ИСО 9001:2008, ИСО 9004:2009, ИСО 9000:2005 стандарттары әрекет етеді.
ИСО 9000 стандартынан басқа қазіргі уақытта сапа менеджменті аумағында
тағы 4 жүйе: TL 9000 (телекоммуникация саласындағы талаптар), AS 9100
(аэрокосмостық саладағы талаптар) және QS 9000 (автомобиль жасау
саласындағы талаптар), IRIS (теміржол көліктері саласындағы талаптар)
қолданылады.
TL 9000 – ИСО 9000 стандарттарының ең жаңа жүйесі, QuEST Forum
ассоциациясы жасап шығарған. Стандарттардың берілген жүйесін жасап
шығарудың себебі телекоммуникация индустриясы үшін ИСО 9000 стандартын
кеңейту қажеттілігі болып табылады. TL 9000 жүйесіне қосымша сенімділік
талаптары; программалық қамтамасыздандырудың өмірлік циклін басқару
талаптары; қызмет көрсетуді басқару саласындағы талаптар (инсталляция және
программалық қамтамасыздандырудың реттеулері сияқты мәселелер ИСО 9000
стандартында қарастырылмаған); тұтынушының жеткізушімен байланысын
сақтау талаптары енгізілді.