Беріліс жұмысының бірқалыптылығы. Берілістің бұл сипаттамасы тісті
дөңгелектің айналымында қателіктері көп рет (цикл бойынша) білінетін және
кинематикалық қателіктің бөлігін құрайтын параметрлерімен анықталады.
Берілістің бірқалыпты жұмысын бұзатын қателіктердің циклдық сипаты
және гармониялық талдау мүмкіндігі бұл қателікті кинематикалық қателік
ретінде нормалауға және анықтауға негіз береді. Берілістің циклдық f
zkor
қателігі және тісті дөңгелектің f
zkr
қателігі берілістің немесе дөңгелектің
кинематикалық қателігін құрайтын екі еселенген амплитудасы. Циклдық
қателіктерді шектеу үшін шақтамалар тағайындалған. Бұл шақтамалар:
r ц zk zko F k f f
)
13
,
0
(
6
,
0
өрнегімен анықталады. Мұнда k
ц
– тісті дөңгелектің айналымындағы цикл
жиілігі, F
r
– тісті дөңгелектің дәлдік дәрежесіндей f
zk
дәлдік дәрежесі бар тіс
тәжінің радиалды соғуының шақтамасы. Тісті дөңгелектің айналымындағы
цикл жиілігі k
ц
артқан сайын циклдық f
zkor
қателік және тісті дөңгелектің f
zkr
қателігі кемитінін өрнектен көруге болады.
Тіс пішінінің қателігі f
fr
– арасында дөңгелек тісінің нақты активті бүйір
пішіні орналасқан екі жақын номиналды бүйір пішіні арасындағы нормаль
99
бойымен алынған арақашықтық. Пішін қателігі дөңгелек қозғалысының
бірқалыпты болмауын, қосымша динамикалық жүктеменің пайда болуына,
тістердің түйісу беттерінің азаюына әкеледі.