Сәтбаев қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі Сәтбаев қаласының тау-кен кәсіпорындары



бет21/22
Дата31.01.2018
өлшемі3,82 Mb.
#36706
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Кен өндіру саласында қуатты жабдықтарды күтіп ұстауға маманданды-рылған ондай кәсіпорын Жезқазған аймағы түгілі Қазақстанда жоқ болатын. Өйткені, шетелдік өздігінен жүретін кен жабдықтарын өндірістік сынақтан өткізу мен игеру алғаш Жезқазған кеніштерінде қлоға алынған еді. Сондық-тан, кен-шахта жабдықтарын жөндеумен айналысатын кәсіпорынды жергілік-ті жерде қалыптастыру күн тәртібінде тұрды. Оның жобасын Мәскеудегі түсті металлургия нысандарын жобалайтын бас институт («Гипроцветмет») жасап, 1964 жылы құрылысы басталды. Бастапқыда кәсіпорынның құрылысы емес, оның ұжымын қалыптастыру қиынға түсіпті. Себебі, істің икемін білетін слесарьлар, «темірден түйін түйетін» токарьлар, электриктер мен дәнекерлеушілер, тозған техниканы қалпына келтірудің жөн-жобасын білетін білікті мамандар тапшылығы бірден байқалады. Содан, 1966 жылы жөндеушілер үшін теориялық даярлық сабақтарын өткізу қолға алынады. Техника жөндеуге қатысты тәжірибе алмасып қайту үшін бірнеше бригадир бұрғылау кареткаларын шығаратын Новокузнецкіге, экскаватор зауыты қоныс тепкен Кастромаға, Ясногорск машина жасау зауытына жіберіледі. Әрине, қажетті кадрлар даярлауда кен-металлугия комбинаты да қарап қал-майды, өзінің ғылыми-зерттеу институты арқылы жәрдем жасайды.

Бастапқыда кәсіпорында 25 адам жұмыс істейді. Жөндеу жұмыстарының көлемі ұлғаюына орай санаулы жылда оның қатары үш есе көбейеді. Ақыры осы кәсіпорын мен жөндеу-механикалық шеберханасының базасында 1974 жылы кен-шахта жабдықтарын жөндеу зауыты ұйымдасты-рылады. Жаңадан қазандық, токарьлық және ұста цехы салынады, көмекші технологиялық жабдықтар монтаждалады.. Содан бергі отыз жылдан астам уақыт ішінде кен өндірісінде қолданылатын қуатты техникаларды сапалы жөндеуден өткізуге қабілетті кәсіпорын қалыптасты. Сондай-ақ, онда өздігінен жүретін жабдықтардың негізінде кеніштерге керекті техникалар жасау да жолға қойылды. Мәселен, шпурды қопарғыш дәрімен оқтайтын, забой төбесін бекітетін қондырғылар – зауыт мамандары ізденісінің жемісі, шынайы кәсіби шеберліктің көрінісі.

Осыдан он жылға жуық уақыт бұрын кәсіпорын өмірінде елеулі өзгеріс болды. Кеніштердегі бұрынғы жөндеу цехтарының басы біріктіріліп, кен жаб-дықтарына техникалық қызмет көрсететін бес орталық құрылып, олар кен-шахта жабдықтары зауытының қарамағына берілді. Қыруар қуатты техниканы бабында ұстау бағытында бірегей бетбұрыс, батыл қадам жасалды. Бұрын кеніштердегі жөндеу цехтары кен жабдықтарына бақылау жасаумен, техникалық күтім көрсетумен, бұзылғандарына ағымдағы жөндеу жүргізумен айналысты. Шамалары жетпеген жағдайда ғана күрделі жөндеу жасау үшін кен-шахта жабдықтарын жөндеу зауытына тапсырып отырды. Жөндеушілердің міндеті – техниканың тоқтаусыз жүруін қамтамасыз ету, кеншілердің көздегені - басқаға бас қатырып алаңдамай, барынша мол кен өндіру. Техникадан кінәрат табылса кен-шахта жабдықтары зауытының бас-шылары жауап береді. Ал, жүріп тұрған қолдағы қуатты техниканы тиімді пайдалана алмай, кен өндіру процесін ұтымды ұйымдастырудың көзін таппаса кеншілер кінәлі.

Кейінгі кезде кен-шахта жабдықтары зауытында елеулі оң өзгерістер жасалды. Өйткені, жаңа қуатты кен жабдықтарын кеңінен қолдануға көшу – жөндеу паркін шұғыл жаңғыртуға түрткі болды. Кәсіпорынның өндірістік буындарын қайта құру мен қайта жарақтандыру жөндеу жұмыстарын жетілдіруге, сапасын жақсартуға игі ықпалын тигізіп отыр. Айталық, механикалық цехқа әртүрлі мақсатқа қолданылатын бірнеше жаңа станок орнатылған. Өлшеу жабдықтарын бақылау және автоматика учаскесі стартерлер мен генераторларды тексеруге арналған құрылғымен жарақтандырылған. Ұсталық-дәнекерлеу және механикалық цехтарда кен жабдықтарының тозған тораптарын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін италияндық фирманың әмбебап кешені іске қосылған. Зауыттағы кейінгі жаңалық – финдік фирманың сервистік контейнері.

Өндірістік бірлестік кеншілері мен жөндеушілерінің біліктілігі ешкімнен осал емес. Тек сол біліктілік жұмысқа деген жауапкершілікпен жұптасып жатса жақсы. «Жұмыла көтерген – жүк жеңіл» дегендей, кеншілер мен жөндеушілердің жұптасқан жауапкершілігі – табыс пен сапа кепілі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет