ЕКІНШІ БОЛМА
Оның орнына еске түсіру әрекеті айтарлықтай тиімді
эрі пайдалы болғанын айта кеткен де жөн болар.
Ғылыми
мэтінді меңгеру тапсырылған студенттер қайталау емес,
еске түсірумен айналысқанда ғана жоғарғы нэтиже көрсе-
те алған.
Өлең жаттау мысалында қорытындылайтын болсақ,
ақпарат есте қалу үшін 10 рет қайта оқығанша, 1
рет оқып
еске түсіруге тырысқаннан ұтасың. Кітапты оқу барысын-
да бір тараудан кейін кітапты жауып қойып есіңе түсірсең,
не біреуге әңгімелеп айтып берсең оң эсерін ұлғайтасың.
Ал қолдана алсаң мүлдем естен шықпайтын болады. Тре-
нингке қатысқан күні үйге бара салысымен, басынан соңы-
на дейін есіңе түсіріп көрсең, тренингке кеткен ақшаңның
ақталары сөзсіз.
Джеффри мырза зерттеуінің ең қызығы - зерттеуге қа-
тысқан студенттердің таңдауы қайталау болғаны. Олардың
ойынша жаттаудың ең ыңғайлы жолы қайталау екен. Көріп
түрғандай, осындай жалған сенімдердің салдарынан білік-
тілік иллюзиясы кең тарап бара жатыр.
Google сынды сер-
вистер оған өз үлесін қосып та жатыр. Телефонный көме-
гімен кез келген ақпаратты оңай эрі тез (интернет болса
болтаны) табу мүмкіндігі “мен білемін” деген ұстанымды
сыйлайды екен.
Зерттеудің ашқан тағы бір жаңалығы -
жаңа материалды
көрнекі құралға, яғни диаграмма, интеллект карта айнал-
дыру немесе сурет ретінде салудың тиімділігі. Аталмыш
әрекеттер жаңа материалдың мида сақталуына жақсы эсер
етеді деген үмітпен практикаға кірісіп кетеміз. Алайда,
жаңа ақпараттар жұмыс жадында
болтан кезінде өзара
тытыз байланыс орнамаса, тиімділігі айтарлықтай болмай-
тыны анықталды. Ятни, жаңа материалды толық түсінбе-
105
сек жэне бұрынғы білгенмен байланыстыра алмасақ, ертең
қолдана алуымыз да екіталай. Жоғарыда келтірген қойма
мысалымен түсіндіретін болсам, жаңа ақпарат тиісті ор-
нында сақталмай, бір қуыста қалып қояды.
Ал еске түсіру дағдысын дамыту үшін, кілтті (өзекті)
идеяларды анықтауды не оның мэнін түсіндіруді меңгеру
керек. Бұл көбіне уақытпен
келетін дағды болып табыла-
ды. Сондықтан, басында болатын сәтсіздіктен қаймықпа.
Толық көрініс (Big Picture). Бүгінгі білім беру жүйесінің
негізгі кемшілігі қайталау арқылы жаттауға негізделуінде.
Мектеп оқушылары көптеген ақпаратты жадында сақтап
алған. Тіпті қатты қиналмай қайта шығара да алады. Бірак
бұл - уақытша қүбылыс. Ертең-ақ есте қалмайды.
Жұмыс жадындағы ақпаратты екі жол күтеді.
Біріншісі
- үзақ мерзімді жадтың бір бүрышында қалып қою, сәй-
кесінше оны ұмытып қалу. Екіншісі, ұзақ мерзімді жадтан
өз орнын табуы жэне керек кезде еске түсіре алу.
Осы екі
жад арасында үйлесім пайда болып ортак жұмыс болған-
да ғана біздің миымызда “толык көрініс” пайда болады.
Не керек екенін, не үшін жэне қалай керек екенін түсіне
бастаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: