90 0,9х n 0,1x n n НЕГІЗГІ ШКАЛА НОНИУС ШКАЛАСЫ 4.10-сурет
Интерференцияның (электромагнитті толқындардың тербелісі) пайда болуы
ұзындықты өлшеу үшін қолданылады. Интерференция фазасы бойынша
жылжытылған бір жиіліктегі тербелістердің өзара әсерінде байқалады.
Теориялық тұрғыда бұл екі сәулелену көздерінің тербелістері болуы мүмкін,
бірақ көбінесе, сәулеленудің бір көзі пайдаланылады. а
1
және а
2
екі сәуленің
тербелістері фазасы бойынша сәйкес келгенде, суммарлық амплитуда оның
суммасына тең болып, резонанс туғызады. Аспаптың экранында жарық нүкте
көрінеді. Тербелістер қарама-қарсы фазада болғанда, олардың жалпы суммасы
нөлге тең. Аспаптың экранында ештеңе көрінбейді.
Стробоскоптық эффект. Дискіде тең аралықта белгілер қойылады,
импульстік лампа арқылы тең уақыт аралықтарын жарықтандырады, егерде
дисктің айналу жылдамдығы мен импульстердің интервалы сәйкес келсе, онда
жарық айналудың бір бағытындағы белгілерді жарықтандырады. Бақылаушыға
диск айналмай бір орында тұрған сияқты болып көрінеді.