Ш 79 ш онбайҚ. Бкінші болма. Жеціске жетудің қазақша жолм. /Қ. Шонбай



Pdf көрінісі
бет154/220
Дата19.03.2022
өлшемі8,29 Mb.
#136044
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   220
Байланысты:
Қуаныш Шонбай Екінші болма
11 А -ТЖБ. 4-тоқсан
ЕКІНШІ БОЛМА
Бірде маған бір кісі “сен” дей берді. 
Мен шыдамай 
кетіп, “Сіз” деп сөйлегеніңіз жөн болар” десем, “Ағылшын 
тілінде “сен” мен “сіздің” айырмашылығы жоқ” дейді. Ай- 
палайын-ау, біз Қазакстанда тұрамыз, қазақша сөйлесеміз 
гой. Ал мұнда “Сіз” бен “сен” - екі бөлек дүниелер.
191


ТАИМ МЕНЕДЖМЕНТТЩ
ҚАЗАҚША Н¥СҚАСЫ ЖӘНЕ
ЭНЕРГИЯНЫ БАСҚАРУ
“У ақыт - ақша” 
деген сөзді бэріміз естігенбіз. Басқа- 
ша айтқанда, эр секундтың ақша эквивалентінде санауға 
болатын бағасы (opportunity cost) бар. Сондықтан адамдар 
осы уақытты эффективті басқаруға тырыса бастады. 
Уақытты басқару, былайша айтқанда тайм менеджмент де­
ген - қазіргі замангы ең трендті тақырыптардың бірі. Бірақ 
парадоксты қара, уақыт ешкімге де бағынбайды. Уақыт 
біз келгенге дейін болған, біз кеткеннен кейін де болады. 
Уақыт біздің алақанымызда емес, біз уақыттың алақанын- 
да өмір сүреміз. Яғни уақытты басқару деген - нонсенс. 
Мысалы, сен машинаны басқара аласың. Тоқтату үшін те- 
жегішті бассаң, ол тоқтайды. Газды бассаң, жүреді. Уақыт 
ондай емес қой. Сондықтан тайм менеджмент - уақытты 
басқару деген үғым түбегейлі қате.
Колледжде оқыған кезімде, мықты ұстазым болды. Оның 
пікірін бағалайтындар көп еді. Сондықтан кеңес сұрап көп 
адам келетін. Оның ішінде эффективті тайм-менеджмент- 
ке қатысты. Неге екенін, тайм-менеджмент десе бэрімізге 
алдымен “ұйқыны қысқарту керек” деген ой келетін. Бірақ 
оның бізді таңғалдырғаны элі есімде. Сонда айтқаны: «Аз 
ұйықтауға тырысып керегі жоқ, ояу жүрген кезіңде өнімді 
болуға тырысу керек» деді. Демек, “ұйқыны ойлама, ояу 
жүргенде қатырып ал”.
192


ЕК1НШІ БОЛМА
М ы салы , ораза кезін, Рамазан айын алшы. Түстің кезін- 
де үш сағатқа байып кетесің бірден. Сонымен, бэріне үл- 
геріп, нәтижелі болудың құпиясы неде? Өзімізді басқару 
туралы айтқанда, біз өзіміздің энергиямызды меңзесек 
керек. Белгілі бір уақыт көлемінде белгілі бір істі орын- 
дауға жұмсайтын энергиямыз. Басқаша айтқанда, ақша 
деген уақыт емес, ақша деген энергия. Сенде энергия бар. 
Менде де бар. Бэрімізде өлшеулі энергия бар. Ұйықтасаң 
да, қыдырсаң да, бүлттарға қарап отырсаң да жаратасың. 
Жетістікке жүмсасаң да жаратасың.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   220




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет