Сертификаттау



Pdf көрінісі
бет100/310
Дата13.12.2021
өлшемі3,29 Mb.
#125798
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   310
Байланысты:
Bilim-Mendebaev-Stand-metr-sertif (1)

Өтпелі  қондыру
Өтпелі  қондырудың
 
бұранданың  коникалық  сүйірленуі, 
жайпақ  үймегі  және  цилиндрлік  шетмойын  бойынша  шпильканың  қосымша 
сыналануы кезінде қолданады. 
 
2.11  Тісті  берілістер.  Өзараауыстырымдылық  және  метрологиялық 
талаптар 
 
Пайдалануына  байланысты  тісті  дөңгелектерді  4  негізгі  топқа  бөлуге 
болады. 
1.  Санайтын.  Өлшеу  аспаптарының  тісті  берілістері.  Көп  жағдайда  бұл 
дөңгелектер  кішкентай  жүктемелер  мен  жылдамдықта  жұмыс  жасайды  және 
модульдері  кішкентай  болады.  Негізгі  пайдалану  көрсеткіші  жоғары 
кинеметикалық дәлдігі. 
2.  Жылдамдықты.  Шеңберлік  жылдамдығы  60  м/с  дейін  жететін,  беретін 
қуаты 40 МВт тісті дөңгелек турбиналық бәсеңдеткіштердің, автомобиль, ұшақ 
қозғалтқыштарының тісті берілістері. Негізгі пайдалану көрсеткіштері – жұмыс 
бірқалыптылығы,  шусыз,  жоғары  күш  салуды  беру  мүмкіндігі.  Мұндай 
берілістің дөңгелектерінің модульдері орташа мәнді болады. 
3. Күштік. Айналу жиілігі аз болса да, үлкен айналу моментін беретін тісті 
берілістер.  Илемдік  орнақ,  көтеру  механизмдері,  жүкшығыр  бәсеңдеткіштері 
және т.б. сияқты үлкен модульді дөңгелектер. 
4.  Жалпы  қолдану  берілістері.  Олардың  дәлдігіне  жоғары  талаптар 
қойылмайды. 
Цилиндрлік тісті дөңгелектердің шақтамалар жүйесі. 
Тісті  берілістер  үшін  шақтамалар  жүйесін  құруда  тісті  дөңгелекті  қателігі 
механизмнің  кинематикалық  функциясының  бұзылу  сипатын  анықтайтын 
механизм буыны ретінде қарастыру қажет. 
Дәлдік  көрсеткіштері  бөлек  алынған  дөңгелектің  дәлдігін  ғана 
регламенттейтін  емес,  жұмыс  жасау  сипатына  тәуелді,  берілістің  пайдалану 
параметрін  анықтайды.  Беріліс  дәлдігіне  қойылатын  талаптарды  олардың 
жұмысқа тағайындалуына байланысты қою керек. Бұл ережелер ГОСТ 1643-81, 
СТ СЭВ 641-77, СТ СЭВ 643- 77, СТ СЭВ 644-77 эвольвенттік цилиндрлік тісті 
дөңгелектердің  шақтама  жүйелерін  жасауда  қолданылады.  Бұл  жүйе  бөлу 
шеңбері  6300  мм  дейін,  модулі  1-ден  55  мм  дейін,  тәж  ені  1250  мм  дейінгі 


 
98 
ілінісуі  ішкі  және  сыртқы  түзутісті,  қисықтісті  және  шыршатісті  эвольвенттік 
цилиндрлік  берілістерді  қамтиды.  Шақтамалар  жүйесі  ИСО  1328-75 
стандартының нұсқауларына сәйкес. 
Кему  ретімен  орналасқан  1,2,..,12  тісті  дөңгелек  және  тісті  берілістің  12 
дәлдік  дәрежесі  тағайындалған.  1  және  2  дәлдік  дәрежесі  үшін  шақтамалар 
және  шекті  ауытқулар  МСТ  1643-81  стандартында  берілмеген.  Әрбір  дәлдік 
дәрежелері  үшін  дөңгелектер  мен  берілістің  кинематикалық  дәлдігін,  жұмыс 
бірқалыптылығын және тістердің түйісуін анықтайтын параметрлердің тәуелсіз, 
рұқсат етілген ауытқулар нормалары белгіленген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет