Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер



Pdf көрінісі
бет21/52
Дата12.09.2022
өлшемі1,2 Mb.
#149300
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   52
Байланысты:
22 СН РК 2.04-01-2011

ҚР ҚН 2.04-01-2011 
 
16 
7.2 Жаяу жүргіншілердің өткелдерін жарықтандыру 
 
7.2.1
Жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерінің жарықтандыруы адамдарға жол 
қозалысы бөлігін қауіпсіз өтуге жағдай жасау керек және жол төсемінің кедергілері мен 
ақауларын көруге мүмкіндік беру керек. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге ескерту 
үшін өткел аумағында басқа түсті жарықты пайдалану ұсынылады. 
7.2.2
А және Б санаттағы
көшелер мен жолдардың
қозғалыс бөлігімен бір денгейде 
орналасқан жаяу жүргіншілер өткелдерінде жарықтандыру денгейін қиылысатын жол 
бөлігін жарықтандыру нормасынан кем дегенде 1,5 есе ұлғайту керек. Жарықтандыру 
денгейінің ұлғаюы бағандардың арақашықтығын азайту арқылы, қосымша немесе 
қуаттылығы артықтау жарық беру аспаптарын орнату арқылы, өткелде ашық түсті 
жабынды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. 
7.2.3
 
Жерасты және жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдері үшін орташа көлденең 
жарықтық мәндері нормаларға сәйкес қабылданады. 
Жерасты және жерүсті өткелдер денгейіндегі қатынаспен анықталатын 
жарықтықтың таралу біркелкілігі 0,3 кем болмау керек 
Жерасты және жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерінде диффузиялық және 
призмалық шашыратқыштары бар қорғаныс бұрышы 15
о
кем емес жарықшамдар 
қолданылу керек. 
 
7.3 Тұрғын аудандар аумақтарын жарықтандыру 
7.3.1
 
Тұрғын орамдар ішінде жергілікті мәндегі көшелердің жарықтандырылу 
денгейлері мен біркелкілігін В1 және В2 сыныптық көшелерін жарықтандырудың тиісті 
нормаларына негіздеп жобалау керек, ал өтпелер мен жаяу жүргіншілердің трассаларын-
П4 және П5 сыныптық жүргіншілер кеңістіктерінің нормаларына. 
7.3.2
 
Сыртқы 
жарықтандырудың, 
көшелк, 
сәулеттік,жарнамалық 
және 
витриналықты қоса алғанда, барлық түрлерінен түсетін тұрғын ғимараттарының 
терезелеріндегі 
жинақталған 
тік 
жарықтандырудың 
денгейлерінормаларда 
келтірілгендерден аспау керек. 
7.3.3 Қоғамдық орталықтан тыс жүргіншілердің көшелерінде, аулаішілік аумақтарда, 
сонымен бірге ауруханалардың, емдеу-сауықтыру мекемелерінің жатын корпустарына 
түйісіп тұрған кез келген көшелерде тұрғын ғимараттар пәтерлерінің терезелерінде және 
жатын корпуствры палаталарының терезелеріндегі тік жарықтық 5 лк-дан аспау керек. 
7.3.4 Терезелерге тіке жарық түсуді шектеу үшін жарық қуаты шектеулі терезелерге 
бағытталған жарықшамдарды немесе экрандау торлары бар жарықшамдарды қолдану 
керек. 
7.3.5 Сыртқы жарықтандыру жобаларында өртке қарсы су көздеріне барар жолдарын 
жарықтандыруды қарастыру керек, егер олар өтпелердің жарықтандырылмаған 
бөліктерінде орналасса. Бұл өтпелердің орташа көлденең жарықтығы 2 лк болу керек. 
7.3.6 Ғимаратқа әрбір кіре беріс үстінде немесе оның жанында орташа көлденең 
жарықтық денгейлері 4 лк кем болмайтын жарықшамдардың орнатылуы қамтамасыз етілу 
керек. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет