218
Бұл стандарттың ең маңызды қасиеттерінің бірі оның әмбебаптылығы, яғни
барлық іс-әрекет түріне принципті пайдаланылуы болып табылады. ИСО 9000
стандарттары кәсіпорын қандай өнім шығаратынына немесе қандай қызмет
көрсететініне тәуелсіз сапа кепілдігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың
ұйымдастырылуы сәйкес болатын минималды талаптардан тұрады. Егер сапаны
басқару жүйесі көрсетілген стандарттар талаптарына сәйкес келсе, онда қазіргі
кезде бұл өнімді шығару немесе талап етілген сапада қызмет көрсетуді
қамтамасыз етуге кәсіпорынның қабілеттілігінің дәлелі ретінде қабылданады.
ИСО 9000 халықаралық стандарттарының тағы бір ерекшелігі оның мекеме
басшысының сапа үшін жауапкершілік деңгейін бекітуі болып табылады.
Кәсіпорын басшылығы сапа аумағындағы саясатты жасауға, сапаны басқару
жүйесін дайындау, енгізу және функциялау жұмыстарына жауап береді. Ол
нақты анықталып, құжат түрінде рәсімделуі қажет. Басшылықтың міндеттеріне
өндірістік, бақылау-өлшеу және сынау құрылғыларына арналған, сондай-ақ
компьютерлік техниканы программалық қамтамасыз ету үшін қажетті
ресурстарды бөлу және мамандарды іріктеп алу жатады. Басшылық
компетенцияның талап етілген деңгейін орнатуы керек және персоналдың
біліктілігін көтерудің уақыттылығын қадағалауы қажет. Ұйым басшыларына
тауардың нарықтық тұрақтылығына әсер ететін сапа көрсеткіштерін шығару
міндеті жүктеледі. Сонымен бірге ұйым басшылары жаңа тауарлар өндірісі
немесе тұтынушыларға жаңа қызмет түрін көрсету туралы шешімдерді алдын-
ала анықтайтын мақсаттарға жауапты болады. Жаңа тауарларды шығару және
жаңа қызмет түрлерін көрсету сапаның жаңа бағдарламасын дайындаумен
байланысты, оған ұйым басшылығы жауапты.
ИСО 9000 Халықаралық стандарттары Қазақстанда
ҚР СТ ИСО 9000-2001 жеке стандарттар түрінде енгізіледі.
Сапаны қамтамасыз етудің жаңа жүйесінің негізгі міндеттері:
1.
Операторлар сапа бойынша бақылау жүргізеді және есеп береді;
2.
Мәселелерді ескертеді;
3.
Түзетуші және ескертуші шараларды енгізу арқылы мәселелердің
шығу себептерін іздейді;
4.
Басшылықтың атқаратын рөлі – жоспарлау және персоналды үйрету;
5.
Жұмыскер өз жұмысын тексереді және сынақ жүргізеді;
6.
Жұмыскер өзінің технологиялық процестерін іздеп табады және
бақылайды. Ол мынадай процестердің орындалуына қолдау болады:
– жауапкершіліктің артуына;
– оқиғаларды дұрыс түсінуге;
– өз жұмысына қанағаттану және оны мақтан тұтуға.
7.
Ерекше көңіл бөлінеді:
– Мәселелердің алдын алуды жоспарлауға;
– Мәселе туындау себептерін анықтау және жоюға.
Стандарттардың үшінші басылымында олардың саны айтарлықтай
қысқартылды.
Достарыңызбен бөлісу: