- Сәуірдің он екісі
- Сынып жұмысы
- Д.Исабеков “Ата үміті”.
- Әңгімедегі адамгершілік пен ізгілік мәселелері.
Сабақтың мақсаты: - Сабақтың мақсаты:
- Білімділік-әңгімедегі кейіпкерлер бейнесіне талдау жасау,іс-әрекеттеріне баға беру арқылы оқырманның рухани жан-дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту;
- Дамушылық- жазушының портрет жасау шеберлігіне назар аудару,көркем сөз құдіретіне үңілу,кейіпкерлерге мәтіннен мысал келтіре отырып сипаттамалар беру,ой қорыту,пікір айтуға,оны қорғай білуге төселту;
- Тәрбиелік- оқушыларды зұлымдық,жауыздық,қатыгездік,қаскөйлік сияқты жаман қасиеттерден жирендіре отырып ізгілік жолына тәрбиелеу,адамгершілік, имандылық,парасаттылық сияқты қасиеттерді бойға сіңірту;
Сабақтың эпиграфы: - Сабақтың эпиграфы:
- «Пайда ойлама,ар ойла.....»
- (Абай).
Қалай ойлайсыздар,үзінді неге «Ата үміті»деп аталған? Ғұмырының көбінен азы қалған,артындағы бес тұяғының төртеуінен соғыста,соңғысынан қарадай айырылған Тоқсанбай қарт неден үміттенеді,атаның үміті неде? - Қалай ойлайсыздар,үзінді неге «Ата үміті»деп аталған? Ғұмырының көбінен азы қалған,артындағы бес тұяғының төртеуінен соғыста,соңғысынан қарадай айырылған Тоқсанбай қарт неден үміттенеді,атаның үміті неде?
Шығарманың басты кейіпкерлері аталы-немерелі кейіпкерлерімізбен алғаш қалай,қайда жүздестік? - Шығарманың басты кейіпкерлері аталы-немерелі кейіпкерлерімізбен алғаш қалай,қайда жүздестік?
- Ата мен балаға келіп қосылған бейтаныс адам қандай жан?
- Алғашқы жүздесудегі әсер
Шығарманың сізді ерекше толғантқан тұсы? - Шығарманың сізді ерекше толғантқан тұсы?
- Шығарманың тақырыбы немесе көтерілген негізгі мәселе қандай?
- Осы әңгіме авторы туралы не білесіңдер?
Үй жұмысын қорытындылау. - Үй жұмысын қорытындылау.
- Әңгіме ұнады ма?
- Несімен ұнады?
Ой қозғау: «Обал мен сауап» - Ой қозғау: «Обал мен сауап»
- а) Обал -ұғым атауы.Дерексіз зат есім.Көзбен көрмейміз,
- қолмен ұстамаймыз.Обал сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?
- Неге,кімге қатысты айтылады?
| | - Пайдасынан басқа зияны жоқ,жан біткенге қылдай қиянат келтірмейтін,бейкүнә, жазықсыз аңдар мен құстарға, жануарлар мен жәндіктерге қатысты айтылады.Мысалы: құс,құмырсқа,ара,үйдегі жан жануар т.б.
| - «Ұя бұзған оңбайды». Ұяны,омартаны,илеуді бұзуға болмайды,
- өйткені олар құстың,араның,құмырсқаның Отаны.Олар сонда өсіп өнеді. Сенің бұзғаның-олардың өміріне балта шапқаның,бастарына қайғы- қасірет әкелгенің,қиянат жасағаның. Үлкендердің «Обалына қалма,тиіспе» деуі сондықтан.
| - Қасиетті,киелі саналатын тағам атауларына қатысты айтылады.Мысалы:сүт,нан т.б.
| - «Сүт - тіршіліктің бастауы,нан-астың үлкені».Олар адамның адал еңбегімен келеді.Сол еңбектің қадірін білу керек.Оны бағалау керек.
| - Адамға қатысты айтылады.Мысалы көрген қорлық,кеткен ақы,төгілген жас,көрген қиянат.
| - Әлімжеттік жасап әлсіз адамды ұрып соғуға,қиянат жасауға,зорлықпен біреудің ақысын бермеуге,күш арқылы біреудің затын тартып,не ұрлап алуға болмайды. Мұндай жағдайда әлсіз жандардың көз жасына қаласың,наласына батасың. «Обал болады»осындай жағжайда айтылады.
| ә) сауап сөзінің мағынасын қалай түсінесің? - ә) сауап сөзінің мағынасын қалай түсінесің?
- 1.«Дұрыс болды,оған сол керек» деген мағынада жұмсалады.
- 2. Алғыс,ықылас,қошемет,рахмет ұғымын білдіреді. Мысалы: сауабын алды(алғысын алды,рахметін алды).
- Обал және сауап бір-біріне қарама-қарсы,яғни антоним сөздер.
1.Талдау: - 1.Талдау:
- Композициялық жоспар жасату.
2.Мінездеме - 2.Мінездеме
- Омаш ақкөңіл
- оспадар
- Ергешбай мейірімді
- зейінді
- Тоқсанбай қарт тасжүрек
3.Венн диаграммасы. - 3.Венн диаграммасы.
- Тоқсанбай қарт Омаш
4.Ой толғау - 4.Ой толғау
- Абай айтқан «Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек» және Омаш.
5.Мағынаны тану. (топпен жұмыс) - 5.Мағынаны тану. (топпен жұмыс)
6.Мәтінмен жұмыс. | | - -Келмей жатып-ақ ненің ауыр,ненің жеңіл екенін де біліп алапсың ғой.Ештеңе етпейді,бірер ай қиналсақ қиналармыз,сонан соң екеуміз орған дерменемізді Арысқа апарып жеткізіп,ақшаны уыс-уыс қып ап қайтамыз.
| | - -Бұл кісі дермене ұрлап келді ме?
| | - -Бұл әтәңәләлеттерге бала не керек десеңші!
| | - -Аптауыздың тоқтайтын жеріне барып жатайық.Ертеңгісін бірінші жүргеніне мініп кетерміз.
| | Сабақты қорытындылау. Сұрақ-жауап. - Сабақты қорытындылау. Сұрақ-жауап.
- 1.Омаш әңгіме соңында өзін қалай сезінді? (тауып оқу)
- 2.Обал,сауап,адал,арам тәрізді ұғымды кім қалай түсінеді?
- 3. Өзің-ақ айтшы ғаламда мынау
- жеңудің бәрі жеңіс пе?
Үй тапсырмасы: - Үй тапсырмасы:
- «Адамгершілікті мен қалай түсінемін?» тақырыбына шағын шығарма жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |