2. Қимылды ойын : «Дауысынан таны»
3. Жеке жұмыс: 2-3 балаға жаңбырлы күннің суретін салуды үйрету.
4. Еңбек.Аула сыпырушыға көмектесу
5. Көркем сөз: Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын.
Биіктен қайта түскенде
Өңі кірер даланың
Серуен №10
1. Бақылау: Туған өлкенің көшелерінің тазалығы.
Мақсаты: Балаларды тазалыққа тәрбиелей отырып, көшенің тазалығын бұзатын адамдардың қылықтарын аңғату, оларға ұқсамау, туған жеріміздің әсемдігіне назар аударту.
2. Еңбек: Телімдегі қағаз қалдықтарын жинау.
3. Жеке жұмыс: «Біз тұратын көше» 3-4 баламен әңгімелесу.
4. Қимылды ойын: «Кімдікі дұрыс?»
5. Көркем сөз. Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.
Серуен №11
1. Бақылау: Ауа – райын бақылау.
Мақсаты: Ауа райындағы өзгерістерді аңғаруға және айтуға үйрету. Желдің бағытын қалай білу керектігін түсіндіру. Өз ойларын толық жеткізе білуге жұмыстану. Адамдардың сыртқы киімдеріне, айналадағы құстарға көңілдерін аударту.
2. Қимылды ойындар: «Қуыспақ»
3. Жеке жұмыс: А.Құнанбаев. «Жаз» 1-2 балаға жаттату.
4. Еңбек. Телімдегі жапырақтарды жинау.
5 Көркем сөз: Егін пісіп, жеміс түсіп
Қамбаларға толады
Серуен №12
1. Бақылау: Табиғатты өзгерістерді бақылау
(жел, салқын, жаңбыр, т.б.)
Мақсаты: Ауа райындағы өзгерістерді аңғарып айта білуге баулу. Олардың жыл мезгіліне байланысты өзгеріп отыратынын білгізу.
Достарыңызбен бөлісу: |