Сәулет,қала қҧрылысы және қҧрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер


 ҚҦРЫЛЫСТЫ МЕХАНИКАЛАНДЫРУ ЖӘНЕ КӚЛІК



Pdf көрінісі
бет21/75
Дата02.11.2022
өлшемі1,33 Mb.
#156266
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   75
Байланысты:
СН РК 1.03-00-2022 (1)

9 ҚҦРЫЛЫСТЫ МЕХАНИКАЛАНДЫРУ ЖӘНЕ КӚЛІК 
9.1 Объектіні тҧрғызу кезінде қҧрылыс, монтаждау және арнайы қҧрылыс 
жҧмыстарын 
механикаландыру 
кешенді 
тҥрде 
жҥргізіледі 
және 
нақты 
мамандандырылған жҧмыс тҥрлерін ӛндіруге арналған қҧрылыс машиналарының
жабдықтардың, шағын механикаландыру қҧралдарының жеткілікті номенклатурасымен, 
монтаждау 
жабдықтарының, 
мҥкәммалдың 
және 
айлабҧйымдардың 
арнайы 
жиынтықтарымен жарақтандырылады. 
Негізгі машиналардың тҥрлері, сипаттамалары мен саны ҚҦЖ және ЖӚЖ 
жобаларында салынып жатқан ғимараттар мен қҧрылыстардың конструктивтік және 
кӛлемдік-жоспарлау шешімдерінен, жҧмыс кӛлемдерінен, бар машиналар паркін және 
олардың қҧрылыста қабылданған жҧмыс режимін ескере отырып, жҧмыс ӛндірісінің 
қарқыны мен шарттарына сҥйене отырып айқындалады. 
9.2 Жҧмыс істеп тҧрған кәсіпорындарды қалыпты жағдайда қайта қҧру кезінде 
қҧрылыс-монтаж жҧмыстарын механикаландыру кӛлемі шағын және жоғары маневрлігі 
бар қҧрылыс машиналарын, ал жабық ҥй-жайларда электр жетегін қолдануды есепке ала 
отырып жҥзеге асырылады. 


ҚР ҚН 1.03-00-2022 
35 
9.3 Инженерлік желілерді салу кезінде топырақты басу, тесу, микротоннельдеу, 
кӛлденең бағытталған бҧрғылау әдістерімен жерасты коммуникацияларын траншеясыз 
тӛсеуге арналған машиналар мен жабдықтар, топырақты тығыздау механизмдері және 
басқалар қолданылады. 
9.4 Объектіде жҧмыс жҥргізуге арналған машиналарды таңдау кезінде автоматты 
басқару және бақылау аспаптарымен жабдықталған машиналарға, сондай-ақ автоматты 
және жартылай автоматты жҥк қармағыш қҧрылғыларға артықшылық беру қажет. 
9.5 Биіктігі бес және одан да кӛп қабатты (биіктігі 15 метрден астам) ғимараттарды 
тҧрғызу кезінде жҧмыс жҥргізілетін жерге жҧмысшылар мен жекелеген материалдарды 
кӛтеруге кететін уақыт шығындарын қысқарту мақсатында ҚҦЖ және ЖӚЖ 
жобаларында қҧрылыс, ӛңдеу және барлық арнайы жҧмыстарды орындау кезінде 
кӛтерілетін (мҧнаралы кранмен) материалдар мен қҧрылымдардың жҥктерді (басқаларды) 
және адамдарды кӛтеруді қамтамасыз ететін жҥк-жолаушылар лифттерін (кӛтергіштерді) 
орнату ерекшелігін кӛрсету талап етіледі, объектіге мҧнара крандары орнатылған немесе 
бӛлшектелгеніне қарамастан.
9.6 Шағын механизация қҧралдары қҧрамында қҧрал-саймандық-тарату пункттері 
және қҧрылыс-монтаж жҧмыстарын механикаландырылған орындаудың қажетті 
техникалық 
қҧралдары 
бар 
жылжымалы 
қҧрал-саймандық 
шеберханалар 
ҧйымдастырылатын қҧрылыс ҧйымдарының мамандандырылған бӛлімшелерінде 
(учаскелерде, шағын механизация басқармаларында) шоғырландырылады. 
Бетон, монтаж, тас, сылақ, санитарлық-техникалық, электр Монтаждау, 
гидрооқшаулау және басқа да қҧрылыс жҧмыстарын орындау ҥшін қажетті қҧрылыс-
ӛңдеу машиналарын, жабдықтарды, қҧрал-саймандарды, технологиялық жабдықтарды 
қоса алғанда, шағын механикаландыру қҧралдары орындалатын жҧмыс технологиясына 
сәйкес нормаланған жиынтықтарға жинақталады. 
9.7 Қҧрылыс алаңының шекарасында жҥктерді тасымалдау тәсілдерін таңдау тиеу-
тҥсіру операцияларын ескере отырып, ЖӚЖ жобаларында жҥргізілуі тиіс. 
9.8 Қҧрылыс объектілеріне кәдімгі кірпішті, тас, газсиликатты блоктарды, шатыр 
бҧйымдарын және басқа да контейнерге және пакетке жарамды жҥктерді жеткізу 
контейнерлеу мен пакеттеудің тиісті қҧралдарын қолданумен қамтамасыз етіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет