Рецепторлы жасушалар:
Адам денесінің әрбір бөлігінде рецепторлардың бірнеше түрі бар. Мысалы, ауыз қуысында дәм сезу рецепторларынан басқа ыстық, суық және ауыруды сезу рецепторлары да орналасқан. Сондықтан кәдімгі жағдайда бізде жеке сезімдер емес, сезімдердің тұтас үйлесімі пайда болады. Анализаторлар да бір-бірінен оқшау емес, тығыз өзара әрекетте қызмет етеді. Жеке анализаторлардан жүйке жолдары мидың қатаң түрде белгілі бір орталығына бағытталады.
Мысалы, шүйде аймағында - көру анализаторының жоғары бөлімі, ал самай аймағында - есту, төбе аймағында тері бөлімі орналасады.
Сезім мүшелері — сыртқы қоршаған ортадан және ағзаның өзінің ішкі органдарынан келген ақпаратты алғашқы талдау жасайтын перефериялық арнайы анатоми-физиологиялық жүйе,
Сенсорлық жүйенің перефериялық бөлімі. Қоршаған ортадағы барлық мәліметтерді біз сезім мүшелерінің көмегімен аламыз. Сезім мүшелерінде сезгіш нейрондардың ұшы (рецепторлар) әр түрлі тітіркенулерді қабылдайды.
Дыбыс, температура, химиялық ісер т.б. тітіркендіргіштерге жатады. Әрі қарай сезгіш нейрондардың өсінділері арқылы қозу үлкен ми сыңарлары қыртысының белгілі бір аймағына беріледі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Ж.О.Аяпова Гистология А.2005
- М.Нұрышев «Гистология және эмбриология негіздері» Оқулық. Алматы: Қарасай. 2007.
- Ж.О. Аяпова «Цитология, эмбриология және гистология» (оқу құралы) Алматы, 2007.
- Ә.Кузенбаева, Адам анатомиясы А.2001 жыл w.w.w.Gistologia.kz
Достарыңызбен бөлісу: |