Ш 79 ш онбайҚ. Бкінші болма. Жеціске жетудің қазақша жолм. /Қ. Шонбай



Pdf көрінісі
бет94/220
Дата07.03.2022
өлшемі8,29 Mb.
#134598
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   220
Байланысты:
Екінші болма кітап

м е н і ң
 
о й ы м ш а

м ін с і з
 
а д а м
 
ж оқ. Сен де осы ойға 
өзіңізді көндір. Өзіңді қанша жақсы көріп, ең ақылды, 
бэрін білетін, кітап оқымай-ақ жетістікке жете алатын адам 
деп санап тұрсаң да, қиялыңнан түс жерге. Идеалды емес- 
сің. Мен үшін адамның ең ғажайып қасиеті, оның идеал- 
дылығы емес. Өзгеруге, өсуге, білім алуға эзірлігі. Қазір 
мінсіз болмаса да, келешекте мінсіздікке ұмтылатын, сол 
жолда көп оқуға, ізденуге дайын адаммен бағытымыз бір 
деп санаймын.
б р а й а н
 
т р е й с и
 
“Достижение максимума. 12 принци­
пов” деген кітабында мынандай ой айтады: “Зерттеулер- 
ге сенсек, ең табысты америкалықтар күніне екі-үш сағат 
оқиды. Кедей америкалықтар мүлде оқымайды. Мүмкін, 
барлық оқырмандар лидерлер емес шығар. Бірақ барлық 
лидерлер - оқырмандар”. Қарап отырсаңыз, лидерлікке же- 
телейтін қарапайым жол - кітап оқуды әдетке айналдыру.
Әдетке айналу үшін ол күнделікті оқылуы керек. Демек, 
күн тэртібінде кітап оқуға уақыт бөл. Уақыт қымбат, бірақ 
мақсатсыз өткен уақыттан гөрі оқумен өткен уақыт бағалы. 
Сонымен, кітап оқуға қанша уақыт болу керек? Ересек адам 
үшін орташа оқу жылдамдығы минутына 200-250 сөз, не- 
месе минутына екі бет. Егер бір аптада бір кітап оқу мін- 
дет болса, кітаптың көлеміне қарай, күніне 20-40 бет оқы- 
саң жеткілікті. Ал күніне жиырма бет дегенің, он-ақ минут. 
Қырық бет дегенің, жиырма минут. Өте баяу оқырмансың 
деген күннің өзінде, күніне жарты сағат жеткілікті. Ұйықтар 
алдында жарты сағат кітапқа көңіл бөлу қиын ба? Бастапқы 
күндері қиналарсың, ал эдетке айналған соң кітапқа қолың 
жүгіріп бара жатқанын өзің де байқамай қаласың.
118


ЕКІНШІ БОЛМА
Қазір мен жылына елу, алпыс кітап оқимын. Бұрын 
дебатқа қатысқанмын, облыстың чемпионы да болдым. 
I Іікірталастың бір кереметі, пікіріңді дәйектеуге үйретеді. 
Демек, неғұрлым көп оқуың керек. Содан қалған эдет те 
шығар, бірер жыл бұрын көбінесе эдебиет, тарих, теология 
і уралы көп ізденетінмін. Күндердің күні “осы мен не үшін 
кітап оқимын?” деген сүрақ туды. Сәл ойланып қарасам, 
жарыс үшін сияқты. Өйткені оқығаным, білімім басқалар- 
дан артық болу үшін, басқалардың аузын жабу үшін керек 
сияқты. Сол ойда өзімді үстап алдым. Стоп, Қуаныш. Одан 
кейін келесі кезеңге өттім.
ж ұ м ы с


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   220




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет