сек жэне бұрынғы білгенмен байланыстыра алмасақ, ертең
қолдана алуымыз да екіталай. Жоғарыда келтірген қойма
мысалымен түсіндіретін болсам, жаңа ақпарат тиісті ор-
нында сақталмай, бір қуыста қалып қояды.
Ал еске түсіру дағдысын дамыту үшін, кілтті (өзекті)
идеяларды анықтауды не оның мэнін түсіндіруді меңгеру
керек. Бұл көбіне уақытпен келетін дағды болып табыла-
ды. Сондықтан, басында болатын сәтсіздіктен қаймықпа.
Толық көрініс (Big Picture). Бүгінгі білім беру жүйесінің
негізгі кемшілігі қайталау арқылы жаттауға негізделуінде.
Мектеп оқушылары көптеген ақпаратты жадында сақтап
алған. Тіпті қатты қиналмай қайта шығара да алады. Бірак
бұл - уақытша қүбылыс. Ертең-ақ есте қалмайды.
Жұмыс жадындағы ақпаратты екі жол күтеді. Біріншісі
- үзақ мерзімді жадтың бір бүрышында қалып қою, сәй-
кесінше оны ұмытып қалу. Екіншісі, ұзақ мерзімді жадтан
өз орнын табуы жэне керек кезде еске түсіре алу. Осы екі
жад арасында үйлесім пайда болып ортак жұмыс болған-
да ғана біздің миымызда “толык көрініс” пайда болады.
Не керек екенін, не үшін жэне қалай керек екенін түсіне
бастаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: