Қожақметова Ажар Таңсықбайқызы (1933-2005)
Еңбек ардагері. 1933 жылы 20 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында туған. Еңбек жолын 1951 жылы Жезқазған азық-түлікпен жабдықтау мекемесінің жоспарлау бөлімі экономисінің үйренушісі ретінде бастады. 1967 жылы №10 есепші шаруашылық кәсіпорнының директоры болып тағайындалды. 1970 жылдан құрметті демалысқа шыққанша «Береке» АҚ сауда ұйымын басқарды. Бірнеше рет поселкелік және қалалық Кеңестің депутаттығына сайланды. «Еңбек ардагері», «Ерен еңбегі үшін» медальдары және құрмет грамоталарымен марапатталған.
Недопольский Геннадий Яковлевич
Еңбек ардагері. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 1949 жылы 4 сәуірде Павлодар облысының Таволжан поселкесінде туған. Балқаш қаласындағы №37 тау-кен училищесі және Жезқазған тау-кен техникумын (1987) бітірген. Еңбек жолын 1968 жылы Солтүстік Жезқазған кенішінде экскаватор машинисінің көмекшісі ретінде бастады. Ұзақ жылдар ірілендірілген экскаваторщиктер бригадасын басқарды. Еңбектегі жетістіктері үшін 3-ші дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталған.
Түсіпбеков Аққойшы (1932-1997)
Физика-математика пәндерінің мұғалімі. Инженер-электрик. Еңбек ардагері. КСРО түсті металлургия саласының үздігі. Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 1932 жылы Қарағанды облысы Ұлытау ауданында туған. 1951 жылы Қарағанды педагогикалық институтын, 1958 жылы Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық институтын бітірген. Еңбек жолын 1951 жылы Ұлытау ауданының Калинин колхозында мектеп мұғалімі болып бастады. 1958 жылдан бастап Жезқазған тау-кен металлургиялық комбинатында қызмет етті, электриктен «Жезқазғантүстіметалл» АҚ-ның вице-президенттігіне дейінгі еңбек баспалдақтарынан өтті. Златоуст-Беловский карьерінде электрик, подстанция бастығы, аға электрик, карьер желісі шебері, техника бөлімінің аға инженері, Солтүстік Жезқазған кеніші бас энергетигінің орынбасары (1964), аға энергетик, бас инженер, Никольский аудандық қазандығы (котельный) өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы (1964-1966), Жезқазған шахтаүңгілеу тресінің бас энергетигі (1966-1976), КҚБ-ның (күрделі құрылыс басқармасы) ЖТКМК жабдықтар бойынша бастығының орынбасары (1976-1981), комбинаттың көлік және жабдықтау ісі жөніндегі директорының орынбасары қызметтерін атқарды. «Ерен еңбегі үшін» медалі және «Соц.жарыстың жеңімпазы» белгісімен марапатталған.
Болатбеков Сарқыт Жанғонұлы (1929)
Еңбек ардагері. Щучинск политехникалық техникумын (1966), Алматы халық шаруашылық институтын (1972) бітірген. Еңбек жолын 1944 жылы Байқоңыр көмір кенінде жұмысшы болып бастады. 1947-1963ж. – Жезқазған кенбасқармасында есепші (бухгалтер) қызметін атқарды, Солтүстік Жезқазған кенішінің бас есепшісі (1963-1970), бас есепшінің орынбасары, комбинаттың қаржы-өткізу (сбытовой) бөлімі бастығы (1970-1973), Жезқазған облыстық комитетінде қаржы-шаруашылық бөлім меңгерушісі (1973-1982), Жезқазған облыстық тұтынушы одағы басқармасының төрағасы (1982-1985), «Жезқазғантүстіметтал» АҚ-ның өндірістік-техникалық бөлімі бастығы, экономикалық сараптама бөлімінің бастығы, бас экономист, «Қазақмыс» мемлекеттік холдингтік компанияның вице-президенті қызметтерін атқарды. «Ерен еңбегі үшін» басқа да мерекелік медальдармен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталған.
Достарыңызбен бөлісу: |