ЕКІНШ ІДЕН, Д ¥Р Ы С ТАМАҚТАНУ.
Бұл тақырыпта
мыңдаған кітап бар. Олардың бэрінің айтатыны бір нәрсе-
ге саяды. Қысқа қайыратын болсақ, қант пен тұзды азы-
рак пайдалану не түбігейлі бас тарту, суды мейлінше көп,
тэулігіне үш литрге дейін тұтыну. Консервіленген тамақтар
мен бояғыш, концентраттар қосылған жасанды өнімдерден
бас тарту, фастфудты тұтынбау. Табиғи өнімдерді рационға
көбірек енгізу, оның ішінде, әрине, жеміс-жидекке басым-
дық беру. Алкогольдің зияны туралы да диетологтардың
ойы бір жерден шығады. Ал етті шамадан тыс пайдалану
ағзаға артық жұмыс екенін естен шығарып алатын сияқты-
мыз. Жаһандық жылынуға қанша алаңдаулы болсақ та, қа-
заққа “еттен бас тарт” деп айтуға дэтім бармайды. Жақсы
жаңалық: ет жейтін болсаңыз, жылқының етіне басымдық
беріңіз. Онда холестерин өте аз, ол тез қорытылады, ал
қымыз тіпті қандагы холестериннің бэрін шайып шығады.
Баягыда қазақтың денсаулығы неге мықты болғанын осы-
дан-ақ түсіне беріңіз. Сондай-ақ отыз күн оразадан бөлек,
аптасына бір не айына бір рет ашыгып тұруды әдетке ай-
налдырсаңыз ұтылмайсыз. Төрт сағат сайын, аз порция-
лармен жеу керектігін еске салсам артық етпейтін секілді.
“Румиден” басқа жерде бітіре алмайтын тамағыңа тапсы-
рыс берме.
216
|