Сертификаттау



Pdf көрінісі
бет232/310
Дата13.12.2021
өлшемі3,29 Mb.
#125798
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   310
Байланысты:
Bilim-Mendebaev-Stand-metr-sertif (1)

AS  9100
  –  бұл  американдық  аэроғарыштық  сапа  тобы  мен  EN  9000-1 
еуропалық  стандарт  жобасының  бірлесуі  арқылы  жасап  шығарылған 
стандарттар  жүйесі.  Қазіргі  кезде  Дженерал  электрик,  Хоувэлл,  Ройлс-Ройс 
компаниялары 
өздерінің 
аэроғарыштық 
жеткізушілерінен 
AS 
9100 
стандарттарына сәйкестікті талап етеді. 
QS  9000
  –  бұл  автомобильдік  компаниялар  жасап  шығарған  стандарттар 
жүйесі.  Қазіргі  уақытта  әлемдегі  13  мыңға  жуық  компаниялар  QS  9000 
стандарттарының  талаптарына  сәйкестік  сертификатын  алған  (оның  6  мыңға 
жуығы АҚШ-та). 
IRIS 
–  бұл  теміржол  көліктерінің  сапа  менеджменті  саласында  құрылған 
стандарт,  2006  жылы  жасап  шығарылған  (International  Railway  Industry 
Standart).  Ол  теміржол кәсіпорындары  үшін  теміржол  техникасын өндірушілер 


 
220 
мен өнімді жеткізушілерге базалық жүйені анықтайтын халықаралық стандарт 
болып табылады. 
ISO  14000
  –  бұл  қоршаған  ортаны  қорғау  жөніндегі  стандарттар  жүйесі. 
Осы стандарт талаптарына сәйкестік сертификаттарының саны 111мыңға жуық. 
Дженерал  моторс  және  Форд  компаниялары  өз  жеткізушілерінен  олардың 
өнімдері  ISO  14000  стандартының  талаптарына  сәйкес  болуын  талап  ететінін 
жариялады. 
ИСО 9000 сериялы стандарттарының азық-түлік саласына бағытталуы үшін 
2001  жылдың  қараша  айынан  ИСО  15161-2001  «ИСО  9001:2000  стандартын 
азық-түлік  өнеркәсібі  мен  сусындар  өндірісінде  пайдалану  бойынша  жетекші 
нұсқаулар»  стандарты  енгізілді.  Өндірістің  бұл  саласында  қазіргі  уақытта 
«Тәуекелділіктер мен критикалық нүктелер талдауы – ХАССП (НАССР- Hazard 
analysis and critical control points)» салалық сапа бағдарламасы енгізіліп жатыр, 
ол  АҚШ-та  жасап  шығарылған.  Бұл  бағдарлама  сапа  жүйесінің  ИСО  9000 
стандарттары негізінде ары қарай дамуы болып табылады. Содан кейін ХАССП 
талаптарына  сәйкес  келетін  азық-түліктік  кәсіпорындар  сертификаттау 
бойынша 
ИСО 22000:2005
 стандарты қабылданды. 
2002  жылы  ИСО  комитеттері  ИСО  19011  «Сапа  менеджменті  жүйесі  мен 
қоршаған  орта  аудиті  бойынша  жетекші  нұсқаулар»  стандартын  дайындады 
және  енгізді.  Бұл  стандарт  сапа  түсінігінің  болашақтағы  гуманизациясына 
бағытталған.  Сапа  мен  экологиялық  қауіпсіздік  бірыңғай  ұғымдарға  айналды 
және осы екі критерий бойынша сертификаттау бірдей уақытта жүргізіледі. 
2006 жылдың  аяғына қарай  ИСО  9000  сериялы стандарт талаптарына  сапа 
жүйесінің  сәйкестік  сертификатын  Қытайда  162  мыңға  жуық,  Ұлыбританияда 
46 мыңға жуық, Италияда 105 мыңға жуық, Германияда 46 мыңға жуық, АҚШ-
та 45 мыңға жуық, Жапонияда 80 мыңға жуық, Франция мен Оңтүстік Кореяда 
25  мыңға  жуық  мекемелер  мен  фирмалар  алды.  2009  жылы  бүкіл  әлемде 
барлығы 175 елге 1 млн-ға жуық сертификат берілді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет