Сертификаттау



Pdf көрінісі
бет143/310
Дата13.12.2021
өлшемі3,29 Mb.
#125798
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   310
Байланысты:
Bilim-Mendebaev-Stand-metr-sertif (1)

5.  Сәйкестілік 
–  әдіс  шкала  белгілері  мен  периодты  дабылдардың 
сәйкестілігін  қолданады,  өлшеу  шкала  белгілері  мен  периодты  дабылдардың 
сәйкестілігі арқылы алынатын өлшенетін шама мен шама өлшемінің айырымы 
өлшеммен,  салыстырумен  жүргізіледі.  Мысалы,  штангенциркульдердегі 
Нониус  шкалалары.  Бұл  шкаланың  0,9  мм-ден  тұратын  10  бөлігі  бар.  Нониус 
шкаласының  нөлдік  белгісі  штангенциркульдің  негізгі  шкалаларының 
белгілерінің  арасына  келсе,  бұл  миллиметрлердің  бүтін  санына  Х-тің, 
миллиметрдің оннан бір бөлігін (0,1 Х), қандай да бір көлемде санын қосу керек 
дегенді  білдіреді.  Х  санын  анықтау  үшін  негізгі  шкала  белгілеріне  сәйкес 
келген  Нониус  шкаласының  белгісін  тауып  аламыз.  Осы  белгі  Нониус 
шкаласының  n-мәніндегі  белгісі  болсын.  Өлшенетін  0,1  Х  миллиметрдің 
бөлінген  бөлігі  штангенциркульдің  негізгі  шкаласына  бойынша  миллиметрдің 
бүтін саны мен нөлдік белгіден сәйкес келетін белгіге дейінгі Нониус шкаласы 
бойынша  арақашықтықтың  өзара  айырымына  тең.  Нөлдік  белгіден  сәйкес 
келетін  белгіге  дейінгі  арақашықтық  0,9  n-ге  тең.  Негізгі  шкаланың  белгілері 
бойынша арақашықтық n-ге тең. Теңдікті: 
n
n
X




9
,
0
1
,
0
 
деп жазуға болады, сонда Х=n. 
4.10-суретте
  Нониус  шкаласының  6  белгісі  сәйкес  келді,  олардың  өлшемі 
80,6  мм-ге  тең.  Сәйкес  келу  қағидасы  өлшеу  негізінде  интерференцияның, 
соғудың,  стробоскоптық  эффекттердің  пайда  болуына  негізделеді.  Соғудың 
пайда болуын радиотехникада екі жиілігі жақын тербелістерді салыстыру үшін 
қолданылады. Екі жиілігі жоғары тербелістердің амплитудасы сәйкес келгенде 
қосылады, содан соң олар фаза бойынша сәйкес келуін тоқтатып, қарама-қарсы 
фазада болады. 
Осылайша  соғу  деп  аталатын  жиілігі  төмен  тербелістер  түзіледі.  Олар 
соғудың  пайда  болу  уақыты  бойынша  тіркелуі  мүмкін,  осының  арқасында 
өлшеніп жатқан объектінің тербеліс жиілігі анықталады. 


 
133 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет