQM дегеніміз не? 
3.
 
CALS стратегиясы дегеніміз не? 
4.
 
Э. Демингтің 14 принципін атаңыз? 
5. TQM негізгі принциптерінің мәні неде?
 


 
217 
9  ИСО  9000  СЕРИЯЛЫ  САПА  ЖҮЙЕСІНІҢ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ 
СТАНДАРТТАРЫ 
 
Сапаны  басқарудың  халықаралық  тәжірибесі  1987  жылдың  наурызында 
Стандарттау  бойынша  Халықаралық  ұйым  қабылдаған  ИСО  9000  сериялы 
халықаралық 
стандарттар 
жиынтығында 
белгіленген. 
1994 
жылы 
стандарттардың осы сериясының екінші басылымы шықты, 2000 жылы үшінші 
стандарттар,  2008  жылы  төртінші  стандарттар  сериясының  басылымы 
қабылданды. 
Стандарттау  бойынша  халықаралық  ұйымы  стандарттау  жөніндегі  ұлттық 
ұйымдардың  бүкіләлемдік  федерациясы  болып  табылады.  Халықаралық 
стандарттарды  дайындау  ең  алдымен,  халықаралық  сауданы  дамытуға, 
саудадағы  техникалық  кедергілерді  жоюға  бағытталады.  Сондай-ақ 
кәсіпорынның  сапа  жүйесінің  стандарттары  (9000  сериялы)  өндірушілерге 
деген  сенімділікті  орнатады,  кәсіпорынның  іс-әрекеттерін  реттеуге,  бизнесті 
әсерлі дамытуға мүмкіндік береді. 
Бұл  стандарттың  негізгі  мәні  неде?  ИСО-9000  сериялы  стандарттары  кез 
келген кәсіпорында  қандай да бір деңгейде  міндетті орындалатын  әрекеттерге 
бағытталуын  қамтитын  (келісімшартты  талдау,  құжаттамаларды  енгізу, 
шығарылатын өнімді бақылау) талаптар жиынтығы болып табылады. Бірақ бұл 
шаралар жүйесіз, эпизодты түрде жүргізіледі. Ал стандарттар осы әрекеттердің 
жүйелік  негізде,  құжатталған  процедуралар  негізінде  орындалуын,  нәтижені 
тіркеуді талап етеді. 
Бұл  стандарттардың  ерекшелігі  сәйкестікке  ерікті  қабылдануы  болып 
табылады, яғни өндіруші ИСО-9000 стандарттарына сәйкес немесе сәйкес емес 
түрде  сапа  жүйесін  құру  туралы  шешімді  өзі  қабылдайды.  Мұндай  шешімнен 
кейін  сол  стандарттардың  талаптарын  орындау  міндетті  болып  табылады. 
Көбінесе,  кәсіпорын  басшысы  сапа  жүйесін  тапсырушы  талабына  қарай 
енгізеді, яғни, тапсырыс перспективасы тиімді болып, бірақ келісімшарт жасау 
шарты  сертификатталған  сапа  жүйесі  болып  табылса,  кәсіпорын  стандарттың 
талаптарын  қолданбайды.  Ерікті  сертификаттау  тек  қандай  да  бір  талапқа 
сәйкестікті  анықтау  үшін  қолданылады.  Осы  мақсаттар  үшін  ИСО-9000 
стандарттары  енгізіледі.  ИСО-9000  сериялы  стандарттарын  әрекет  ету 
саласына, жеке меншік формасына, кәсіпорынның көлеміне тәуелсіз кез келген 
кәсіпорындарға қолдануға болады. 
ИСО-9000  талаптары  нақты  жасалуы  керек  жұмыстарға  негізделеді. 
Кәсіпорын  жұмыстың  қалай  жасалып,  бекітілетінін  өзі  анықтайды.  Сапа 
бойынша құжатталған процедуралар мен жазбалардың болуы туралы  талаптар 
көбінесе,  жұмысты  қайтадан  жасау  керектігін  қажет  етеді.  Стандарттарда 
тәжірибені,  кәсіпорын  дәстүрлерін  ескеру  мүмкіндіктері  бойынша  жалпы 
талаптар мен ұсыныстар ғана бар. Мысалы, 6.2.2-п е) ИСО-9001:2000 «мекеме 
персоналға  білім  беру,  дайындау,  оның  тәжірибелері  мен  дағдылары  туралы 
сәйкес  жазбаларды  жұмыс  күйінде  ұстауы  керек».  Кәсіпорын  мұндай 
жазбаларды  қызметкерлерінің  жеке  ісі  түрінде,  журнал  түрінде,  кадрлар 
бөліміндегі карточкалар түрінде пайдалана алады. 


 
218 
Бұл стандарттың ең маңызды қасиеттерінің бірі оның әмбебаптылығы, яғни 
барлық іс-әрекет түріне принципті пайдаланылуы болып табылады. ИСО 9000 
стандарттары  кәсіпорын  қандай  өнім  шығаратынына  немесе  қандай  қызмет 
көрсететініне  тәуелсіз  сапа  кепілдігін  қамтамасыз  ету  бойынша  жұмыстардың 
ұйымдастырылуы сәйкес болатын минималды талаптардан тұрады. Егер сапаны 
басқару жүйесі көрсетілген стандарттар талаптарына сәйкес келсе, онда қазіргі 
кезде  бұл  өнімді  шығару  немесе  талап  етілген  сапада  қызмет  көрсетуді 
қамтамасыз етуге кәсіпорынның қабілеттілігінің дәлелі ретінде қабылданады. 
ИСО 9000 халықаралық стандарттарының тағы бір ерекшелігі оның мекеме 
басшысының  сапа  үшін  жауапкершілік  деңгейін  бекітуі  болып  табылады. 
Кәсіпорын  басшылығы  сапа  аумағындағы  саясатты  жасауға,  сапаны  басқару 
жүйесін  дайындау,  енгізу  және  функциялау  жұмыстарына  жауап  береді.    Ол 
нақты анықталып, құжат түрінде рәсімделуі қажет. Басшылықтың міндеттеріне 
өндірістік,  бақылау-өлшеу  және  сынау  құрылғыларына  арналған,  сондай-ақ 
компьютерлік  техниканы  программалық  қамтамасыз  ету  үшін  қажетті 
ресурстарды  бөлу  және  мамандарды  іріктеп  алу  жатады.  Басшылық 
компетенцияның  талап  етілген  деңгейін  орнатуы  керек  және  персоналдың 
біліктілігін  көтерудің  уақыттылығын  қадағалауы  қажет.  Ұйым  басшыларына 
тауардың  нарықтық  тұрақтылығына  әсер  ететін  сапа  көрсеткіштерін  шығару 
міндеті  жүктеледі.  Сонымен  бірге  ұйым  басшылары  жаңа  тауарлар  өндірісі 
немесе тұтынушыларға жаңа қызмет түрін көрсету туралы шешімдерді алдын-
ала  анықтайтын  мақсаттарға жауапты болады.  Жаңа  тауарларды  шығару  және 
жаңа  қызмет  түрлерін  көрсету  сапаның  жаңа  бағдарламасын  дайындаумен 
байланысты, оған ұйым басшылығы жауапты. 
ИСО 9000 Халықаралық стандарттары Қазақстанда 
ҚР СТ ИСО 9000-2001 жеке стандарттар түрінде енгізіледі. 
Сапаны қамтамасыз етудің жаңа жүйесінің негізгі міндеттері: 
1.
 
Операторлар сапа бойынша бақылау жүргізеді және есеп береді; 
2.
 
Мәселелерді ескертеді; 
3.
 
Түзетуші  және  ескертуші  шараларды  енгізу  арқылы  мәселелердің 
шығу себептерін іздейді; 
4.
 
Басшылықтың атқаратын рөлі – жоспарлау және персоналды үйрету; 
5.
 
Жұмыскер өз жұмысын тексереді және сынақ жүргізеді; 
6.
 
Жұмыскер  өзінің  технологиялық  процестерін  іздеп  табады  және 
бақылайды. Ол мынадай процестердің орындалуына қолдау болады: 
– жауапкершіліктің артуына; 
– оқиғаларды дұрыс түсінуге; 
– өз жұмысына қанағаттану және оны мақтан тұтуға. 
7.
 
Ерекше көңіл бөлінеді: 
– Мәселелердің алдын алуды жоспарлауға; 
– Мәселе туындау себептерін анықтау және жоюға. 
Стандарттардың  үшінші  басылымында  олардың  саны  айтарлықтай 
қысқартылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет