Сәулет өнері жайлы бүкіл мағлұмат



Дата28.04.2020
өлшемі0,72 Mb.
#64973
Байланысты:
пре

Сәулет өнері

Сәулет өнері жайлы бүкіл мағлұмат

Сәулет өнері жайлы жалпы түсініктеме

Сәулет - құрылыс өнері; жобалау және құрылыс салу өнері. Архитектура, сәулет өнері – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура латынша archіtectura, ал грекше аrchіtekton, яғни құрылысшы деген мағынаны білдіреді. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Сәулет өнері – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері.

Тарихы

Адамзат баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Адамдар неолит кезінде үйді ағаштан, қамыстан, талдан және балшықтан салды. Су айдынында, қағылған қазықтың үстіне тұрғызылған үйлер де болған. Біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың ортасында ірі тастардан қаланған монументті құрылыстар: кромлехтер, менгирлер мен дольмендер пайда болды. Менгирлер тігінен қойылған биік тастар тізбегінен тұрады. Дольмен – қатар қойылған екі тастың үсті үшінші таспен жабылып, біріне-бірі жалғасып келетін дәліз іспеттес.

Ірі мемлекеттерде сәулет құрылысының пайда болуы

Шеңбер жасап, төбелері жабылған тас құрылыстарды кромлех дейді. Ніл, Евфрат, Тигр, Үнді, Ганга, Чанзен өзендерінің сағаларында көне заманда Мысыр, Месопотамия, Үндістан және Қытай сияқты ірі мемлекеттер пайда болып, ғаламат сәулет туындылары дүниеге келді. Мардук атты құдайға арналған Вавилон мұнарасы іргетасы 250 м биік тұғырға орнатылды. Анығында бұл жеті қабатты, ұшар басына қарай баспалдақтап жіңішкере беретін зиккурат еді. Месопотамияда ежелгі заманның өзінде-ақ біздің заманымыздан бұрынғы 5000 – 1800 ж. каналдар, су қоймалары, акведуктар, көпірлер мен бекіністер салынды. Тигр мен Евфратты қосқан ұзындығы 400 км каналды техникалық зор жетістік деп айтуға болды. Біздің заманымыздан бұрынғы 2700 – 2200 ж. салынған Мысыр пирамидалары мен ғибадатханалары зерттеушілер мен мамандарды әлі күнге дейін таңдандырып келеді..

Әлемнің жеті кереметі

Әлемнің жеті кереметі - біздің заманымызға дейін 3 ғасырда Ескендір Зұлқарнайын Кіші Азия, Орта Азия, Мысыр, Оңтүстік Үндістан территорияларын жаулап алып, ұлы империя құрғаннан кейін, саяхатшыларды қызықтыру үшін осы өңірлердегі 7 орыннан таңдаған сәулет өнері ескерткіштері.


Атаулары

Бабылдың аспалы бағы

Эфестегі Артемида ғимараты

Олимпиадағы Зевстің мүсіні

Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы

Жерорта теңізінің Родос аралындағы күн кұдайы Родос алабы

Мысыр пирамидалары

Александрия шамшырағы

Анықтама

1. Мысыр пирамидалары — ежелгі Мысыр перғауындарының өзіндік үлгідегі мазарлары, біздің заманымыздан бұрын 28 ғасырда салынған.

2. Бабылдың аспалы бағы, біздің заманымыздан бұрын 6 ғасырда Вавилония әмірі кіші әйеліне арнап жасаткан. Бақ ерекше тәсілмен аспалы текпішекті сәкі-алаңшалар үстіне салынған.

3. Эфестегі Артемида ғимараты, кезінде әлемдегі ең үлкен ғибадатхана болған. Біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда соғыс алапатынан қираған.

4. Олимпиадағы Зевстің мүсіні, біздің заманымыздан бұрын 5 ғасырда көне грек мүсіншісі Фидий алтын мен піл сүйегінен жасаған.

5. Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы, біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда салынған.

6. Жерорта теңізінің Родос аралындағы күн кұдайы Родос алабы, биіктігі 45 м. біздің заманымыздан бұрын 285 жылы жасалған, біздің заманымыздан бұрын 224 жылы жер сілкініcі кезінде қираған.

7. Александрия шамшырағы біздің заманымыздан бұрын 3 ғасырда жасалған, мұнарасының биіктігі 160 м.

Қазақстан территориясындағы сәулет өнері

Қазақ архитектурасы, Қазақ  сәулет өнері – ғимараттарды, құрылыстар мен ескерткіштер кешендерін жобалау, салу, оларға уақыт талабына сай эстетиклық көркемдік сипат беру өнерінің ұлттық саласы.


Қошқар ата құлпытасы

Бабажы қатын кесенесі

Жұбан ана күмбезі

Аяққамыр күмбезі

Қарахан күмбезі

Сараман-Қосы мұнарасы

Бегім ана мұнарасы

Айша бибі кесенесі



Қожа-Ахмет Йассауи кесенесі

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі

  • Қазақ архитектурасында ең танымал сәулет өнерінің бірі – Қожа Ахмет Яссауи кесенесі болып табылады. Ахмет Ясауи кесенесі — Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Ясауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды. Жалпы тұрқы симметриялы, жеке бөлшектері — ассиметриялы болып келетін бұл зәулім ғимарат 8 түрлі бөлмелер тобынан тұрады:
  • Қазандық;
  • Үлкен Ақсарай;
  • Кіші Ақсарай;
  • Құдықхана;
  • Кітапхана;
  • Асхана;
  • Көрхана;
  • Мешіт;

Статистика бойынша Қожа Ахмет Яссауи туристері:

Қазіргі заман архитектурасы



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет