Сезімталдыкты зерттеу тәсілдері
Сезімталдықтың барлық түрлерін зерттеу кезінде сырқаттың көзі жұмулы болу керек.
Жанасу сезімталдығын тексеру кезіндс дәрігер бір шоқ мақта немесе қыл шашағын алады да сырқаттың бас, дене, аяқ-қол терілсрінің әр түрлі жерлеріне тигізсді. Сезімталдығы бұзылмаған адам әр түрлі жанасуды сезеді де оны «иә» деп мақұлдап отырады. Дененің сезімталдығы жойылған тұсында сырқат жанасу әсерін сезбейді.
Ауырсыну сезімталдығын тексеру үшін дәрігер түйреуіш ұшымен бастың, дененің, аяқ-қолдың әрбір жерін симметриялық шамада екі жағынан жеңіл түртеді. Науқас түрткілеудің «өткір» немесе «өткір емес» екендігін айтып отыруға тиіс. Егер түйреуішпен түрткен кезде сырқат адам нерв жүйесі зақымданған аймақтарында ауырсынбаса (аналгезия), немесе сау жағымен салыстырғанда сәл ғана сезінсе, (гипалгезия) әйтпесе қатты ауырсына сезінсе (гапе-ралгезия), «өткір», «тұтқыл» немесе «өте өткір» екендігін білдіріп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |