ҒТАМР 17.07.41
Сәулембек Г.Р.,
М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының
аға ғылыми қызметкері, PhD, Қазақстан, Алматы қ.,
e-mail: gulmira.saulembek@gmail.com
ПОСТМОДЕРНИСТІК ИРОНИЯ: МӘТІНДІ ҚАЙТА ҚҰРЫЛЫМДАУ, НОНСЕЛЕКЦИЯ ҚАҒИДАТЫ
Постмодернистік танымның басты ерекшеліктерінің біріне айналған иронияның сипаттарын анықтауды, зерттепзерделеуді Платон, Аристотель сынды ой алыптары бастап берсе, постмодернистік мәдениет мәнмәтініндегі ирония құбылысының сипаты туралы У. Эконың, Н.Б. Маньковскаяның, В.И. Самохвалованың, М. Липовецкийдің, А.В. Дьяковтың т.б. еңбек терінде қарастырылған.
Адамға, зат пен құбылысқа сырттай жақсы баға берсе де, ішкі мағынасы қарсы келіп, келекеге айналдыратын құбылту (троп) құралы, болмысты жоққа шығарудың бір түрі болып табылатын ирония өзінің тарихи дамуында комедиялық және сатиралық сипатқа ие. Бұл жанрдың көбінесе идеологиялық күрес үшін де жұмылдырылғаны да шындық. Алайда ирония феномені өзінің эволюциялық дамуында елеулі өзгерістерге ұшырай отырып постмодернистік мәдениеттің басты ерекшеліктеріне, құралына айналды.
Өнердің қай саласына болса да «уақытша» құбылыс
ретінде саналған постмодернизм, жарты ғасырдан астам уақыт табан аудармай, тіпті әлем әдебиетін жаулап алуы «постмодернистік ахуал» ұғымын, «постмодернистік дүниетаным» деген терминге ауыстыруға мәжбүрлеп отырғанда, сол дүниетанымды паш ететін құрал иронияға классикалық әдебиеттегідей тек тіл аясында шектеу қоя алмайтындығымыз белгілі. Түрлі
мәдени құбылыстарды, түрлі жанрларды, стильдерді кесіп пішіп, қайта құрап бір шығарманың бойына жинақтаған постмодернистік мәтіндегі иронияның аясы ирониялық дүниетаным деңгейіне жеткен.
Мақаламызда постмодернистік иронияға жанжақты талдау жасай отырып,
оның ерекшеліктерін анықтап, талдап көрсетуге тырысамыз.
Түйін сөздер: ирония, постмодернизм, қайта құрылымдау,
постмодернистік дискурс, шизофрениялық дискурс.
Saulembek G.R.,
PhD, Scientific researcher
of Institute Literature and Art named after M.O. Auezov, Kazakhstan, Almaty, email: gulmira.saulembek@gmail.com