Сәттілік!!! 1-билет доктрина



Pdf көрінісі
бет13/49
Дата16.02.2023
өлшемі0,74 Mb.
#168961
түріНұсқаулар
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   49
9-билет 
1)Тоталитаризм- деспотизмнің бір түрі. Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық 
саласы биліктің бақылаунда болып, адам бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады, 
оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері қуғын-сүргінге ұшыратылады. 20ғасырдың бірінші жартысында 
КСРО кезінде Сталиннің басқару жүйесі болған. 
Демократия-деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген 
мемлекеттік құрылысты айтады. Алғаш демократиялық мемлекет б.з.д. 5 ғасырда Афинада пайда 
болған.
2)
 
Ұлы Жібек жолының Қазақстан аумағындағы қалалық мәдениетті дамытудағы рөлін 
сипаттаңыз. 
Ұлы Жібек жолы-елдер мен халықтардың қатынасын нығайтқан, түрлі мәдениеттерді бір-бірімен 
жақындатқан, Қазақстан жеріндегі қала мәдениетіне ықпалын тигізген байланыс жолы болды. Шығыс 
және Батысты ұштастырған бұл жолда Қазақстан мемлекеттерді өзара байланыстырушы буынға 
айналды. Ұлы Жібек жолы тармақтарының Қазақстан жерін басып өтуі ірі және шағын қалалардың 
құрылуы мен дамуына игі әсер етті. 2000 жылдан астам тарихы бар Тараз-ең ірі қалалардың бірі. Тараз-
түргештер, кейін қарлұқтар мен қарахандықтар үшін маңызды әкімшілік орталығы айналды. Бұл-
Тараздың сауда және әскери стратегиялық маңызды қала екендігінің айқын дәлелі. Қала ішінде су 
құбырлары жүргізілген. Ұлы Жібек жолы бойындағы атақты қалалардың бірі-Отырар. Орта 
ғасырларда Отырар Сыр өзенінің ірі сауда және мәдениет орталығына айналды. Қалада монша, 
мешіттер мен медреселер көп тұрғызылған. Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі қалалар қатарында 
Испиджаб аталады. Орта ғасырларда Испиджаб сауда және дін орталығына айналды. Қалада теңге 
сарайы, базарлар, мата сататын орындар және керуен-сарайлар көп салынған. Ұлы Жібек жолы 
бойында көне Түркістан қаласы орналасқан. Қала Оңтүстік Қазақстан өңірінде маңызды әкімшілік, 
сауда, саяси және мәдени орталық ретінде санала бастайды. Ол әйгілі ғұлама Қожа Ахмет Ясауи 
кесенесінің тұрғызылуымен байланысты еді. Ұлы Жібек жолы тармақтарының Қазақстан қалалары 
арқылы өтуі мәдениет пен өнердің дамуына септігін тигізді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет