1 Техникалық реттеудің мемлекеттік құрылымын қандай органдар құрайды



Дата07.02.2022
өлшемі54,96 Kb.
#93176
Байланысты:
Сертификаттау.Практикалық сабақ 2
аааааа, аааааа, аааааа, Ïóëüñò³ê òîë?ûííû? òàðàëó æûëäàìäû?û ?àí à?ûñûíäà?û ñûçû?òû æûëä, 2этап тест ответ, Хамидолла Инабат МХ21 1неделя, ДАМУ КЕМІСТІГІ БАР БАЛАЛАРДЫ ЗЕРТТЕУДЕГІ КЕШЕНДІ ТӘСІЛ

1 Техникалық реттеудің мемлекеттік құрылымын қандай органдар құрайды.
Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң құрылымын:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) уәкiлетті орган;
3) өз құзыретi шегiнде мемлекеттік органдар;
3-1) аккредиттеу жөніндегі орган;
4) мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестер;
5) Саудадағы техникалық кедергiлер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығы (бұдан әрi - Ақпарат орталығы);
6) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер;
7) сәйкестiктi растау жөніндегі органдар, зертханалар;
8) сәйкестiктi растау, тауар шығарылатын елді анықтау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлар;
9) техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттік қоры құрайды.

2 Техникалық реттеу аумағындағы үкіметтің құзіреттілігі

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң техникалық реттеу саласындағы құзыретiне мыналар жатады:


1) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;
2) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiн құру;
3) техникалық реттеу саласында құқықтық реформаны қамтамасыз ету;
4) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiн дамыту бағдарламасын бекіту;
5) қорғау технологияларын қолдану ережелерiн және мiндеттi қорғалуға жататын құжаттар мен объектiлер тiзбесiн бекіту;
6) техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiнiң депозитарийiн құру және жүргiзу ережелерiн бекіту;
7) өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүддесi үшiн консультациялық-кеңесшi органдар құру;

8) техникалық регламенттерді бекіту;

8-1) техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және күшін жою тәртібін белгілеу;
9) 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен алып тасталды 
10) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды атқару.

10-1) техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарды бекіту.


11) тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі ережені және тауардың шығарылуы туралы сертификатты беру ережесін бекіту;
12) ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілетті органды (ұйымды) айқындау;

13) кеден одағы тауарының және (немесе) шетелдік тауардың мәртебесін айқындауға уәкілетті органды (ұйымды) белгілеу;

14) өнiмдi таңбалау тәртібін белгiлейдi;

14-1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтаждары үшін пайдаланылатын әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды әзірлеу, келісу, қабылдау, есепке алу, өзгерту және күшін жою қағидаларын бекіту;

15) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

3 Сәйкестікті растау аумағындағы уәкілетті органның қызметері
Уәкiлеттi орган мынадай функцияларды орындайды:
1) сәйкестiк сертификатының, сәйкестiк туралы декларацияның, өтініш-декларацияның, тауар шығарылатын елді анықтау жөнінде сертификаттың нысандарын белгiлейдi және оларды шығаруды ұйымдастырады;

2) өтініш-декларацияларды тіркеу тәртібін белгілейді;


3) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң ережелерiн әзiрлейдi;
4) шағымдарды (апелляцияларды) қарау үшiн апелляциялық комиссия құрады;
5) егер басқа ұйымдар шығарған сәйкестiктi растау мәселелерi жөніндегі құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң талаптарына сай болмаса, олардың күшiн жою туралы ұсыныстар дайындайды;
6) зертханааралық салыстыру сынақтары (салыстырмалар) бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Уәкiлеттi орган осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет