Сезімталдық түрлері



бет4/14
Дата26.05.2020
өлшемі332,33 Kb.
#71260
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
макро
Екінші нейрондардың клеткалары жұлынның артқы мүйізінде жатады да олардың аксондары сұр зат тұтастығының алдыңғы жағында әр сегменттің тұсында жұлынның қарсы жақ бүйірінен жұлын –көру төмпешігі жолын құрастырады. Бұдан әрі бұл жол жоғары қарай көтеріліп, ми бағанасы арқылы көру төмпешігіне жетеді де оның артқы ішіне қарай орналасқаи ядросында аяқталады.

Терең сезімталдықтың және жартылай жанасу сезімталдығы талшықтары жұлынға кірісімен оның артқы мүйізіне соқпай, артқы:: діңгекке қарай бағытталады. Жұлынның артқы діңгегінде аталған

талшықтар Голль және Бурдах будаларын (шоғырларын) құрастырады. Голль шоғыры дененің төменгі бөлігі мен аяқтағы, ал Бурдах шоғыры дененің жоғарғы бөлігіндегі импульстарды алып жүреді. Голль және Бурдах шоғырлары өз жағымен жоғары көтеріліп сопақша мида өздері аттас ядроларда тоғысады. Мұнда екінші невронның клеткалары бар. Екінші неврондардың аксондары төменгі олива деңгейінде айқасып, медиалдық тұзақ түрінде байланады да үстірт сезімталдық жолымен тоғысады және көру төмпешігінің артқы ішіндегі ядрода аяқталады.

Медиалдық тұзақта терең сезімталдық өткізгіштері ортасына (ішіне) қарай, ал үстірт сезімділік өткізгіштері сыртьша қарай орналасады. Медиалдық тұзақтың өне бойында гипоталамус құры-лымдарына, торлы формацияға және бас-ми нервтерінің ядрола-рына бағытталған қосымшалар шығады.

Көру төмпешігі сезімталдықтың барлық түрлеріне тән коллектор болғандықтан, секреция және ми қан тамырлары жүйелерімен көптеген байланыстары арқасында шартты рефлекстердің іске қосылуында алатын орны ерекше.

Көру төмпешігінің артқы ішіндегі ядрода жалпы сезімталдықтың барлық түрлерінің үшінші нейрондарының клеткалары бар. Олардьщ аксондары көру төмпешігі - ми қыртысы шоғырына айналады.

Бұл шоғыр ішкі капсуланын артқы бөлігінен өтіп, сәулелі шеңбер тәрізденіп (согопа гасііаіа) ми қыртысының самай бөлігіне, көбіне артқы орталық ирелеңіне (1, 2, 3, 5, 7 полялар) бағыт алады. Осы тұста ми қыртысының екінші және төртінші қабаттарына (сыртқы және ішкі бүртікті қабаттар) орналасқан ми қыртысы клеткаларында барлық сезімділік жолдары аяқталады.

Сезімталдық жолдарының әрқайсысы бір реттен айқаса өтетіндіктен олар дененің оң немесе сол жағын ми жарты шарларының қарама-қарсы жартысымен байланыстырады. Дененің жарты бөлігі мидың артқы орталық ирелеңіне төңкеріліл қабылданады.

Терең және беткей сезімталдық жолдары

Ұзын жолдардың орталықтан шеткей орналасуы





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет