Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер



Pdf көрінісі
бет22/52
Дата12.09.2022
өлшемі1,2 Mb.
#149300
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   52
Байланысты:
22 СН РК 2.04-01-2011

ҚР ҚН 2.04-01-2011 
17 
7.4 Ғимараттар мен имараттарды сыртқы сәулеттік жарықтандыру 
7.4.1 Сыртқы 
сәулеттік жарықтандыру кешкі мезгілде аса маңызды 
нысандардың айқын және жақсы көрінуін қамтамасыз ету керек және қаланың 
жарық ортасының қолайлығын арттыру керек. Сәулеттік жарықтандыру 
қондырғылары жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің көздерін қарықтырмау керек.
7.4.2 Ғимараттар, имараттар, монументтер мен ландшафттық сәулет элементтері 
қасбеттерінің жарықтығы олардың маңыздылығына, орналасу орны мен оларды қалада 
көру қабылдау бойынша басым шарттарға байланысты нормалар бойынша қабылдау 
керек.
7.4.3 Сәулеттік 
жарықтандыру 
қондырғыларын 
жобалаған 
кезде 
жарықтандырылатын 
нысандардың 
қасбеттерінің 
беткі 
шағылысу 
есептік 
еселендіргіштері нақты өлшеулер деректері бойынша қабылданады. 
7.4.4 Қасбетті 
бірқалыпты құйылған жарықтандыру кезінде максимальды 
жарықтықтың минимальды жарықтыққа қатынасы 3:1 аспау керек, ал бедерлі және 
көптүсті қасбеттерде 5:1 дейін болу керек. Сонымен бірге максимальды жарықтық негізгі 
композициялық-пластикалық элементтерде қалыптасу керек. 
7.4.5 Қасбетті бірқалыпсыз құйылған жарықтандыру кезінде максимальды 
жарықтықтың минимальды жарықтыққа қатынасы 10:1 кем болмау керек, және 30:1 аспау 
керек. Сонымен бірге максимальды жарықтық жарықпен акценттелген элементте пайда 
болады. 
7.4.6 Жарықтық сәулеттік ансамбльдерді жобалаған кезде басымдығы бар 
нысанның басты қасбетінің жарықтығы қабылданады. Бірегей ансамбльдің 
бағыныңқы нысандарының жарықтандырылатын қасбеттерінің орташа жарықтықтары кем 
дегненде екі сатыға азайтылу керек. 
7.4.7 Әр жақтан көрінетін көлемді монументтер, ескерткіштер, кіші сәулеттік 
формаларды композициялық тұрғыдан нысанды қабылдаудың негізгі бағытымен 
байланысатын есептік жазықтықты белгілейтін айқын бағдарланған жарықтық ағымы бар 
екі-үш жақтан жарықтандыру керек. 
7.4.8 Сәулеттік жарықтандырудың қондырғыларында разрядты жары көздері 
мен жарықдиодтары бар жарықшамдарды қолдану керек.локальды жарық беру 
кезінде хроматикалық сәулелену көздерін пайдаланған жөн. 
7.4.9 Сәулеттік жарықтандыру аспаптарының жарық беру көздері қозғалыстың 
басты 
бағыттарындағы 
жүргізушілер 
мен 
жаяу 
жүргіншілердің 
көздеріне 
шағылыспайтындай орналасу керек немесе жарық қорғау құрылғыларынмен экрандалу 
керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет