Сәтбаев, 2013
Сәтбаев қаласының өнеркәсіп орындарынан «Қазақмыс» корпорациясының қарамағына алты кеніш – Оңтүстік, Солтүстік, Шығыс, Батыс, Анненск, Степной кеніштері, шахта проходкалау тресі, байыту фабрикасы және тау-кен жабдықтары зауыты кіреді.
Из промышленных объектов города Сатпаев в подчинение корпорации «Казахмыс» входят шесть крупных рудников – Южный, Северный, Восточный Западный, Анненский, Степной рудники, шахтопроходческий трест, обогатительная фабрика, и завод горно-шахтного оборудования.
Оңтүстік Жезқазған кеніші
Оңтүстік Жезқазған кеніші №№3,44,45 шахталар құрамында 1965 жылы жылдық өнімділігі 2,8 млн. тоннаға есептеліп құрылған. 1975 жылы №65 шахтаның пайдалануға берілуіне байланысты ОЖК-ң жобалық жылдық өнімділігі 5,5 млн. тоннаға дейін артты. 1984 жылы №67 шахта пайдалануға берілді. Құрамында №45,65,67 шахталары бар ОЖК-нің жылдық жоспары 8,1 млн. кен мен 9072 тонна металды құрады.
«Жезқазған кентінің оңтүстік бағытында жаңа алып шахта салынып жатыр» деген хабар бір өңірге ғана емес, тұтас елімізге сүйіншілеп жетті. Жер-жерден шахта салу ісінің шеберлері шақырылды. Тұтас бір кеңестік елдегі түсті металлургия министрлігі өздерінің ең білікті, тәжірибелі мамандарын жіберіп, көмектің қажетті түрлерін дер кезінде ұсынып отырды. Нәтижесі ойлағандай болып шықты.
Достарыңызбен бөлісу: |