Ш 79 ш онбайҚ. Бкінші болма. Жеціске жетудің қазақша жолм. /Қ. Шонбай



Pdf көрінісі
бет179/220
Дата07.03.2022
өлшемі8,29 Mb.
#134598
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   220
Байланысты:
Екінші болма кітап

Неге? Гладуэлл мүны 
“Ланган парадоксы” деп атай- 
ды. Өйткені, дисфункционалды отбасынан шыққан, ішкіш 
анасы мен өгей экесінен таяқ жеп өскен, жүдырық ала жү- 
гірмесең таяқ жегізетін көшеде өскен ол, жай ғана ойын 
жеткізе алмайтын болған. Ол бірінші универсиетінен ана- 
сының қаржылық форманы дұрыс толтырмаганы үшін 
шэкіртақыдан қағылып, сол себепті шығып қалады. Екін-
220


ЕКІНШІ БОЛМА
ни университетінен көлігі сынып, ақша таба алмай, екі қа- 
ианың ортасында жүруден шаршаған соң шығып қалады. 
"Екі жағдайда да оны тұрмыс тежеді. Бірақ тұрмыстың 
лрғы жағында адамдарга деген сенімсіздік, ішкі қарсылық, 
“бэрібір ешкім көмектеспейді” деген ой тұрды” дейді Гла- 
дуэлл. Мүмкін, оныкі де дұрыс шығар.
Роберт Оппенгеймер деген тағы бір генийді мысалға 
келтіреді. Ол да оңай шагылатын жаңғақ емес, тек, студент 
кезінде жетекшісіне каны қайнағаны сол, улап өлтірмек 
болады. Мүнысы мэлім болып, үлкен шу шығып, универ- 
ситеттен шеттетіледі. Ал енді осындай “мінезі түрақсыз 
тип”, біраз жылдан кейін атом бомбасын зерттейтін жоба- 
иың басқарушы қызметін иеленеді. Қалайша? Жай гана, ол 
озіне керек жауапты ала алатын, өзгелерге керек жауапты 
бере алатын адам болған. Психикасының дүрыстығына 
күмэні бола тұра, адамдар оның сенімді жауаптарын есті- 
генде позицияларын жұмсартады екен.
Бірінші жағдайда біз “дүние қатыгез” деп санап, ішкі қар- 
сылығының кесірінен бэрінен құр қалған адамды көреміз. 
Екіншісінде эмоционалдық тұрақсыздығына қарамастан, 
озіне қажет кезде ортаға бейімделе алатын адамды көреміз. 
Эрине, екіншісінің есте қаларлықтай карьера жасап, едәуір 
жетістіктерге жеткені айтпаса да түсінікті. Бүдан шығатын 
мораль: дүниені өзгертем деп эуре болма, дүниедегі өзіңді 
өзгерт. Бұдан келіп шығатын қорытынды, адамның қабілеті 
мен білімі ғана емес, оның қалай ойлайтыны маңызды. Әрі 
қарай адамның жетістікке жету үшін шартты ой паттернда- 
ры туралы айтқым келеді.
ШИРАҚТЫҚ. 
“Практикалық интеллектінің” бір аспектісі 
бар. Қазақта оны “ширақтык”, “пысықтық” дейді. Десе де 
“пысық” деген сөзге қатынас екіұдай. Пысық десе, бэріне
221


үлгереді, жылдам істейді, жолы болғыш, жетістікке жет- 
кіш деген сөз. Жэне “пысықай” десе, жүрмейтін жері жоқ, 
кіріспейтін ісі жоқ, бірақ ештеңені соңына дейін жеткіз- 
бейді деген мағынаны береді. Бұл - жағымсыздау анықта- 
ма. Жалпы, бізде пысык адамнан гөрі момын адамды мы- 
салға көп келтіріп, амбициядан гөрі ұяңдықты насихаттай 
ма деп қорқам. Меніңше, осы қатынасты өзгерту керек. 
Орыстар “предприимчивость” дейтін қасиет туралы айтып 
отырмын. Осы мағынадағы пысық болудан қорықпа. Ши­
рак бол. Уақыт соны талап етеді. Өзіңе берілген бір ғана 
өмірді лузер болып өткізуге қақың жоқ. Сондықтан, етің 
тірі болсын.
Владимир Познер сегіз жасында газет тасыған (“Проща­
ние с иллюзиями”). Ричард Брэнсон он екі жасында Рож- 
дествода сату үшін шырша өсірген. “Теряя невинность” 
(Losing Му Virginity: The Autobiography) деген кітабында 
ол, өзі өсіріп жатқан шырша бұтақтарын қояндар қырқып 
кеткенін айтады. Сонда ол, қояндарды ұстап алып, кор­
ни леріне сатып, бэрібір ақша жасапты.
Өз басым ең алғашқы табысымды 2000 жылдары таптым 
ғой деймін. Базарға шығып, шырша сатқаным бар еді. Он 
торт жасар бала үшін 2000 теңге деген әжептәуір ақша бо- 
латын. Сол ақшаға өзім армандаған кроссовки сатып алға- 
ным есімде. Анама сол кезде маған жұмыс істеуге рұқсат 
бергені үшін элі күнге алғыс айтамын. Өйткені өзінің 14 
жасар баласы базарда шырша сатып жүргені оған аса үнай 
қоймағаны анық еді. Ең бастысы, ол маған кедергі келтір- 
ген жоқ, қайта жұмыс істегенімді қолдады.
Талай жылдан кейін, Алматыда кофейняда отырып, 
тоғыз жасар Стас деген баланы көрдім. Ол ойыншық са­
тып жүр екен. Әдетте мен демалыс орындарында қайыр
2 22


ЕКІНШІ БОЛМА
сүрайтындарды аса ұнатпаймын. Ал бұл баланікі қайыр 
сұрау емес, адал еңбек еді. Баланы шақырып алып, 3000 
теңгеге ойыншық сатып алдым (4000 теңге деп тұр екен
саудаласып, бағасын түсірдім). Сол балаға қарап, қуан- 
дым. Алақан жаймайтынына, салфетка мен калам сияқты 
үсақ-түйек емес, кэдімгідей қомақты тауар жинай алғаны- 
ма риза болдым. Қоржынында он мың теңгеге дейін бара­
нин қымбат ойыншықтар да бар еді. Енді ойлап қарасаң, 
бүл бала сол ойыншықтың бэрін бір жерден алды ғой? 
Бәрін сатып алуға ақшасы жетуі неғайбыл. Демек, біреуді 
(ол эжесі болса да) көндіріп, сендіріп, жалға алғаны анық. 
Осы шаруамен айналысуға рұксат ала алғаны (тіпті ата-а- 
насынан болса да) да анық. Қарап отырсаң, оның осы ка- 
феге дейінгі жолының өзі жолсыз жерде жол іздей алатын 
ширақтығын көрсетеді. Баланың жеңілдің асты, ауырдың 
үстімен жүруге тырыспайтынына, қазірден бастап жүмыс 
істеуден қашпайтынына риза болдым.
О бастан математикаға жүйрік болғам. 2005 жылы бір 
қалтамда 500, екінші қалтамда 300 доллар, құлағымда на­
ушник, төсқалтамда CD плеер. Колледжде авторитет бар, 
алшаң басып жүрген кезім. ¥ Б Т алғаш шығып жатыр.
Бірде танысым келіп, маған айтты: “¥ Б Т деген жақсы 
тема, тест кітаптарын басып шығарса, демде өтіп кеткелі 
тұр” деді. Маған айтқан себебі, мамам ол кезде білім беру 
саласында істейді. “Мамаңмен сөйлесіп көр” деді. Бірден 
қызығып кеттім. “Мама, мен осылай бизнес жасайын” 
дедім. 67 мың теңге керек еді. Сұрап едім, бермеді. “Ба­
лам, мені мұндайға араластырма. Қызметімді, абыройым- 
ды ондай нәрсеге қолданбаймын” деді. “Жақсы”. Бардым 
да, буфеттегі әпкеден 100 доллар, өзім киінетін бутиктен 
200, тэрбиешіден жетпегенін алып, кітапты шығардым.
223


Он күнде 83 мың теңге пайда таптым. Ылғи кітап әкелетін 
болдым. Апталық табысым жүз мыңнан кем емес. Ол кезде 
көп ақша. Қазір мен туралы: “он тоғыз жасында алғашқы 
миллионын тапқан” деп жатады. Алғашқы миллион сол 
кезде табылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   220




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет