«неге біреудің уакытын бағаламайсың?», «ерте шықпадың
ба», «өзінше болып кетіпті» дегендей бұған да елу екі сын
тауып береді. Біреудің бойынан мін іздегенше, өзіңді түзет,
мінсіз нүсқаңа талпын. Өзгемен емес, өзіңмен жарыс!
«Versus» академиясында
талай дэріс өткізіп, кейстерді
қарастырдық. Бес жүз мың теңге алып (иә, бір адамнан,
демек оның ақшасы бар), он мың теңге алып та, тегін де
тренинг өткіздік. Үңіліп қарасақ, бэрінде мәселе бір - көп
адамда мақсат жоқ! Бірақ,
бұл қалыпты жағдай, себебі,
мақсатты айқындау - ол қиын нэрсе.
Бізде тағы жетістік жоқ! Қазіргі таңда барлығы да шет
тілдерін үйреніп жүр, заман талабына еліктейді. Курстарға
жазылдым, тіл үйреніп жүрмін ғой деп өзін алдайды, түбін-
де ештеңе шықпайды. Ал шын мәнінде, жүрттан қалмау
үшін емес, өзі үшін оқыса, IELTS, TOEFL дегендерден 7
балл алса, жылына үш мың сөз жаттаса, міне бүл -жетістік.
Тағы бір айтып өтетін мәселе - бізде мотивация жоқ.
Маған келетін адамдардың 80%-ның айтатыны «Қуаныш
аға, маған мотивация беріңізші». Келіп, гіалау сұраса берер
едім, ал
мотивация деген - кейде бар, кейде жоқ нәрсе.
Әр нәрсеге алдын ала дайындықпен келгенді жақсы
көремін. Сондықтан да, ақыл айтпастан бүрын, зерттеу
жүргіздім. Өзімнің Instagram-дағы @kuantr парақшамда
сауалнама өткіздім. «Армандарыңызға жетуге не кедергі?»
деген сүрақ қойдым оқырмандарыма. Енді, келген жауап-
тарға назар аударайық:
Ең көп таралған жауап — «Инстаграмдағы достарымы-
ның суретіне лайк басу». Шын,
қазіргі заманда ең қиын
кезең - ол жазғы және қысқы демалыс уақыты. Достарың-
ның барлығы қыста Тайландқа, ал жазда Түркияға дема-
луға кетеді. Сенің де баргың келеді-ақ, бірақ мүмкіндігің
24