ҚР ҚН 2.04-01-2011 15
7 СЕЛИТЕБТІ АЙМАҚТАРДЫ ЖАРЫҚТАНДЫРУ 7.1 Көшелерді, жолдарды және алаңдарды жарықтандыру 7.1.1
Қалалық елді мекендердің тұрақты көлік қозғалысы бар, стандартты
геометриялы көшелерінің, жолдарының, алаңдарының жарықтандыруын орташа
жарықтық нормаларын, көзді қарықтыру әрекетін және жол төсемін жарықтандырудың
жалпы және көлденең біркелкілігін негізге ала отырып жобалау керек.
7.1.2
Қалалық елді мекендердің тұрақты көлік қозғалысы бар, стандартты емес
геометриялы көшелерінің, жолдарының, алаңдарының жарықтандыруын орташа көлденең
жарықтық нормаларын, көзді қарықтыру әрекетін жол төсемін жарықтандырудың
біркелкі таралуын негізге ала отырып жобалау керек
Жарықтығы нормаланатын көшелерде, жолдарда және алаңдардаң көліктік
аймақтарында жүргізушілерге бағытталған тігінен 80° және 90° жарықшамдағы
лампалардың жарық бағытының жиынтығының 1000 лм тиісінше 30 бен 10 кд мәндерімен
қондырғыдағы шамдардың жарығының шекті қуатын шектеу керек.
7.1.3
Трамвайлық және троллейбустық қозғалысы бар көшелерде, жолдарда және
алаңдарда жарық беру аспаптарын орналастыру биіктігі нормативтерге сәйкес
қабылдану керек.
7.1.4
Үлкен алаңдарды және көлік жолайырықтарын жарықтандыру үшін, биіктігі 20
м және одан астам бағандарды қолданған кезде, оларға орнатылатын жарық беру
аспаптары тігінен 65 аспайтын бұрышта максимальды жарықты қамтамасыз ету керек,
сонымен бірге 80°, 85° және 90° жұмыс қалпындағы жарық қуаты жарықшамдағы
лампалардың жарық бағытының жиынтығының 1000 лм тиісінше 50, 30 және 10 кд аспау
керек. Жарықшамдардың көліктік қиылыстың жоғарғы денгейінің қозғалыс бөлігінің жол
жабынынан орналасу биіктігі 10 м кем болмау керек.
7.1.5
Көпірлердің парапеттерінде және жолөткелдерде және басқа нысандарда
жарықшамдарды минимальды орнату биіктігі қорғаныс бұрышы 10
°
кем
болмайтындайжәне лампалар мен іске қосу-реттеу аппараттарына арнайы аспаптарды ғана
қолдану арқылы қол жеткізу мүмкіндігі қамтамасыз етілген жағдайда шектелмейді.
7.1.6
Бір қатарда және әр тіреуде бір шамнан орналасқан жағдайда және жаяу
жүргіншілер көпірлерінде, автотұрақтарда, жаяу жүргіншілер саяжолдарында және
жолдарында, ішкі, қызметтік-шаруашылық және өрт сөндіру өтпелерінде, сонымен бірге
ауылдық мекендердің көшелері мен жолдарында түнгі мезгілде шамдарды ішінара
сөндіруге тыйым салынады.
7.1.7
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің сенімді бағдарлануы үшін шамдар,
олардан құралған сызық айқын және бір мағыналы жол бағытын көрсетіндей етіп
орнатылу керек.
7.1.8
Көлікке жанармай құю және көлікті сақтау орындарына кірі беріс жолдарда,
және көшелердегі ашық автотұрақтарда орташа көлденең жарықтық нормалары
нормалардың талаптарына сәйкес болу керек.
.