Керілмелі қондыру . Жұмыс температурасының, өзгермелі жүктеменің
және діріл салдарынан шпильканың өзінен-өзі ағытылып кетуі және
қымтақтылықтың бұзылу қаупі болғандықтан бұрама-сомын тұрпатты бұрама
біріктіруді қолдануды түйін құрылымы шектеген жағдайда орта диаметрі
бойынша керілісті қондыруды қолданады. Біріктіру және пайдалану процесінде
немесе сомынды шығаруда шпильканың айналып кетуін болдырмау үшін оны
тұрқыға тығыздап қатты кіргізу керек. 5-тен 45 мм дейінгі диаметрі бар
метрикалық бұрандаларға таратылатын керілмелі қондырулар ГОСТ 4608-81
мемлекетарлық стандартымен регламенттелген.