Сәтбаев қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі Сәтбаев қаласының тау-кен кәсіпорындары



бет14/22
Дата31.01.2018
өлшемі3,82 Mb.
#36706
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22

Эльвира Минчук

«Подробности»
«Степной» кеніші

«Қазақмыс» корпорациясына қарасты «Жезқазғантүстіметалл» өндіріс-тік бірлестігінің «Степной» кеніші өндіріске кейінгі жылдарда қосылған, келешегіне зор үміт күттіретін іргелі өндіріс ошағы. Степной кеніші Жезқазған мыс орнында жер астынан кен қазу және өндіру үшін 2005 жылы құрылған. Кеніште 780 адам еңбек етеді. Мұның ішінде 502 адам тереңде түрен салып жатқандар. Кеніштің құрамында №67 және №70-ші екі шахта бар.

«Қазақмыс» корпорациясына қарасты кеніштердің ішіндегі кен қоры мол, сапасы да жоғары кеніштердің бірінен саналатын Степной кенішінің келешегі де кемелді. Кен қорының негізі №70 шахтаның аумағында жасақталған. Тыңға түрен салып, кен бетін ашу, шалғай панельдерден кен қорын жасау Жезқазған шахтапроходкалау тресінің проходкашыларының күшімен атқарылады. Қазір кеніште 4 проходкашылар бригадасы жұмыс істейді. Кен өндіруде кеніштегі 4 өндіруші учаскелер тұрақты түрде жұмыс істейді. Өндірілген кен забойдан кен тиеу орнына дейін ТОРО-40 және ТОРО-50 автоаударғыштарымен тасылады. Мұның сыртында кенді тасымалдау жұмысын жеделдету, шығынды азайту және материалдарды үнемдеу мақса-тында конвейерлік әдіс те қолданылады. 140-горизонтта ұзындығы 4 шақырымға жететін конвейер орнатылған. Конвейер жұмысын жеңілдету үшін 3 кен түсіретін жерлерде шағын кен ұнтағыштар орнатылған. Міне, осы қондырғылардың тоқтаусыз жұмыс істеуі, жұмыстың жүйелі түрде жоспарлануы көздеген межеден көрінудің басты тетігі.

Келешекке мол кен қорын жасау жұмыстары да ойдағыдай жүргізілуде. Мәселен, 52,5 миллион тонна кеннің беті ашылған. Құрамында 0,77 пайыз мысы бар 11,9 миллион тонна кен әзірленді. Кеніш 0,78 пайыздық мыс құрамы бар 5,0 миллион тонна кен қорын игеруде.



Кеніш негізінен жастардан тұрады. Тәлімгерлікте жүрген аға буын өкіл-дері болмаса, үлкендер некен-саяқ. Шахтыда көш басында жүрген учаске, бригадалар аз емес. Кенші басшылары кеншілердің әлеуметтік- тұрмыстық жағдайларын жақсартуға, мәдени демалып, денсаулықтарын нығайтуда қолдан келер көмектерін жасап отыр. Кеншілердің өздерінің еңбек демалыстарында корпорацияға қарасты демалыс-сауықтыру шипажайларында тынығуларына толық мүмкіндіктері бар. Бұл орайда кеніш тің кәсіподақ ұйымы мен Жастар одағы да белсенділік көрсетуде. Осы қоғам-дық ұйымдардың көмегімен демалыс күндері мәдени-көпшілік жұмыстар өткізіліп, кеншілердің көңіл-күйлерін көтеретін іс-шаралар жасалып тұру дәстүрге айналған. «Ұйымдасқан ұтады» дейді халық даналығы. Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара еңбек еткен ұжымның алар асуы да биік. Егер шахтыдағы әр учаске, әр бригада қарқынды еңбек ететін болса, кеніштің де мерейі үстем, табысы тасқынды болмақ.

Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет