Сертификаттау


Метрикалық  бұрандалардың  шақтамалар  және  қондырулар  жүйесі



Pdf көрінісі
бет97/310
Дата13.12.2021
өлшемі3,29 Mb.
#125798
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   310
Байланысты:
Bilim-Mendebaev-Stand-metr-sertif (1)

Метрикалық  бұрандалардың  шақтамалар  және  қондырулар  жүйесі. 
Ішкі  және  сыртқы  бұрандалар  көбіне,  пішіннің  бүйір  жақтарымен  түйіседі. 


 
96 
Бұранданың  төбесі  және  ойығымен  түйісу  мүмкіндігі  жоқ.  Пішіннің  бүйір 
жақтарымен (орта диаметрі бойынша) түйісу сипатына байланысты қондырулар 
саңылаулы,  керілмелі  және  өтпелі  деп  ажыратылады.  Бұранда  пішінінің  бүйір 
жағымен  бұрау  ұзындығы  бойынша  өзара  түйісуінің  қондыру  сипаты  орта 
диаметрінің  мәнімен  ғана  емес,  адымының  ауытқуымен  және  біріктірілетін 
тетіктердің  бұранда  пішіні  бұрышының  жартысымен  анықталады.  Сондықтан, 
бұрандалы  біріктірулердің  қондыру  сипаты  бұрау  мен  сомынның  келтірілген 
орта  диаметрлерінің  нақты  мәндерінің  айырмасын  көрсететін  саңылау  немесе 
керіліске  байланысты.  1-ден  600  мм  дейінгі  метрикалық  бұранда  диаметрлері 
үшін  шақтамалар  және  қондырулар  жүйесі,  МСТ  16093-81,  СТ  СЭВ  640-77  – 
саңылаулы  қондыру,  ГОСТ  4608-81,  СТ  СЭВ  306-76  –  керілмелі  қондыру, 
ГОСТ  24834-81,  СТ  СЭВ  305-76  –  ауыспалы  қондыру,  мемлекетарлық 
стандарттарымен  регламенттелетін  ИСО  МС  965/1-73  халықаралық 
стандартына негізделген. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет