Северо-Западный кентін 2015 жылы әлеуметтік – экономикалық дамытуды



Дата27.12.2016
өлшемі202,35 Kb.
#5581
Северо-Западный кентін 2015 жылы

әлеуметтік – экономикалық дамытуды

қамтамасыз ету бойынша

Долинка кенті әкімі аппаратының қызметі туралы

ЕСЕП
Құрметті кент тұрғындары, құрметті шақырылғандар!

«Долинка кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметінің басымдылығын кентті әлеуметтік – экономикалық дамытуға бағыттайды. Сонымен қатар, біздің қызмет мемлекеттік бағдарламаларды, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын, жоғары тұрған басшылықтың тапсырмаларын іске асыруға, халықтың экономикалық тұрақтылығын және әлеуметтік салауаттылығын қамтамасыз етуге шақырылған дағдарысқа қарсы шараларды орындауға бағытталған.

Өткен 2015 (екі мың он бесінші) жылды қорытындылауға және өткен кезеңде біздің атқарған жұмыстар туралы есепті ұсынуға рұқсат етіңіздер. Одан әрі біз сіздермен осы есепті талқылап, кентті әрі қарай дамыту жоспарларымен перспективаларын анықтаймыз.

Долинка , Северо – Западный және Сангородок кенттерін дамытуға жергілікті бюджет есебінен 2015 жылы 21630 млн.тг. бөлінді, осы қаражат есебінен келесі іс – шаралар атқарылды:

абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық жағдай.

әлеуметтік ақпарат бар баннерлер жыл ағымында дайындалды және әр түрлі объектілірде орналастырылды.

кент аумағының сыртқы көрінісін тазарту және жақсарту мақсатында, 28 «Таза бейсенбі» және 14 сенбіліктер өткізілді, оларға тұрғындар, кәсіпкерлер және барлық меншік түріндегі ұйымдар мен кәсіпорындар қатысты. Абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша іс – шараларды өткізу кезеңінде, бюджеттік ұйымдардың күштерімен ағаштардың жандарындағы өсінділерді кесу, қоқыс пен жапырақтаржы жинау, шөптерді шабу жүргізілді, 148 ағаш әктелді.

Иттер мен мысықтарды асырудың бекітілген ережесіне сәйкес, ағымдағы жылы 13 қаңғыбас ит ұсталынды.

2015 жылы мектеп аумағында спорттық – бос уақыт модульін абаттандыру жоспарланды (қошауы бар, жасыл төсемді, жарық және жаттығу тренажерларымен көп қызметті футбол-баскетбол-хоккей алаңы). Бірақ, мемлекеттік сатып алуды жеңген мердігер жұмыстарды орындауға кіріспегендіктен, біз оны мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап – арызды сотқа жолдадық, сот талап – арызды қанағаттандырды. Сот процесстерінің барысында абаттандыру мерзімдері өтіп кетті, соның салдарынан қаражат бюджетке қайтарылды.

Елді мекендердің жолдары және көшелерді жарықтандыру.

Кентке кіретін жалпы алаңы 1297 шаршы метр автомобиль жолына ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Жолдарды сақтауды «Умерханов» ЖК қамтамасыз етті, ол қысқы және жазғы мезгілде 90 сағаттар артық жұмыс атқарды, жолдарды тазалау және жоспарлау жүргізілді. Барлық осы шаралар жолдарда жүруді жақсартуға мүмкіндік берді және қауіпсіз жол қозғалысын қамтмасыз етуге септігін тигізеді.

Су тасқыны кезеңінде Северо – Западный кентінде өзең арқылы Полевая көшесіне су жіберу өткелі бұзылды, тұрығндар бірнеше айға өмірді қамтамасыз ету және білім беру объектілерінен ажырады.

Депутарттар Маршида Раисовна Кадырованың, Максат Секеновна Муратбекованың, «АрселорМиттал Темиртау» АҚ КД технологиялық көлік басқармасының, «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС, «Горкомхоз» ЖШС директоры Владимир Михайлович Симусовтың, Кірпіш зауыты директорының орынбасары Аслан Темирбаветың, кәсіпкерлер Дулат Сеитович Конуровтың, Серик Кажаевтың, Ерганат Бейсенович Шалабаевтың, Нурлан Дюсенбаевич Умерхановтың, «АрселорМиттал Темиртау» АҚ КД ардагерлер кеңесіның төрағасы Борис Павлович Жуковтың және кент тұрғындарының арқаларында, күштерді бірлестіре отырып осы өткел бюджеттік қаражатсыз қалпына келтірілді, ол үшін оларға шын жүректен алғыс білдіремін. Ол қайырымды адамдардың көмегімен көп мәселелерді шешуге болатындығын куәландырады.

Кенттің көше жарығын сақтауға қатысты 20 дана көлемінде істен шыққан шамдарды ауыстыру, іске қосуды реттеуші аппаратураны реттеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Көше жарығында пайдаланылған электр энергиясына төлем жүргізілді. Қазіргі уақытта кенттерде 45 жарық нүктелері қызмет етеді.



Санитарлық тазалау

Санитарлық – эпидемиялық жағдайдың саламаттылығын сақтау мақсатында, қоқыстың стихийялық жиналу орындарынан жергілікті бюджет есебінен Северо – Западный кентінен 697 кубметр қоқыс шығарылды.



Сонымен қатар Долинка кенті әкімінің аппараты тұрғындармен 8 жиын өткізді, халықтың өз күшімен қоқыс шығару үшін қаражат жинауға жауапты тұлғалар тағайындалды, нәтижесінде 8 қоқыс алаңынан 210 м³ қатты – тұрмыстық қалдықтар бірнеше рет шығарылды. Кенттің белсенді тұрғындарының қатсықандықтарын атап өткен жөн: олар Жуков Борис Павлович, Богданова Ирина Ивановна және Коваленко Наталья Георгиевна. Кент әкімінің аппараты кенттік полиция қызметкерлерімен берлесіп санитарлық рейдтер өткізді. Жылдың басынан бастап кенттік полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік құқық бұзушылықтарға 230 әкімшілік хаттама құрды, оның ішінде 102 хаттама бойынша 1 млн. 93 мың 73 теңге соммасына әкімшілік айыппұлдар салынды, 94 мың 145 теңге өндірілді, осы бағыттағы жұмыстар жалғастырылуда.

Электрмен қамтамасыз ету.

Кенттегі электрмен қамтамасыз етуші ұйымдар болып «Расчетный Сервисный Центр» ЖШС болып табылады, желілерге қызмет көрсетумен олардың иесі «ЭнергияСтрой» ЖШС, директор – Ю.Н. Мусаев айналысады.

Абоненттер саны:

- заңды тұлғалар – 12;

- жеке тұлғалар – 634.

Электр желілерінің ескіруіне байланысты, авариялық апаттар үнемі орын алады. Қатты жел соққан кезде Сенная көшесі бойынша жарықтың үнемі сөнуінің салдарынан сымдардың оралуын болдырмауда «ЭнергияСтрой» ЖШС әуе желісінде бөлшектеп тартты, үлкен ара қашықтыққа изоляторлар ауыстырылды, бірақ осы уақытқа дейін осы электр желілеріне күрделі жөндеу жүргізу, немесе оларды жетілдіру мәселесі ашық қалпында. Сонымен қатар, электр желілерінің иесі Ю.Н. Мусаевқа өткен жылы электр энергиясын беру және бөлуге егер ол, кенттің электр желілеріне күрделі жөндеуді инвестицияласа жаңа тариф бекітілгенін айтып өткен жөн. Осы іс – шаралардың орындалуын бақылауды жергілікті атқарушы орган және Қарағанды облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу Комитетінің департаменті жүргізеді.



Телефон байланысы, интернет.

Телефон байланысымен және интернетпен қамтамасыз ету бойынша қызметтерді ұсынатындар:

- «Казахтелеком» АҚ, барлық абоненттер -17 ( 2015 жылы 12 абонент қосымша қосылды).

- «Ремстройсервис» ЖШС – барлық абоненттер-391. Өткен жылы телефон желісіне қосымша 2 абонент қосылды.

«Ремстройсервис» ЖШС интернет – Мегалайн желілеріне 199 абонент қосылған (2015 жылы қосымша – 12 абонет қосылды).

Әлеуметтік қорғау және халықтың жұмыспен қамтылуы.

Долинка кентінде статистика мәліметтері бойынша халық саны 5046 адамды құрайды.

Оның ішінде:

Экономикалық белсенді халық - 2981 адам;

Зейнеткерлер-1366 адам;

Оқушылар - 405 адам;

Мектеп жасына дейінгі балалар-292 адам;

ҰОС қатысушылары -2 адам.

Біздің жұмыстың негізгі бағыттарының бірі әлеуметтік саланы дамыту болып табылады. Бәрінен бұрын ол, халықты әлеуметтік қорғауға, оның аз қамтылған салаларына, саясатқа, жұмысқа орналасуға көмек көрсету есебінен қамтмасыз етілетін тұрақты жұмыспен қамту саясатына, кәсібидайындық және қайта даярлыққа, қоғамдық жұмыстарға, өз іс терін ашуға материалдық көмек беру арқылы жұмыссыздардың өздіктерінен жұмыспен қамтылуларына қатысты. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсу, реформалар, даму» Жолдауында жаңа әлеуметтік саясат дайындау тапсырмасын алға қойды. Көлемді қысқа мерзімді қайта дайындау, кадрлық біліктілікті арттыру қайта ұйымдастырылатын болады. Кәсіпкерлікті дамыту үшін шағын кредиттеу кеңейтіледі. Мемлекеттік атаулы көмек тек қана мұқтаж азаматтарға, олардың нақты кірістерінің және өмірлік жағдайларының негіздерінде көрсетілетін болады.

Жұмыссыздықты сақтау жөніндегі іс – шаралар аясында, Долинка кенті әкімінің аппараты жұмыс берушілермен жұмыс орындарын қысқарпау туралы келісушіліктер болды. 5 жеке кәсіпкерлермен және 5 ұйымдармен 10 меморандумдарға қол қойылды.

«Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ және Долинка кенті әкімінің аппараты арасында 2015 жылға арналған қоғамдық – ақылы жұмыстарды орындауға шарт жасалды, барлығы 24 адам әрекеттестірілді. «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасын орындау шеңберінде Бурцева көшесі бойынша жолды ағымдағы жөндеуге 3 адам қатысты, әкімдік ғимаратын жөндеуге 2 адам қатысты.

Жылдың басынан бастап жұмыспен қамту қызметіне 78 адам жүгінген, оның ішінде жастар - 31 адам. Жұмыспен 66 адам қамтылды, оның ішінде жастар – 30 адам, ол жүгінгендердің 85 % құрайды.

Жұмыссыздар есебінде – 4 адам тұр, жұмыспен қамту қызметі қоғамдық жұмыстарға – 13 адамды жолдады, оның ішінде жастар – 3 адам.

11 Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға 305 мың теңге соммасы төленді № 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы 9 алушыларға 150 мың теңге көлемінде төленді. Жұмыспен қамту орталығында 3 аз қамтылған отбасылары есепте тұр. Бюджеттен тыс қаражат есебінен 3 адамнан тұратын 1 отбасына 20 мың теңге соммасына қайырымдылық әлеуметтік көмек көрсетілді.

2014 жылмен салыстырылған талдау, жұмыссыздардың азайғандықтарын, әлеуметтік төлем көлемі артып жатқандығын көрсетеді.

«Наурыз Мейрамы» мерекесін өткізу кезінде спорттық іс – шаралар, концерттік бағдарламалар өткізілді және кент тұрғындарына тәттілер таратылды. Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістін 70 жылғында, қаттар күнінде, соғыс ардагерлерінің және тыл қызметкерлерінің туған күндерінде сыйлықтар берілді. Балаларды қорғау күнінде О.Н. Омельницкий ЖК балмұздақ түрінде демеушілік көмек көрсетті. Кеншілер күні мерекесі қарсаңында біздің құрметті кешілер құттықталды және сыйлықтар берілді. Қарттар күнінде қозғалу мүмкіндіктері шектеулі еңбек ардагерлеріне және тыл қызметкерлеріне үйлерін аралай отырып сыйлықтар берілді. Төрт баласы бар Вострикова Аннаның аз қамтылған отбасына азық – түлік жиынтығы, балалар ойыншығы және киім түріндегі демеушілік көмек көрсетілді. Жаңа жылға қарай әкімнің қайырымдылық шыршасы өткізілді, Долинка кентіндегі 15 балаға және Северо – Западный кентіндегі 5 балаға тәртті түріндегі сыйлықтар берілді. Біздің депуттар Максат Секеновна Муратбековаға, Маршида Раисовна Кадыроваға және Анатолий Федорович Степановиқа әр түрлі мәселерді шешу бойынша жан – жақты көмек көрсеткендіктері және олардың ықыласты қатынастары үшін ерекше алғыс білдіргім келеді.



Денсаулық сақтау.

Халықтың денсаулық жағдайының дәрежесі кенттің әлеуметтік – экономикалық және мәдени дамыту шарасын анықтайды. Біздің кентің денсаулық сақтау жүйесі «Северо -Западный кентінің емханасы» КМҚК берілген. Қызмет көрсетілетін халық саны – 1696 адам, оның ішінде; ереске халық - 1296 адам, жасөспірімдер мен балалар – 400 адам. 2 дәрігер қабылдау жүргізеді: дәрігер – терапевт және дәрігер – педиатр. Емханада дезинфекциялық - стерилизацялық режимге, флюорографиялық тексерулерден уақытында өтуге, егуді уақытында алуға бақылау жүргізіледі. Балаларды иммундық алдын – алу бойынша қамту 93,5% құрайды.

Қалаға жақын орналасқындықтан, жедел жәрдем қызметін шахтинск қ. емханасының машинасы жүзеге асырады.

Білім беру және спорт.

Кенттік мектептегі оқушылар саны 152 адамды (соның ішінде 21 оқушы «мектеп алды даярлық» сыныбында) құрайды, шағын – орталық қызмет етеді. Біздің мектепте «Біздің мектептегі өмір» атты газет шығарылады, онда мектептің ішкі өмірі жарияланады, сонымен қатар волейбол және жеңіл атлетика мекцияларды қызмет етеді.

Ұстаздар құрамы 18 ұстазды және 3 тәрбиешені құрайды. Компьютерлік сынып бар. «Қамқор» акциясының аясында 26 оқушыға 40 мың теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетілді. Білім берудегі қол жетімділіктің маңызды аспектілерінің бірі оқушыларды әлеуметтік қолдау болып табылады. Демеушілік көмек арқасында 5 отбасының балалары кеңсе қажеттіліктерімен қамтмасыз етілді.

Спортты дамыту және салауатты өмір салтын қолдау үшін кент аумағында балалар спорт – ойын алаңдары бар. Сенная көшесінің тұрығндары өз күштерімен бұрыңғы бос алаңда балалар алаңын орната отырып әлеуметтік сана – сезімнің үлкен мысалын келтірді.

9 мамыр Ұлы Отан Соғысындағы Жеңіс күнінде мектепте көпшілік спорттық іс – шаралар өтті, оған тұрғындар белсенді қатысты. Шахан кентінде 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күніне арналған спартакиада Шахтинск аймағының кенттері арасында өткізілді, онда біздің команда жалпы командалық есепте 1 – ші орынға кубок ұтып алды.

Мәдениет

Долинка кентінде 3 мемлекеттік мәдениет объектілері қызмет етеді:

«Саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу» мұражайы, Шахтинск қаласы мәдениет үйінің Долинка кентіндегі филилалы, Шахтинск орталық кітапхана жүйесінің №11 кітапхана филиалы, онда әр түрлі іс – шаралар өткізіледі.

«Саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу» мұражайында әр түрді семинарлар, суреттер көрмелері, слайдтар көрсетілімі, экспозициялық залдар бойынша қызықты экскурсиялар, тақырыптық кездесулер өткізіледі, сонымен қатар жыл сайын «Мұражайдағы түн» атты театрланған қойылым болады, оған барушылардың саны сыйымдылығы шегінен үнемі артуда.

Мәдениет үйінде халықты мәдени, спорттық қызметке тарту бойынша жұмыс жүргізілуде. 2 вокалдық үйірме, қызмет, хореографиялық үйірме, бейнелеу өнерінің үйірмесі, қолданбалы өнер үйірмесі қызмет етеді, оларға кент тұрғындары бос уақыттарында барады. Кентте байқаусыз қалмайтын өз өнершілері бар. Сонымен қатар, бізде жастар орталығы қызмет етеді, олар МҮ филилалымен бірлесіп мерекелік іс – шаралар өткізеді, онда жастар санынан тұратын, мұқтаждарға көмек көрсететін волонтерлер бар, бұл орталықта тағы «СӨС» (саламаттыөмір салты) атты үйірме жұмыс істейді.

Біздің кітапхананың тұрақты оқушылар құрамы бар. Онда әр түрлі сипаттағы кез – келген талғамға кітаптар бар - танымдық, көңіл көтеретін және ғылыми. Кітапхананың кітап қоры - 14838 кітапты құрайды. Барлық оқушылар саны – 1048 адам. Кітап беру – жылына 19417 кітапты құрайды. Барушылар саны – 8907 адамды құрайды.

2015 жылы кенттердегі әлде қайда маңызды іс шаралар Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына, Қазақ хандығының 550 жылдығына, Қазақстан халқының ассамблеясына, Саяси қуған – сүргін құрбандарын еске алу күніне, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне, Тұңғыш Президент күніне, Конституция күніне, Астана күніне, Наурыз мейрамына арналды. 31 мамырда аумақта саяси қуған – сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған жалпы облыстық митинг өтті.

Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы мерекесін өткізуге орай ҰОС ардагерлеріне және тыл еңбекккелеріне құрмет көрсетілді, тұрғындарға дала асханасы, мерекелік концерт, түскі ас ұсынылды. Қарттар күнінде мерекелік концерт, кейін еңбек ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне дастархан жаюмен жалғастырылаы отырып өткізілді. Кенттегі барлық меркелер достастық және өзара түсіністікпен өтеді.

Құқықтық тәртіп

Ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Полиция мен халық арасындағы өзара байланысты және сенімді қатынасты нығайту үшін ашық есіктер күні, ұжымдармен кездесулер өткізіледі, халық жиналыстарымен жиындарына қатысады, қоғамдық қабылдау және снім телефондарының жұмыстары ұйымдастырылған.

2015ж. Долинка кенттік полиция бөлімі «Құқықтық тәртіп», «Қару», «Жасөспірім», «Қадағалау», «біздің аула» және басқа да жедел – алдын алу іс - шаралары өткізді.

Кенттің учаскелік полиция инспекторларының алдын – алу қызметтерінің тиімділікігін арттыру бойынша белгілі жұмыстар атқарылды. Оларға қоғамдық тәртіпті және азаматтардың жеке қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету, қылмыстарды алдын – алу, болдырмау және ашу, құқық бұзушылықты жеке алдын – алу жүктелген. Кәмелетке толмағандар арасында нашақорлықты болдырау мақсатында, Біз кенттің білім беру мекмелерінің оқушыларымен ағымдағы жылы кездесу өткіздік. Криминалисттік қамтамасыз етуге, жедел – іздестіру іс – шараларының, тергеу әрекеттерініңспаларын арттыруға негізгі назар аударылады.

Соның нәтижесінде қылмысты ашу 2014 жылмен салыстырғанда 11,3% өсті.

Өткен кезеңде азаматтар мен ұйымдардан қылмыстар мен оқиғалар туралы 652 өтініш, шағым тіркелді, 2014 жылы – 665, төмендеу 1,9% құрайды.

Әкімшілік қамауға 2014 ж. - 183 адам, 2015 жылы – 116 адам тартылды, төмендеу 36,6% құрайды. Елді мекемдердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзғандары үшін 230 бұзушыға әкімшілік айыппұлдар салынды. Қоғамдық резонанс тудырған жағдайлар БАҚ жарияланды.

Ауыл шаруашылық

Адам қызметінің ең көне салаларының бірі ауыл шаруашлығы болып табылады. Ол қызмет адамды дамытуға ерекше рөл ойнады және қазіргі экономикада өте маңызды орын алады.

Долинка кенттік округінде 7 шаруа қожалықтары тіркелген, олар өсімдік шаруашлығымен, мал шаруашлығымен, құс шаруашылығымен айналысады. Кенттер тұрғындары жеке аулаларда ірі қара мал, қой – ешкі және құс ұстайды. 2014 жылмен салыстырғанда мал басының саны және мал шаруашлығының негізгі өнімі өндірісінің оң динамикасы байқалады, ол жүргіілген бірдейлендіру салдарынан, сонымен қатар ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін тұрақты қолдау нәтижесінде туындады.

Әр шаруашылық есебі кітабының мәліметтері бойынша кенттерде өткен жылмен салыстырғанда байқалғаны:

ІҚМ 2014 ж. - 674 бас, 2015ж. -808, ұлғаю 19,8% құрайды.

ҚЕ 2014 ж.-1105 бас, 2015ж. – 1247, ұлғаю 12,8% құрайды.

Жылқылар 2014ж. - 115 бас, 2015 ж.-108, төмендеу 6,0% құрайды.

Шошқалар 2014ж. - 430 бас, 2015ж.-603, ұлғаю 40,2% құрайды.

Құс 2014ж.- 3770 дана, 2015ж.-3920, ұлғаю 3,9% құрайды.

Халықтың өмір сүру деңгейі көбінесе жеке ауланы дамытудға байланысты. Бүгінгі күні кент тұрғындары мал шаруашылығын дамытуға қатысты жанданды, олар қазіргі күнде сұранысқа ие ет және сүт өнімдерін базарға жеткізеді, ол өз кезегінде сауда саласында біздің республикада импортты ауыстыруға септігін тигізеді. Сонымен қатар кент өзінің картобымен, қиярымен және басқа да өнімдерімен танымал.



Шағын және орта бизнесті дамыту

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты халыққа Жолдауында қойлған тапсырмаларды іске асыру және кәсіпкерлікті дамыту, сонымен қатар шағын бизнесті қолдау бойынша іс – шараларды орындау мақсатында, Долинка кенті әкімінің аппаратында кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың жоспары дайындалды және бекітілді.

Бүгінгі күні үш кентте 35 ШОБ объектілері әрекет етеді, соның ішінде: дүкендер – 24, дәріхана – 2, АЗС – 2, АГЗС – 2 , қоғамдық тамақтану кәсіпорындары – 1, шаштараз – 3, пластиктік терезелер дайындау бойынша цех, газ баллондарын іске асыру және жеткізуді «Хантер АГЗС» ЖШС Қарағанды филиалы жүзеге асырады. Осы салада жұмыспен қамтылғандар саны 349 адам. Кәсіпкерлік субъектілерінің артуы анық көрінуде, ол біздің кәсіпкерлермен бірлескен жұмысымыздың және оларды қолдауымыздын он динамиасы.

Дағдарысқа қарсы және тұрақтандыру іс – шараларының жоспарын орындау мақсатында, кент әкімі аппараты және кәсіпкерлер арасында негізгі азық – түлік тауарларына бағадарлы тұрақтандыру туралы 24 меморандум, сонымен қатар дәрілік заттарға 2 меморандум жасалды және қол қойылды, негізгі азық – түлік тауарларына, дәрілік заттарға бағаны негізсіз көтеруді болдырмау туралы меморандум тармақтарын түсіндіру үшін кәсіпкерлермен кездесулер өтеді. Бірақ, сонымен қатар бұл жұмыс бір бағыттағы тәртіпте өтпейді, әңгіме үлгісінде біз үнемі әр түрлі кездесулер өткіземіз, оларға әр түрлі қаржы құрылымдарының өкілдері шақырылады.

Шахтинск қ. кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімімен, Шахтинск қ. жұмыспен қамту орталығымен, сонымен қатар Шахтинск қ. мемлекеттік кіріс басқармасының мамандарымен бірлесіп жыл ағымында шағын және орта бизнес субъектілеріне Қазақстан Республикасының салық заңнамасына енгізілген өзгертулерді түсіндіру бойынша кеңестер өтті, семинарлар өткізілді, әдістемелер, буклеттер таратылды, бизнес – жоспарларды ақысыз дайындауға көмек ұсынылды.

Кенттің кәсіпкерлері өз бизнестерін кеңейтумен белсенді түрде айналысуда, оны олар банктер және шағын кердиттеу ұйымдары арқылы инвестициялайды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасын орындауда өткен жылы Шахтинск қ. жұмыспен қамту орталығына жылыжайдың құрылысына Азимов Казимжан Ярматович өтініш берді және несие алды, ол 2016 жылы жылыжайды ашуды және көкөністер өсіру бойынша жұмысты жалғастыруды жоспарлауда. Бүгінгі күні шағын және орта бизнестің жаңа субъектілерін ашу бойынша жұмыс жалғастырылуда, жаңа бастап келе жатқан кәсіпкерлерге барлық жағдайлар жасалды.



Мемлекеттік қызметтер көрсету

Президенттің «"Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына Жолдауында, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ерекше назарды мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыруға аудару қажет». «Міндет – мемлекеттік аппараттың халықпен өзара қарым-қатынастарында біржақты-өктем көзқарастардан арылып, азаматтарға мемлекеттік қызметтерді тиімді және жедел түрде көрсетуге көшу» деген болатын.

Долинка кенті әкімінің аппаратында 16 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, соның ішінде:

- әлеуметтік сала – 4 қызмет;

- жер қатынастары – 2 қызмет;

- азаматтардың хал актілерін тіркеу желісі бойынша – 8 қызмет;

- білім беру -1 қызмет;

-жеке қосалақы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру -1 қызмет.

өткен жылы мүмкіндіктері шектеулі тұрғындар үшін әкім аппараты ғимаратының, нормативқа сәйкес келетін пандусы қайта құрылды.

Халыққа мәлімет үшін мемлекеттік қызмет көрсету туралы мақалалар тоқсанына 1 рет «Шахтинский вестник» газетіне жарияланады.

2015 жылы келесідей қызметтер көрсетілді:

- жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру – 51 дана;

- он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау – 14 дана;

-мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау – 11 дана;

Есеп кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына тұрғындардан Долинка к. әкімінің аппаратына шағымдар түскен жоқ.

Азаматтардың өтініштерін қарастыру

Азаматтардың өтініштерімен жұмыс, оның үлгілерін және әдістерін жетілдіру мемлекеттік органдардың қызметіндегі негізгі бағыттардың бірі болып табылады.

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Долинка кенті әкімінің аппаратында «Айқын» жобасы жұмыс істейді, ол бойынша азаматтар және заңды тұлғалар өз өтініштерін қарастыру барысын Интернет арқылы көре алады.

2015 жылы әкім аппаратына жеке тұлғалардан 36 жазбаша және ауызша өтініш келіп түсті, жеке қабылдауда 12 адам қабылданды. 2014 жылмен салыстырғанда өтініштердің азайуы 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрғылықты жері бойынша, пешпен жылу берудің болуы туралы анықтамалардың берілмеуіне, сонымен қатар нотариалдық әрекеттер өтініштердін жүйелендірілген есебіне кірмеуімен байланысты.

Барлық өтініштер автоматтандырылған ақпараттық жүйеде тіркеледі. Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау үнемі жүргізіледі, оларға тиісті жауаптар, ұсыныстар, кеңестер беріледі. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру бойынша әкім аппаратының лауазымды тұлғаларына шағымдар түскен жоқ.

Өткен жылы түскен барлық өтініштердің талдауы, азаматтардан түскен өтініштердің жалпы санынан: 1 өтініш жер пайдалану мәселесі бойынша, 1 өтініш денсаулық сақтау мәселесі бойынша, 1 өтініш құрылысты реттеу мәселесі бойынша, 11 өтініш халыққа нотариалдық қызмет көрсету мәселесі бойынша. Өтініштердің көп бөлігі тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық мәселелерін шешуге бағытталған – 22 өтініш.

Барлық өтініштерге орнатылған мерзімдерде негізделген жауаптар берілді. Түскен 18 өтініш бойынша түсіндіру сипатындағы жауаптар берілді, 18 өтініш қанағаттандырылды. Одан әрі де ешқандай өтініш қараусыз қалдырылмайды, ал олардың орындалуы бақылауда болады. Азаматтардың өтініштерін тудыратын себептер талдауы үнемі жүргізіледі, оларды жою бойынша шаралар қабылданады. Долинка кенті әкімі аппаратының ғимаратында азаматтардың өтініштерін жинау үшін жәшік орнатылған. Соңғы уақытта әкім аппаратына өтініштер мен шағымдар саны айтарлықтай азайуда.

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық заңнамасын бұзу мәселесіне үлкен көңіл бөлінеді. Кент әкімі аппаратының басым бағттарының бірі сыбайлас жемқорлықтық бұзушылықтарды тудыратын себептер мен жағдайларды алдын – алу және жою, әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің және кент халықының білім деңгейлерін арттыру, мемлекет саясатын нәсихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізілетін іс – шаралардың дұрыстығы мен ашықтығы болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, Долинка кенті әкімі аппаратының барлық мемлекеттік қызметкерлері және олардың зайыптары жыл сайын Шахтинск қаласы бойынша салық басқармасына кірістері туралы декларация тапсырады, заңда беліленген шектеулерді қабылдауға жазбаша келісім береді.

Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі Шахтинск аймағындағы 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындауда Долинка кенті әкімінің аппаратында 2015 жылдың өткен кезеңінде сыбайлас жемқорлықпен күрес бағдарламасын іске асыру бойынша белгілі жұмыс жүргізілді. Құқықтық жалпыға бірдей оқуда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлердің этика ережелері үнемі қарастырылды. Сыбайлас жемқорлықтық құқық бұзушылық және мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік этика ережелерін бұзу туралы ақпаратқа жедел әрекет ету үшін Долинка кенті әкімінің аппаратында сенім телефоны орнатылған, оның нөмірі ай сайын «Шахтинский вестник» газетіне жарияланады. 2015 жылы мемлекеттік қызметкерлердің Ар – намыс кодексін бұзу деректері туралы сенім телефонына, сонымен қатар жазбаша өтініштер және азаматтардан шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік сатып алулар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңына сәйкес өткізілді, мемлекеттік сатып алу сайтында ақпарат орналастырыла отырып. «Өзіңнен баста» акциясының аясында «Шахтинский вестник» газетінде менің кірістерім туралы ақпарат жарияланды.

«Долинка кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ақпараттық стендінде мемлекеттік органның қызметі, кент әкімінің жеке қабылдау кестесі туралы ақпарат, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы жадынама, шағымдар мен ұсыныстар кітабы, мемлекеттік қызметкерлердің Ар – намыс кодексін бақылау кітабы, Қарағанды облысының тәртіптік кеңесінің сенім телефоны орналастырылған.



Ішкі саясат

2015 жылы ішкі саясат саласындағы негізгі бағыт, алдыңғы жылдардағындай кенттік деңгейде қоғамдық – саяси тұрақтылықты, демократизацияны және қоғамды топтастыруға бағытталған жалпы мемлекеттік курсты іске асыру болып табылады.

«Долинка кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіГ Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұрлы жол - Путь в будущее» Жолдауын түсіндіру бойынша ақпараттық – нәсихаттау тобының жұмыс жоспары құрылды және орындалып жатыр.

Президент Жолдауын нәсихаттау және түсіндіру, халықты қоғамдық маңызды міндеттерді шешуге тарту үшін, Долинка және Северо – Западный кенттері ұйымдарының және мекемелерінің бірінші басшылары сандарынан 10 адам құрамына кіретін Жолдауды түсіндіру бойынша ақпараттық – нәсихаттау тобы құрылды және әрекет етеді. Ақпараттық – нәсихаттау тобының жұмысы кездесулер, «дөңгелек үстелдер», дәріздер және т.б түрінде өтеді. 2015 жылдың өткен кезеңінде 12 кездесу өткізілді

Ақпараттық – нәсихаттау тобы кездесулерінің негізгі міндеті, Президенттің Қазақстан халқына жүгінген идеяларын ұғыну, Елбасының Жолдауын іске асыру бойынша, Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдау аясында тек осы жылға емес алдағы онжылдыққа да міндеттерді анықтау болып табылады.

Долинка кенті әкімінің аппаратымен кентті саяси және әлеуметтік мазмұндағы идеологиялармен безендіру бойынша белгілі жұмыс жүргізіледі. Нәсихаттау құралы ретінде сыртқы жарнамада Президент Жолдауының дәйкесөздері пайдаланылады. Дәйексөздер терең мағыналыболып табылады және тез жатталады. Кент аумағында саяси тақырыптағы билбордттар мен баннерлер үнемі орнатылады.

Қорытындылай келе, жоғарыда айтылғандардың барлығы – біздің кентті одан әрі дамыту бойынша күнделікті жұмыстың бөлшегі екендігін атап өткен жөн. Барлығымыздың күшімізбен Біз кенттің мәртебесін жақсартуға бағытталған жаңа жобаларды және қойылған мақсаттарды, іске асыра, сонымен қатар ел Президентінің қойылған тапсырмаларын шеше аламыз.

В заключении хотелось бы отметить, что все сказанное выше – это лишь часть нашей повседневной работы по дальнейшему развитию нашего поселка. Общими усилиями мы сможем осуществить новые проекты и поставленные цели, направленные на улучшение жизненного статуса поселка, а также решить задачи, поставленные Президентом нашей страны.


Назарларыңызға рахмет!

Долинка кенті әкімі

М.-С.И. Бдуов

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет